«Web-quest» технологиясы бойынша семинар өтті

Педагогика және психология кафедрасында заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу мақсатында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Л.Т. Искакова және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинар барысында Қоқан мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының доценті Иулдошев Уткир Жұмақұзұлы «Web-quest» технологиясын білім беру үдерісінде тиімді қолдану тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде цифрлық білім беру технологияларының ерекшеліктеріне тоқталып, «Web-quest» әдісінің мазмұны мен құрылымын, оны оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын жан-жақты түсіндірді.

Сонымен қатар, қатысушыларға аталған технологияның білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы, өздігінен іздену дағдыларын қалыптастырудағы маңызы кеңінен таныстырылды.

Семинардың практикалық бөлімінде оқытушылар «Web-quest» тапсырмаларын құрастыру, оларды сабақ барысында тиімді қолдану және бағалау критерийлерін әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, әдістемелік ұсыныстарымен бөлісті.

Іс-шара соңында семинардың өзектілігі атап өтіліп, осындай тәжірибе алмасу алаңдарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.

ru_RURussian
Прокрутить вверх
Пролистать наверх