2025 жылы 19 қарашада «Мирас» университетінде «Қылмыстық құқық – Конституция нормаларын жүзеге асырудың дербес саласы» тақырыбында пәндік олимпиада ұйымдастырылды.
Іс шараның мақсаты: студенттердің қылмыстық құқық саласындағы теориялық және практикалық дайындық деңгейін анықтау, олардың кәсіби құқықтық ойлауын дамыту, сондай-ақ Шымкент қаласының жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Қазылар алқасының құрамы:
Мелдебек Мадина Жаксылыккызы — Шымкент каласы Полиция департаментінің Ақпараттық саясат басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры;
Мейркулова Гульмира Даулетхановна — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті;
Тултабаев З.Ч. — з.ғ.к., аға оқытушы Ж. Ә. Тәшенов атындағы университеті;
Бекболат Қасым Ахметжанұлы — Шымкент қаласының адвокаттар алқасының адвокаты;
Серик Гулназ — магистр, аға оқытушы Мирас университеті.
Олимпиадаға 6 команда қатысты:
«AUEZ leaders» – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті;
«Ақиқат» – Ж. Ә. Тәшенов атындағы университет;
«АЙБЫН» – Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті;
«Дарынды жастар» – Орталық Азия Инновациялық университеті;
«Жеті Жарғы» – Шымкент университеті;
«Судья Х» – «Мирас» университеті.
Сайыс барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі құқықтық дайындықтары мен қылмыстық заңнама нормаларын терең меңгергендерін көрсетіп, бес кезеңнен тұратын конкурстық тапсырмаларды сәтті орындады.
Олимпиада нәтижелері:
I орын – «AUEZ leaders» командасы;
II орын – «Судья Х» командасы;
III орын – «АЙБЫН» командасы.
Жеңімпаздар мен қатысушылар «Мирас» университеті тарапынан дипломдар, сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
