Бүгін яғни, 21 сәуір күні академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды семинар өтті

Іс-шара 6В07110 – «Электроэнергетика» және 6В62110 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламалары бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын жаңартуға арналды.

Семинарға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және сала өкілдері мен жұмыс берушілер қатысты. Атап айтқанда, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мен «Freedom Telecom Operations» ЖШС мамандары білім беру мазмұнын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Алдымен кафедра меңгерушісі білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында білім беру бағдарламаларын заманауи индустрия талаптарына сәйкестендіру, оқу жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, студенттердің практикалық дағдыларын дамыту және кәсіби тәжірибесін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер тарапынан түлектерге қойылатын негізгі талаптар мен қажетті құзыреттіліктер айқындалды.

Семинар аясында қатысушылар көрсетілген презентацидан оқу зертханаларымен танысып, «Электроэнергетика» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағаларын берді.

Іс-шара қорытындысында тараптар білім беру бағдарламаларын жетілдіруде жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескеру, дуалды оқыту жүйесін дамыту, студенттердің өндірістік тәжірибесін күшейту және түлектердің жұмысқа орналасуына қолдау көрсету бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге келді. Сонымен қатар, алдағы уақытта білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтер аясындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарланды.

Аталған кездесу оқу процесін өндіріс талаптарымен ұштастыруға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға және университет пен жұмыс берушілер арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға негіз болды. Соңынан жұмыс берушілерді Алғыс хаттармен марапаттады.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх