2026 жылдың 11 ақпан күні Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті базасында «Таза сессия» тақырыбында 1–4 курс білім алушылары арасында сауалнама жүргізілді. Аталған сауалнама білім алушылардың академиялық адалдық қағидаларына деген көзқарасын анықтау, емтихан сессиясы кезеңінде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты пікірлерін білу мақсатында ұйымдастырылды.
Сауалнамаға университеттің әртүрлі факультеттері мен білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 1–4 курс студенттері қатысты. Қатысушыларға академиялық адалдық, емтихан тапсыру барысында адалдықты сақтау, көшіру мен басқа да академиялық құқықбұзушылықтарға қатысты көзқарастары туралы сұрақтар ұсынылды. Сонымен қатар студенттердің сессияны әділ өткізуге байланысты ұсыныстары мен пікірлері де ескерілді.
Зерттеу барысында білім алушылардың басым бөлігі академиялық адалдық қағидаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Студенттер емтихан кезінде әділдік пен ашықтықтың сақталуы білім сапасының артуына және білім алушылардың өз мүмкіндіктерін әділ көрсетуіне мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ көптеген студенттер «таза сессия» өткізу бастамасын қолдайтынын және оқу орнында академиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды екенін білдірді.
Сауалнама нәтижелері білім алушылар арасында академиялық адалдық құндылықтарын нығайту, емтихан сессиясын әділ әрі ашық өткізу бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың қажеттілігін көрсетті. Бұл бастама университет қабырғасында адал білім алуды насихаттауға, студенттердің жауапкершілігін арттыруға және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
