2026 жылғы 18 наурызда Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3- курс білім алушыларының педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өтті. Аталған іс-шараға факультет деканы З.Қ.Илесов, ТЖҚ және практика бөлім меңгерушісі А.А.Шалкеева, комиссия мүшелері, кафедра меңгерушілері, практика жетекшілері қатысты. Конференция барысында білім алушылар практика кезінде қолданған көрнекі құралдарын, әдістемелік материалдарын ұсынып,атқарылған жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар, әр мектеп бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бейнероликтер арқылы таныстырылып, қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті.
Талқылау барысында комиссия мүшелері мен әдіскерлер есептік құжаттамаларды қабылдап, педагогикалық практиканың қорытындысын жасады. Практика жетекшілері, педагогтар және психологтар студенттердің кәсіби іс-әрекеттерін талдап, тиісті бағаларын берді.
Практика базаларындағы жетекші мамандар мен білім беру бағдарламасының комиссия мүшелері бірлесе отырып қорытынды бағаларды бекітті. Конференция соңында комиссия мүшелері мен жұмыс берушілер студенттерге ізгі тілектерін білдіріп, олардың болашақта білікті әрі жаңашыл маман болатынына сенім білдірді.
