Тарих–география білім беру бағдарламасының жаңа пәндік жүйелері талқыланды
2026–2027 оқу жылына арналған «Тарих–география» білім беру бағдарламасының пәндік жүйелерін бекіту мақсатында 10.04.2026ж күні сағ 11.00 де жұмыс беруші мекемелердің қатысуымен дөңгелек үстел форматында сұхбат ұйымдастырылды.
Іс-шараға №69 жалпы орта мектебінің директоры, Карибаева Бағила Нарбекқызы және тарих пән мұғалімі Байтұрғанов Майра, INTELLECT» физика – математикалық лицейінің директоры Худайбергенов Ерлан Джумагалиевич, Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Арынбаева Ақбота Жанайдаровна, №58 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Айтбаева Алтынай Қуанышқызы,, №150 келешек мектебінің директоры,, Жиенова Шадия Касымовна және осы мекемелерінің георафия, тарих пән мұғалімдері қатысты.
Кездесудегі мақсат білім беру бағдарламаларын жаңарту және оларды еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру болатын. Іс-шара барысында білім беру бағдарламаларының мазмұнына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Қатысушылар заманауи кәсіби дағдыларды дамыту, практикалық дайындықты күшейту және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесу нәтижесінде жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған пікірлер оқу бағдарламаларын жетілдіруде ескерілетін болады.
Қосымша ұсынылған пәндік жүйелер алдағы бір апта ішінде мамандар арасында қайта талқыланып, толықтырулар енгізілетіні атап өтілді. Жұмыс берушілер білім беру мазмұнын жаңарту бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, түлектердің кәсіби дайындығын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдады.Аталған жиын Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мәжіліс залында өтті. Іс-шараға университеттің бірінші проректоры, декандар, кафедра меңгерушілері, жұмыс беруші мектептердің басшылары және практика бөлімінің меңгерушісі А. Шалкеева қатысты.
