*Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде маңызды кездесу өтті*

2026 жылғы 20 сәуір күні Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ғимаратында Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетовпен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара университет ұжымы мен студент жастардың қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және білім алушылары белсенді түрде қатысып, жиын еркін форматта (standing meeting) ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде ашық пікір алмасуға, қатысушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне қолайлы жағдай қалыптастырды.

Іс-шара барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы, Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің ерекшеліктері, сондай-ақ елдегі қоғамдық-саяси үдерістердің даму бағыттары кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасып, бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Кездесу аясында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, студенттер мен оқытушылар тарапынан қойылған сауалдарға Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді. Бұл жастар мен билік өкілдері арасындағы өзара сенімді нығайтып, ашық диалог мәдениетін дамытуға ықпал етті.

Сонымен қатар, жиын барысында жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, азаматтық ұстанымды қалыптастыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесі мәселелері де қозғалды. Университет басшылығы мұндай кездесулердің студенттердің саяси сауаттылығын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Аталған іс-шара мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, қатысушылар үшін тиімді пікір алмасу алаңына айналды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх