Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мен Бұхара инновациялық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Іс-шара аясында Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы және Бұхара инновациялық университетінің ректоры Рузиева Дилноз Исомжоновна кездесті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастықты дамыту, академиялық алмасу, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Университет ректоры Рабиға Әбдімұсақызы университеттің қызметі мен жетістіктерін таныстырып, халықаралық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді енгізу , академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бірлескен жұмыстар жүргізу туралы келісімге келіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл өзара іс-қимыл университеттер арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестіктің негізіне айналады.
