Халықаралық ғылыми байқауда жүлделі орын

2026 жылдың 16–17 сәуір аралығында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ұйымдастыруымен өткен инженерлік профиль бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық байқауында университетіміздің білім алушысы жүлделі орынға ие болды.

Аталған байқауда 6В07110 – Электр энергетикасы білім беру бағдарламасы, JB711-25 тобының студенті Дарханбай Алтынбек «Электротехника және энергетикалық қорлар» бағыты аясында «Ілеспе мұнай газын мембраналық қондырғы арқылы тазарту» тақырыбындағы ғылыми жобасын сәтті қорғап, II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ғылыми жетекшілері – Ильясова Қ.У. және Ахмедов Ж.А.

Ғылыми жобада табиғи ресурстарды тиімді пайдалану энергетика саласының негізгі бағыттарының бірі екендігі атап өтіліп, ілеспе мұнай газын зиянды қоспалардан тазарту жолдары жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, мембраналық қондырғыларды қолдану арқылы тазартылған газды ЖЭО-3 және мұнай өңдеу зауыттарында технологиялық отын ретінде пайдалану мүмкіндіктері ғылыми тұрғыда негізделген.

Бұл жетістік – білім алушының ғылыми әлеуеті мен жетекшілерінің кәсіби біліктілігінің айқын көрінісі.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх