16 қазан күні сағат 10:00-де университетіміздің Акт залында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәрбие үдерісі мен пәннің мазмұнына ендіру» тақырыбында республикалық семинар өтеді. Семинар Гуманитарлы-педагогикалық факультеті мен «Педагогика және психология» кафедрасы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтымен бірлесіп өткізіледі.
Баршаңызды қатысуға шақырамыз!