2026 жылдың 11 наурызында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қоқан мемлекеттік университетінің оқытушылары Кадирова Дилдора Нажатбековна мен Муминова Гуласал Бахадировна «Педагогика және психология» кафедрасының 6В01310 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2–3 курс білім алушыларына «STEAM-технологии в образовании» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында STEAM технологиясын оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдары, білім алушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытудағы маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар жобалық және тәжірибелік жұмыстар арқылы оқытудың артықшылықтары туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.
Іс-шара барысында білім алушылар заманауи білім беру технологиялары, STEAM бағытындағы оқыту әдістері және халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды.
Өткізілген дәріс студенттер үшін мазмұнды әрі пайдалы болып, олардың кәсіби және академиялық дамуына оң ықпал етті.
