Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан Алғыс хат академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің гуманитарлық-педагогикалық факультетінің 171-25 тобының білім алушысы Әбдіқайыр Ұлдана Жандосқызына табысталды.
Алғыс хатта оның Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын сапалы әзірлеуге, сондай-ақ оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан ерекше үлесі атап өтілген.
Әбдіқайыр Ұлдана Жандосқызы өзінің берік азаматтық ұстанымының арқасында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған игі бастамаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосты.
Мемлекет басшысы ел болашағы үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
