Жоғары білім берудегі цифрлық интеграция

2024 жылы 31 қаңтарда академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің цифрландыру жөніндегі проректоры М.К. Есенов онлайн-семинарда “Жоғары білім берудегі цифрлық интеграция” тақырыбында баяндама жасады. Онлайн-семинарды ұйымдастырушылар – Shymkent IT-Hub.

Семинарға Astana Hub: Shymkent IT-Hub өңірлік өкілі Ақнұр Пралиева, “Информатика және математика” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және IT-студенттері, Шымкент қаласының бейінді лицейлері мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Мақсат Есенов онлайн-семинарда жоғары білім берудегі цифрлық интеграцияның маңыздылығы туралы айтып, академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіндегі жұмысының мысалында цифрлық интеграция мен трансформация тетіктерін көрсетті.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде оқу, ғылыми, стратегиялық және тәрбие қызметін цифрлық үйлестіруді күшейту мақсатында мемлекеттік цифрландыру реформаларына сүйене отырып, заманауи технологияларды қолдана отырып, университеттің бизнес-процестерін оңтайландыру бойынша жұмыстарды бастайтын және жүзеге асыратын Цифрлық трансформация және технологиялар трансферті департаменті табысты жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн. Цифрлық  трансформация және технологиялар трансферті департаменті университеттің әртүрлі құрылымдары арасындағы IT-хаб болып табылады. Департамент жанында Е-Tech Hub (инженерлік-технологиялық хаб) табысты жұмыс істейді, ол қазір идеяларды жинақтайды және байланыстарды жолға қою және нығайту бойынша іскерлік қызмет жүргізеді.

Scroll to Top
Scroll to Top