Астана қаласында өткен Халықаралық Үздік Студенттер форумы – білім мен көшбасшылықтың тоғысқан маңызды алаңы болды.

Астана қаласында өткен Халықаралық Үздік Студенттер форумы – білім мен көшбасшылықтың тоғысқан маңызды алаңы болды. Бұл ауқымды іс-шараға елдің және халықаралық деңгейдегі ең белсенді, талантты жастары қатысып, өз жетістіктері мен бастамаларын паш етті.

Аталған форумда ерекше көзге түскендердің бірі – Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің Музыкалық білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Ирисмат Шохбек Алишерұлы. Ол тек білім жолында ғана емес, қоғамдық қызметте де белсенділігімен танылып жүрген дарынды жас.

Форум барысында Ирисмат Шохбек Алишерұлы мазмұнды баяндама жасап, заманауи студенттің рөлі, мәдениетаралық байланыс және жастардың дамуы туралы өзекті ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы өзбек этномәдени бірлестіктері “Дустлик” қауымдастығы жанындағы “Студенттер Альянсы” төрағасы ретінде де өзін таныстырып, ұйымның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Жас көшбасшының еңбегі жоғары бағаланып, форум қорытындысы бойынша “Орта Азияның Ең Үздік Студенті” атағына ие болды. Ол арнайы медальмен және I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ирисмат Шохбек Алишерұлының бұл жетістігі – тек жеке жеңіс қана емес, білім мен табандылықтың, белсенділік пен көшбасшылықтың жарқын үлгісі. Оның жетістігі жас ұрпаққа шабыт беріп, болашақта жаңа биіктерді бағындыруға жол ашары сөзсіз.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх