Практиканың ұйымдастыру(таныстыру) конференциясы

         2026 жылдың 6 наурызда сағат 10:00-да Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде педагогикалық білім беру бағдарламаларының 4 курс білім алушыларына өндірістік (педагогикалық) практиканың ұйымдастыру конференциясы болып өттіі. Оған ЖОО-ның декандары, профессор-оқытушылар құрамы мен 4 курс студенттері қатысты.     Конференция барысында студенттер өндірістік (педагогикалық) практика кезеңіндегі жоспарларына байланысты сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті жауаптарды алды.

Іс-шара аясында практиканың мақсаты мен міндеттері, оны өткізу тәртібі, есептік құжаттарға қойылатын талаптар және оқу процесін ұйымдастыру мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, практиканы ұйымдастыру ерекшеліктеріне, күнделік пен есептік құжаттарды рәсімдеу талаптарына, мемлекеттік мекемелерде практикадан өту тәртібіне, сондай-ақ университет пен қабылдаушы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен бірге, кәсіби бағдар жұмысын тиімді жүргізу үшін, университет баспасөз хатшысы -университет туралы ақпаратпен бөлісіп, білім алушыларға үн парақшаларды бөліп берді.

Аталған таныстыру конференциясы студенттердің өндірістік практиканы белгіленген талаптарға сай сапалы өтуіне және оны сәтті аяқтауына мүмкіндік берді.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх