«Inno.Fest» Qyzylorda фестивалі

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Компьютерлік технологиялар бөлімнің басшысы Мақсат Есенов және PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Компьютерлік технологиялар бөлімнің ITмаманы Бибол Жакипбаев 2022 жылдың 17-18-ші желтоқсанда IT саласындағы инновациялық идеяларды жүзеге асыратын «Inno.Fest» Qyzylorda фестиваліне белсенді қатысты.

Фестиваль Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өңірде ІТ саласына қызығушылықты арттыру, жобаларға қолдау көрсету мақсатында 2022 жылдың 17-18 желтоқсан күндері өтті.

«Inno.Fest» Qyzylorda – 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін «Контент және Медиа», «Кино және видео», «Smart Qyzylorda» бағыттары бойынша) инновациялық жобаларды жасауды мақсат ететін іс-шара.
Сонымен қатар, Бибол Жакипбаев «Smart Qyzylorda» бағыты бойынша сарапшы қазылар алқасы (эксперт-жюри) жұмысын атқарды. Жалпы, осы бағыт бойынша 57 жоба тіркелді, соның ішінде мықтылар анықталды.

Бұл фестивальге жаңа жоба жасауға идеясы бар, бірақ оны жүзеге асыруға ресурстары жеткіліксіз кез келген адам қатыса алады. Қатысушы өз жобасын іске асыру үшін команда жинау мүмкіндігіне ие болады. Фестиваль форматы бойынша бір тәулік ішінде (24 сағаттың ішінде) бүкіл команданың күш-жігерінің арқасында тек идея болған жоба шынымен жұмыс істейтін стартапқа айналады.

Жұмыс барысында көптеген IT мамандармен келісім сөз жүргізіліп, жақын арада тығыз жұмыс жасаймыз деген ниет бар. Фестиваль аясында
Мақсат Есенов және Бибол Жакипбаев «Inno.Fest» Qyzylorda фестиваліне белсенді қатысқан үшін Сертификатпен және Қызылорда облысының Ақпараттық технологиялар орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Scroll to Top