Семинарға университеттің Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, т.ғ.к., профессор Т. Райымбердиев, кафедра ғалымдары – т.ғ.д., профессор Х. Нигматов, ф.-м.ғ.к., доцент Н. Алымов, т.ғ.к., доцент Н. Нурумбетов, т.ғ.к., доцент К. Абдираманова, сондай-ақ кафедраның жоғары санатты магистр-оқытушылары мен білім алушылар қатысты.
Семинар барысында жасанды интеллектінің (ЖИ) қоғамға пайдасы мен ықтимал зияны туралы жан-жақты мәліметтер берілді. “Электроэнергетика” және “РЭТ” білім беру бағдарламаларының студенттеріне ЖИ-дің көлік саласында, ауыл шаруашылығында және энергетикада энергия тұтынуды азайтудағы мүмкіндіктері, сондай-ақ деректермен тиімді жұмыс істеу жолдары кеңінен түсіндірілді.
Университеттің Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры Т. Райымбердиев, кафедра доценті Н. Алымов және кафедра магистрі Э. Нарходжаев ЖИ-дің қоғамға әсері, оның артықшылықтары мен тәуекелдері жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.
Кафедра ұжымы үнемі ғылыми ізденіс үстінде. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды, тартымды пікірталас форматындағы семинарларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
