ГРАН-ПРИДЕГІ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС!

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Алмат Әділет дзюдодан ересектер арасында өткен Гран-при халықаралық турнирінде үлкен жетістікке қол жеткізді. 2026 жылдың 6–8 наурыз күндері Австрия мемлекетінің Линц қаласында өткен Grand Prix Upper Austria 2026 халықаралық турнирінде 81 кг салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алып, жарыстың жеңімпазы атанды. Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Әзірбайжан мемлекетінің дзюдошысы Vusal Galandarzade-мен татамиде күш сынасып, қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Айта кету керек, бұл Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жалғыз алтын медаль дәл осы Алмат Әділетке тиесілі болды. Бұл жеңіс спортшыға 2028 жылы АҚШ-та өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу жолындағы маңызды ұпайларды жинауға мүмкіндік беріп, оны Олимпиадаға басты үміткер спортшылардың қатарына қосты. Алдағы 2028 Summer Olympics додасында еліміздің намысын абыроймен қорғайтын спортшылардың бірі болады деген сенім зор. Университет ұжымы Алмат Әділетті халықаралық деңгейдегі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен биік белестер тілейді!

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх