Жарысқа еліміздің әр өңірінен үздік командалар қатысып, тартысты ойындар өрбіді. Турнир барысында университет құрамасы ұйымшылдық пен жоғары шеберліктің үлгісін көрсетіп, финалға дейін жетіп, жүлделі орыннан көрінді.
Бұл жетістік студент спортшылардың табандылығы мен жаттықтырушылардың кәсіби еңбегінің нәтижесі болып табылады. Команда мүшелері оқу орнының абыройын асқақтатып, университет спортының дамуына өз үлестерін қосуда.
Аталған жеңіс – жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын көрінісі.
