Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының университетішілік кезеңі қорытындыланды. Аталған кезең аясында білім алушылар өздерінің ғылыми жобаларын ұсынып, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін көпшілік назарына таныстырды.
Байқау барысында жас ғалымдардың ғылыми ізденісі, тақырыптардың өзектілігі, зерттеу әдістерінің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы жан-жақты бағаланды. Қорытынды нәтижелер бойынша үздік деп танылған жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Сонымен қатар, білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік жасап, олардың ғылыми әлеуетін дамытуға үлес қосқан университеттің бірқатар профессор-оқытушылар құрамына ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді араласқаны үшін алғыс хаттар табысталды.
Аталған іс-шара білім алушылардың ғылыми белсенділігін арттыруға, зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және жас ғалымдарды қолдауға бағытталған маңызды алаң болып табылады.
Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының университетішілік кезеңі қорытындысы бойынша жеңімпаз студенттердің жұмыстары Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ/МҒЗЖ) байқауының II кезеңіне қатысу үшін жіберілді.
