7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университет алаңында студенттермен қызметкерлерге  денсаулық күніне орай жастар бөлімімен, денешынықтыру кафедрасының мамандарымен  бірігіп іс-шара жүргізілді.Мұнда  дене  белсенділігін арттырып, бойды өлшеу, салмақты, қан қысымы өлшеніп диагносика БРТ аппаратымен- биорезонансты диагностика  жүргізілді.  Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы,  қазіргі таңда денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1948 жылы құрылған күні тойланады. Сол тарихи сәттен бері өткен уақыт ішінде әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДҰ) мүше болды. Ол адамдардың өмірінде денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін түсінуі және бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығын жақсарту үшін не істеу керектігін шешуі үшін өткізіледі.

ДДСҰ-ның жарғысында бекітілген негізгі мақсаты: жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу.

  • жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу;
  • оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту;
  • маман дәрігерлер дайындау;
  • Бүкіл әлем бойынша қалаларда көшелерде сауықтыру шараларын өткізуге жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүргізілді.

Медпункт меңгерушісі   Қалшаткүл Кенжебекқызы

Scroll to Top