2026 жылғы 12–13 наурыз күндері Ғылыми-техникалық кеңестің отырысында 8D01110 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанттарының 2025–2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жеке жұмыс жоспарларының орындалуы туралы есептері тыңдалды.

Іс-шара барысында докторанттар өздерінің ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі нәтижелері, ғылыми жарияланымдары, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуы, сондай-ақ жеке жұмыс жоспарларының орындалу деңгейі туралы жан-жақты баяндама жасады.

Баяндамаларда зерттеу тақырыптарының өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы атап өтіліп, докторанттардың ғылыми белсенділігі мен зерттеу жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп отырғаны айқындалды.

Сонымен қатар, ғылыми жетекшілер тарапынан докторанттардың жұмыстарына қатысты тиісті ұсыныстар беріліп, алдағы ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіруге бағытталған нақты бағыт-бағдарлар ұсынылды.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх