Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Жас ғалымдар» кеңесінің 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, жастарды ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке ынталандыру мақсатында 2025 жылғы 25 қарашада «Білім алушылардың өңірлік STARTUP (Startup) жобалар байқауын ұйымдастыру» тақырыбында ғылыми-танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға «Жас ғалымдар» кеңесінің төрайымы, кеңес мүшелері, сондай-ақ университеттің білім алушылары белсенді қатысып, іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Байқау барысында қатысушылар өз жобаларын кәсіби әрі мазмұнды түрде қорғап, инновациялық идеяларын ұсынды.
Іс-шара барысында «Жас ғалымдар» кеңесінің төрайымы Ж.К. Максумова құттықтау сөз сөйлеп, жастардың ғылыми әлеуетін арттыру, оларды қолдау мен ынталандырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың, магистранттар мен докторанттардың инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін насихаттау, стартап мәдениетін дамыту, сондай-ақ коммерцияландыру әлеуеті жоғары жобалар мен тың идеяларды анықтау болып табылады.
Байқау барысында ғылыми ізденісімен және жаңашыл ойымен ерекшеленген қатысушылар қатарында OJB6138-22 тобының білім алушысы Қайырбек Нұрдаулет «Жасанды интеллект дизайн көмекшісі» тақырыбындағы ғылыми жобасын таныстырды. Жоба қазіргі заман талаптарына сай жасанды интеллект технологияларын дизайн саласында тиімді қолдану мүмкіндіктерін айқындап, тың шешімдер ұсынуымен ерекшеленді.
Сонымен қатар, OJB6138-22 тобының білім алушысы Мажит Сәуір «SMART ходунок» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғады. Аталған жоба мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инновациялық әрі әлеуметтік маңызы жоғары құрылғы ретінде ұсынылып, қатысушылар тарапынан оң бағаланды.
Өткізілген іс-шара жас ғалымдар мен білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға, инновациялық ойлау қабілетін дамытуға және стартап жобалар арқылы қоғамға пайдалы идеяларды іске асыруға зор мүмкіндік берді.
