«Адал азамат– кәсіби маман» атты тақырыпта бітіруші студенттермен кездесу

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры Р.А.Қуатбекова ашты.  Департамент басшысы Қ. Қадырбеков жастарға мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі туралы кеңінен түсіндіріп, Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі туралы, жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын үздік түлектер үшін мемлекеттік қызметке іріктеусіз кіру мүмкіндіктері туралы түсіндіріп өтті.. Білім алушылар үшін жұмысқа орналасу бойынша үлкен мүмкіндік

Өз кезегінде саясаттанушы С.А. Мажінбеков жас ұрпақ бойында адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, кәсіби біліктілік пен жоғары адамгершілік қасиеттердің мемлекеттік қызметте ерекше рөл атқаратынын жеткізді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде бойынша мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және талантты жастарды тарту мақсатында 4 курс білім алушыларымен кездесу өткізілді.

Кездесуге Департамент басшысы Қ.К.Қадырбеков, университет ректоры Р.Қуатбекова, саясаттанушы С.А. Мажинбеков  және университете 3 3-4 курс білім алушылары, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Кездесу барысында білім алушыларымыз өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар туралы жан-жақты ақпарат алды.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх