Бүгін, 20 ақпанда Ташкент мемлекеттік медициналық университеті базасында профессор Эргаш Гозиев арналған «Медико-психологиялық денсаулық және салауатты өмір салты мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция университет қабырғасында офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды. Іс-шараға медицина, психология, қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік жұмыс салаларының ғалымдары, зерттеушілері, магистранттары, докторанттары мен студенттері қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты – ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамыту және психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдардың ғылыми мұрасын насихаттау болды.
Аталған конференцияға Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті ректоры, м.ғ.д., профессор Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы онлайн форматта қатысып, «Медико-психологиялық денсаулық және салауатты өмір салты мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, университеттің “Химия және биология” кафедрасының оқытушысы, х.ғ.к. Ботиров Бобир Мехманович те баяндама оқыды.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа серпін берді.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх