Бүгін Филология кафедрасының ұйымдастыруымен білім мен ғылымның өзекті бағыттарын тоғыстырған маңызды семинар өтті. Заманауи білім беру үдерісіндегі цифрландыру мүмкіндіктері, тәжірибе мен теорияның сабақтастығы, білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.
Филология кафедрасы мен жұмыс берушілер арасындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен білім алушылардың практика барысындағы жұмыстарын жандандыру бойынша «Цифрлық трансформация – білім мен ғылымның жаңа серпіні» атты семинар өтті.
Іс-шараға Мамыт Амангелді Алтыбайұлы – Ж.Тәшенов атындағы университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., Мусабаев Руслан Сапаралиевич – Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Мыңбаева Үрзия Ізбасарқызы – Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары, Аширов Мухан Зулпидинович – Отырар колледжінің тәрбие бөлімінің басшысы, Мирзахмедов Аскар Алибекович – Abylaikhan innovative school директоры, Мырзадаулет Гүлнұр Хабибуллақызы – Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында цифрлық трансформацияның білім мен ғылымдағы рөлі, болашақ мамандар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктер, жұмыс берушілермен өзара байланыс пен тәжірибе алмасудың маңыздылығы сөз болды.
🌿 Осындай тағылымды кездесулер білім сапасын арттырып қана қоймай, болашақ мамандардың кәсіби дамуына тың серпін беретіні анық. Филология кафедрасы мен серіктестер арасындағы бұл байланыс алдағы уақытта да жемісті жобалар мен игі бастамалардың негізі болмақ.
