Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы 45 жылдық мерейтойын атап өту аясында Қазақстан Республикасы Жоғары білім министрлігінің «Сәулет-құрылыс» білім беру бағдарламасы мен «Өңірлік басқару жүйесін жобалау» секциясы бойынша маңызды ғылыми-тәжірибелік жиын өткен болатын.
Аталған іс-шараға Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті атынан магистр, аға оқытушылар Қ. Сейітқасымұлы, З. Қ. Мыралбаева және А. М. Сатымбекова қатысып, кәсіби пікір алмасуға белсенді түрде атсалысты. Қатысушылар саладағы өзекті мәселелерді талқылап, заманауи білім беру мен жобалау тәжірибелері бойынша тәжірибе алмасты.
Бүгін академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университенінің профессор — оқытушылар құрамына нақ осы жиын қорытындысы ретінде «Жасанды интеллект және цифрлық білім беру ортасы: құрылысшылар, сәулетшілер мен дизайнерлерді даярлау мүмкіндіктері» тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырылды. Семинарды магистр, аға оқытушылар З.Қ. Мыралбаева мен А.М. Сатымбекова жүргізіп, онда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдары кеңінен қарастырылды.
Іс-шара барысында құрылыс және сәулет саласына қажетті мамандарды даярлауда инновациялық тәсілдерді қолдану, цифрлық құзыреттерді дамыту және білім беру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл шара сала мамандары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң ретінде өз маңыздылығын көрсетті.
