Астана қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция капитаны жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесі бойынша студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге Астана қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің рота командирінің орынбасары, полиция капитаны Муталхан Ауелхан Ибадуллаұлы, сондай-ақ университетіміздің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б. Садықов, түлектерді жұмыспен қамту және практика бөлімінің меңгерушісі А. А. Шалкеева декандар және 4 курс білім алушылары қатысты.
Іс-шара барысында полиция капитаны А.Муталхан патрульдік полиция қызметінің ерекшеліктері, қызметке қабылдау талаптары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары жан-жақты жауап беріп, ашық форматта пікір алмасу өтті.
Кездесу жастарды жұмыспен қамтуға, құқық қорғау саласына қызығушылықты арттыруға және кәсіби бағдар беруге бағытталған маңызды іс-шара болды.
Сондай-ақ, полиция мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері мен жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға ерекше назар аударылды.Мұндай кездесулер университет пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің құқықтық механизмдер бойынша практикалық түсініктерін қалыптастырып, болашақ мамандыққа қызығушылығын арттырады.
