2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Астана қаласында өткен ASTANA TECH CUP – 2026 республикалық технологиялық чемпионаты аясында Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті.
Чемпионат шеңберінде ұйымдастырылған Fibonacci Robot Olympiad робототехника жарысында қатысушылар келесі жүлделі орындарға ие болды:
🏆 Judge Awards
Lego Line Followers (Junior) санаты
RoboLine командасы
Мәжіт Нұрай және Бүркіт
🥇 I орын
Entrepreneurship Challenges (University) санаты
Cyber Bricks командасы
Қайырбек Нұрдәулет және Мәжіт Сәуірбай
Аталған жарыстар барысында университет студенттері сызық бойымен жүретін роботтар санаты бойынша бақ сынап, нәтижесінде Түркия еліне жолдама жеңіп алды.
ASTANA TECH CUP – 2026 чемпионаты Қазақстанның барлық өңірінен жиналған 2500-ге жуық мектеп оқушыларын, колледж және жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірді. Чемпионаттың басты мақсаты — жастардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ оларды робототехника, IT, технология және жаратылыстану ғылымдары салаларына кеңінен тарту.
Чемпионат жеңімпаздары халықаралық жарыстарға тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болады, оның ішінде:
Fibonacci International Robot Olympiad (Анталья, Түркия);
VEX IQ Robotics Competition (Сент-Луис, АҚШ);
DroneSoccer (Палм-Спрингс, АҚШ).
📍 Чемпионат Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өтті
(Сәтбаев көшесі, 2).
Аталған жетістіктерге студенттер мен Омар Нұрбек, Жидебаева Азиза және МАМИКОВ САТМУРЗА жетекшілігімен қол жеткізді.
