Университетімізде «Заң және тәртіп» бағыты аясында студент жастармен кездесу өтті.
Шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Ү.Қоңрат, полиция капитаны А.Кембелива, тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б.Садықов, оқытушы профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысып, бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады.
Жиында лудомания, суицидтің алдын алу, отбасыдағы зорлық-зомбылық мәселелері кеңінен қозғалып, олардың құқықтық және психологиялық қырлары түсіндірілді.
Мамандар нақты мысалдар арқылы жастарға заң алдындағы жауапкершілік пен өмірлік таңдаудың маңызын жеткізді.
Студенттер белсенділік танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі қанағаттанарлық жауап алды.
Ашық форматта өткен кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, психологиялық тұрғыдан берік болуға бағыт берді.
