Медпункт

Бөлім жаңалықтары

Тұмаудан сақтаңыздар!!!

Профилактикалық іс шара жаңа оқу жылына.

2023-2024 оқу жылының басталуына байланысты  профессор оқытушылар мен қызметкелер және студенттерді   флюрографияға түсірілді.

Студенттер арасында  арасында туберкулездің  кең таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шара жүргізілді. Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық  фтизопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу  құқындағы мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорнынан  жылыжымалы сандық флюромобиль қондырғысымен  шақырылып,  келісім шартқа отырылды. Онда фтизиатор мамандар барлығын толық флюрографияға түсірілді.

«Алдын ала  міндетті медициналық тексерулерден өткізу»  талабына сай  туберкулезді ерте анықтау , болдырмау мақсатында жыл сайын  әрбір  адам флюрографиялық тексеруден өтуге міндетті. Туберкулез қалай байқалады және оның алғашқы белгілірі мен  одан айығуды жақсартуы туралы айтылды. Әрбір студент өздерінің  тіркелген емханаларында флюрографияға түсіп, әрі қарай тексерулеріне құқылы.


15 қыркүйектен бастап емханаларға тіркеу науханы жүруде.     

 «Академик А.Қуатбеков атындағы   Халықтар Достығы университеті» мекемесінің студенттері білікті медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында өз келісімдері бойынша  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 13.11.2020 жылғы №194«Медициналық -санитариялық  алғашқы көмек ұйымдарына бекіту  қағидаларын   бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес  университетінде  оқитын  1-4 курс студенттері   келісім-шарт бойынша   өз еріктерімен төмендегі медициналық орталыққа  тіркелуде.

Бірінші курс студенттері   ЖШС «Kuandyk-R» медициналық орталық мекен жайы:Диваева 47; екінші  курс студенттері    ЖШС «Алфа Мед» медициналық орталыққа,  мекен жайы: Тауке хан 146.  Үшінші курс студенттері   ЖШС «№14 Емдеу орталығы»медициналық орталыққа, мекен жайы:Аймауытова 122, төртінші  курс студенттері  ЖШС «ЕР-АНА» медициналық орталық мекен жайы: Ақпан батыр 108.


Нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және жастарды спортқа баулу!

Университетімізде студенттер  арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдыналу  және жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандпардың  қатысуымен   кездесу өтті.

Мұнда Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі  басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Қалмурзаева Айжарқын,  полиция департаменті  тарапынан Есірткі қызметіне қарсы іс-қимыл басқармасының  жедел уәкілі полиция полковнигі Сембаев Нұрлан ,  ШЖҚ  Психикалық денсаулық орталығының  нарколог психиатр дәрігері Раушан Асанова және №3 жоғары спорт шеберлігі  мектебінің спортшысы , Грепплингтер  әлем чемпионы Абызов Бағдаулет  және Шыңғысбек Бейбарыс  өздерінің сұқбаттарын жүргізді. Сонымен қатар ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира  студенттерге АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеп-қарау және консультация жүргізілді.

Аталмыш іс шараның мақсаты – АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Шара барысында студенттерге АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия медициналық зерттеу алынып кеңес берілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау орталығынан маман Айжан өз үлесін қосты.


Тұмау – жұқпалы ауру. Ол вирустармен қоздырылады, ағзаға ауа арқылы таралады, яғни мұрын және ауыз қуысы арқылы. Әдетте тұмаумен ауырған адамда дене қызуы өте ыстық болады, балаларда сіңірі тартылады. Тұмау індеті кезінде қоршаған ортаға ауру жұқтырмау үшін үйде қалу және дер кезінде емделумен айналысу үшін дәрігерге дереу қаралу қажет. Тұмауда өзін- өзі емдеуге болмайды. Дәрігердің өзі Сіздің жағдайыңыз бен жасыңызға сәйкес  диагноз қойып, қажетті емді белгілеуі қажет. Сұйықты көбірек ішу қажет, оларға: ыстық шай, мүкжидек немесе ит бүлдірген морстары, сілтілік минералды сулар жатады. Тамаққа құрамында С дәрумені бар (мүкжидек, ит бүлдірген, лимон және т.б.) өнімдерді  қолданыңыздар, сондай- ақ сарымсақ , жуа қосыңыздар.
Тұмаудың белгілері біліне бастағанда жұмысқа, оқу орындарына барудың қажеті жоқ, науқас баланы балабақша, мектеп, мәдени- көпшілік іс- шараларға жібермеңіздер. Егер Сіз тұмау немесе ЖРВИ- мен ауырған болсаңыз барлық ауырған кезеңде және ауру белгілерін шешкеннен кейін 24 сағат бойы үйде қалыңыз. Барынша басқа отбасы мүшелеріне жақындамауға тырысыңыз.  Бұл Сіз басқа адамдарға жұқтырмау және одан әрі вирусты жұқпаны таратпау үшін қажет.
Жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды бір рет пайдалантын қағаз Қолды жиі сабындап жуу керек, әсіресе жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды жапқаннан кейін. Сондай- ақ қолды тазарту үшін құрамында спирті бар тері антисептигі тиімді. Көзге, мұрынға,  ауызға қолды жиі тигізуге тырысыңыз.
Жұқпалардың таратылуының алдын алу үшін, науқас адамды дені сау адамнан жеке бөлмеге оқшаулау керек (жеке бөлме бөлу қажет). Мүмкін болғанша науқас адаммен араласуды шектеу керек. Науқас жатқан бөлмені жиі желдетіп, күнделікті дезинфекциялау құралдарымен еденді сүртіп тазартқан жөн.
Тұмаумен ауырған науқас адамды күтуші және қарым-қатынаста болатын тұлғалар медициналық бетперде (дәке танғыш) киюі керек, оны 3-4 сағат сайын айырбастау қажет.
Отбасында немесе жұмыс ұжымында тұмаумен ауырғандар пайда болған жағдайда, тұмау аурушаңдығының алдын алу мақсатында (қарсы көрсетімдерді есепке алу және препаратты қолдану бойынша нұсқауға сәйкес)  вирусқа қарсы препараттарды қабылдауды бастауға ұсынылады (тамифлю, ингавирин, осколин май).
ЕСТЕ  САҚТАҢЫЗ! 

Тұмаумен ауырғанда жатып емделу қажет;
Дәрігерге дер кезінде қаралып, ерте емделе бастағанда (бірінші ауырған 48 сағатта)  тұмаудан кейінгі асқыну қауіпі төмендейді және өміріңізді сақтап қаласыз.


Қызылша – қауіпті инфекция!

Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. ДДҰ-ы қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр. Бұл Қазақстан аумағына осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қәуіпі арттырады.

Біздің университетімізде барлық жағдай жасалынуда. Студенттеріміздің егу нысандары тексеріліп, оладың уақытында  қызылшаға қарсы екпесі бар екендігі белгілі.  Антисептикалық құралдарамен қамтылып, кіре берістерде дене қызыуы өлшенуде. Күніне екі рет ылғалды  дезинфекциялық ертінділермен едендер, есіктердің тұтқалары сүртілуде.

Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын-

жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады.

Қызылша кезінде кейіннен бір біріне бірігетін, қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпелер шығады.

 Инфекция көзі – науқас адам. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, сілемей тамшылары арқылы, түшкірген кезде, сөйлеген кезде таралады.

Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағылар үшін 7-10 күн ішінде қауіпті болып табылады.

Қызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады.

Аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы -Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады.

Қызылшаның алдын алу.

Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелігіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі.  Сондай-ақ қызылшамен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтері жоқ 18-35 жастағы ересектер егіледі (иммундау егулер арасындағы кемінде 3 ай аралықпен екі рет жүргізіледі).   Қызылша ауруының алдын алу — уақытылы егу жұмыстарын жүр-гізу, үйде қызылшамен ауырған науқас болғанда қарым-қатынасты шектеу.

  «Темекі құмар болмаңыз, темекіні тастаңыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры

Медициналық пункт

     Медициналық пункті Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (ХДУ) Шаруашылық бөлімінің құрамында болып табылады. Медициналық пункті тікелей әкімшілік шаруашылық жұмыстары жөніндегі проректорға бағынады.

         Медициналық пунктінің жоспары мен есебі университет проректорына тапсырылады;

Жалпы ережелер:

Медициналық пунқті өз қызметін жүзеге асыруда:

    • ҚР Конституциясын
    • Заңдарын, Еңбек кодексін
    • ҚР Үкіметінің құқықтық- заңнамалық актілерін
    • ҚР денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің нормативтік және әдістемелік құжаттарын
    • ҚР Үкіметінің “Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар” санитарлық қағдаларын бекіту туралы  қаулысы
    • Университет  Жарғысын, Ғылыми Кеңес шешімдерін
    • Университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін
  • ХДУ  сапа менеджменті жүйесі құжаттарын және осы Ережені басшылыққа алады.
[/su_spoiler]

Медициналық пункт мейірбикесі - Есмұрзаева Қалшаткүл Кенжебекқызы


Туған жылы:  17.05.1967 ж.

Білімі:  ОҚО  Ленгірлік  медициналық училищесі

1982-1985 ж.  мейірбике мамандығы

2005-2008 жыл   Шымкент университеті.  Психология және педагогика мамандығы

 Еңбек өтілімі:  32 жыл.

Сертификаттары:

15.08.2011 ж.  № 260-ө  «Мейірбике ісі»  мамандығы бойынша  жоғарғы біліктілік  санаты.

24.11.2014 ж.  «Ересекке және балаға жедел көмек көрсетудің тактикасы » BLS курс Медициналық стандарттың амалдары. Астана қаласы

11.12.2013 ж. «Төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаныс саласында басшы құрамының  және мамандардың  біліктілігін арттыру курсы. Шымкент қаласы .

 24.05.2014 ж.   « Инфекциялық  бақылау. Ауруханаішілік  аурулардын алдын алу          мейірбикесі»   Шымкент  қаласы.

09.03.2011 ж. « ФАП фельдшері циклынан «Емдеу ісі»  Шымкент қаласы

27.05.2010 ж.  «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мейірбике жұмысы»

12.03.2009 ж.  Иммунопрфилактикалық егу  мейірбикесі» Шымкент қаласы

Жетістікктер:  Статья «Бірлігіміз жарасқан» газетінде рубрика.

Мекен жайы: ОҚО Шымкент қ. Төле би 32, ХДУ ғимараты, 101 каб.

E-mail:  esmurzaeva_ 67@ mail.ru

 

Негізгі міндеттері:

Медициналық пункті жүктелген мақсаттарын орындау барысында міндетті:

ХДУ  сапа саласындағы саясаты мен мақсатын жүзеге асыру;

 сапа менеджменті жүйесіндегі (ары қарай СМЖ) құжаттарын әзірлеу, жүргізу және ендіру;

оқу ғимараттары мен студенттік үйлерінің, асханалардың  санитарлық талаптарға сай болуын  бақылау;

дәрігерлік қызмет көрсету мекемелерімен келісім-шарт жасауға тиісті құжаттарды дайындауға, дәрі-дәрмекке сұраныс жасауға, олардың шығын есебін жүргізуге;

Кешенді медициналық тексеріс өткізу, иммундық профилактика, саниталық-эпидемиологиялық бақылау, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу.

Қызметтері:

Менің басты миссиям:

Уланған, зақымданған , сырқаттанған  студенттерге  алғашқы медициналық көмек көрсету;

Флюрографиялық , алдын алу  тексеру  мен диспансерде  есепте тұратын студенттерді қарасты  емханаға жіберу;

Күл мен қызылшаға қарсы  алдын ала егу  жұмыстарын жүргізу;

Шетел студенттеріне   емханаға тексерілуге  жолдама беру;

Туберкулездің , сары аурудын , тері ауруларының , іш ауруларының  және АИТВ –нің алдын алу зиянды әдеттерден  бас тарту  жайында  салауатты өмір салтын насихаттау   жұмыстарын  өткізу .

 ҚР конституциясын , ҚР еңбек кодексін , денсаулық сақтау  саласына қатысты  жоғары тұрған  мекеме , ұйымдардың қаулыларын , өкімдерін , бұйрықтар мен басқада   нормативтік құжаттарды , ғимараттарға , дәрісханаларға , зертханаларға , бөлмелерге , жатақханаларға  қойылатын  санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай  екенің қадағалау.

Құқықтары:

Қойылған міндеттерді тиімді орындау үшін медициналық пункті келесі құқықтарға ие:

медициналық пунктіне қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар алуға сұраныс, ұсыныстар енгізуге;

институт құрылымдық бөлімдерін өз құзырына жататын ақпараттарды сұрап алуға;

қызмет құзырына кіретін мәселелер бойынша жиналыстар және басқа да ұйымдастыру бақылау шараларын өткізуге;

Университеттің медициналық пункт лицензиясы.

Лицензияның нөмірі № 0110448ДХ

Лицензияның берілген күні 02.12.2015жылы

Лицензияланатын  қызмет түрінің кіші қызметтері:

-Ересектерге мына  мамандықтар бойынша амбулаториялық  емханалық көмек

-алғашқы медициналық -санитарлық көмек

– дәрігерге дейінгі 

Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс

       Төтенше  жағдайлар  және Азаматтық  қорғаныс  бойынша университетте « Санитарлық бекет»өтілді.  Оқу орнында,  үйде қайғылы  оқиға орын алғанда  жедел жәрдем келгенге дейін  не істеуге  болтынын  университетте   20-адам құрамындағы  команда құрылып іс-шара жүргізіледі.

Емдеу алдын алу іс шаралары:

            ХДУ оқу орны «Медициналық орталық Орынбай емханасымен»  келісім –шарттарға отырған.

Аталмыш   емханадан :

терапевт

невропатолог

хирург

құлақ-мұрын

          Көз дәрігерлері – келіп  жылына бір рет прфилактикалық байқау жүргізеді. Қайта анықталған науқастарды, мүгедек студенттерді   жолдамамен емханаларда қосымша тексеріліп, «Диспансерлік» есепке алынады. 

24-наурыз Дүнижүзілік Туберкулезге қарсы қүрес күн

24-наурыз Дүнижүзілік Туберкулезге қарсы қүрес күніне ОҚО  туберкулезге қарсы диспансерінен флюроқондырғысы бар автокөлік шақырылып, бүдкіл профессор-оқытушыларды, қызметкерлерді, студенттерді  флюрографияға түсіреміз.

 

Санитарлық ағарту жұмыстарының жоспарына сай іс-шаралар.

Кешенді медициналық тексеріс өткізу, иммундық профилактика, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу үшін сұқбаттар мен лекциялар оқылуда. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мақсатында  «Дөңгелек үстелдер» ұйымдастырып, волонтерлер   құрылтайы өтті. Онда ынталы жастардың тізімі алынып ,  жоспарға сай іс-шараларды студенттер үшін   қамытылады. 

Scroll to Top