Ғылыми зерттеулерге жаңа қадам

Ағымдағы 2023 жылдың 06 желтоқсан күні Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор т.ғ.д. профессор Т.Раимбердиевтің басшылығымен, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен біліктілікті арттыру бөлімдерінің меңгерушілері және ақпараттық білім орталығының маманының қатысуымен «Педагогика және психология» кафедрасында «Ғылыми зерттеулерге жаңа қадам» тақырыбында кең ауқымды семинар өтті. Семинарда жас ғалымдарды 2023-2025 ж.ж. арналған гранттық жобаға тартып қана қоймай, оны іске асыру қажеттілігін, сонымен қатар оқытушы профессор құрамы мен магистранттардың  Scopus базаға тіркелуі, мақалалар жариялауы және білім беру бағдарламаларын жаңартудағы ғылыми-инновациялық ұсыныстарын беру, біліктілікті шетелден тағылымдамадан өту арқылы арттыру туралы өзекті ақпараттар айтылды.

Scroll to Top
Scroll to Top