Атақты математиктің мерейтойы тойланды

Ағымдағы жылдың 10-11 қазан күндері  Бұхара мемлекеттік университетенінің ұйымдастыруымен  Өзбекстан  ҒА В.И. Романовский атындағы Математика институты Бухара бөлімшесінің меңгерушісі          ф-м.ғ.д., профессор Д.К.Дурдиевтің 60 жылдық мерейтойына арналған «Математическая физика и смежные вопросы современного анализа» атты Халықаралық ғылыми конференция болып өтті.

Аталған конференцияда бірнеше елдердің атақты математиктері бас қосты. Атап айтқанда Ресей, Түркия, БАӘ, Әзірбайжан, Қырғызстан, Израил, Иран және Қазақстан елдерінің математиктері өздерінің ғылыми баяндамаларын жасады. Осы жиында біздің оқу орнымыздың профессор оқытушылары М.И. Ақылбаев пен Ә.Т. Рысбақов та қатысып, баяндамаларын жасағандығын атап өткеніміз жөн.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх