Жұмыс берушімен кездесу

Қазіргі заман білім мен ойдың жарысқан заманы. Лайықты білім алып, күштің ілгері басуына үлес қосуға бәріміз де құқылымыз..Бүгінгі күнде студенттерге сұраныс көбейуде.Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне   Шымкент қаласының полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының орынбасары полиция подполковнигі Сейталимов Қуаныш және Шымкент ҚПД Жедел-криминлистикалық басқармасының аға криминалисті полиция майоры Есеев Нұржан мырзалар, студенттерін іс-тәжірибеден өтуіне және келісім шартқа отыруға ұсыныстарын  білдірді. Студенттерді өз саласының мамандары ретінде өз үлестерін қосып және өздерінің тәжірибелерін студенттерге  көрсетіп үйрететіндерін ашық түрде жеткізді. Жастарға берілген мүмкіндіктің бәрі де өзі еңбектенуді, өзі ізденуді талап ететін әрекеттер. Бәсекеге қабілетті білім иесі болуға бар күш-жігерімізді салып, өз-өздерін дамыту барысында  үлесімізді қосатындығы туралы ерекше атап өтті.

Scroll to Top
Scroll to Top