Ашық есік күні

🏢Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде әр аптаның Бейсенбі күніне жоспарланған кезекті Ашық есік күні болып өтті.
Ашық есік күніне Бәйдібек, Сайрам және Қазығұрт аудандарының 11-сынып мектеп бітірушілері мен колледж түлектеріне жоғарғы оқу орнымыздың ішкі тынысымен таныстыру барысы жүргізілді, яғни арнайы жабдықтармен жабдықталған зертханалық кабинеттер🧑🏻‍🔬, спорт зал🤾🏻, жатақхана,әскери кафедра, кітапхана📚, асхана☕️, медпункт🏥, компьютермен толықтай қамтамасыз етілген аудиториялар👩‍💻, лекция аудиториялары👨🏻‍🏫мен Академик Ә.Қуатбеков атындағы мұражайға толықтай анықтамалар беріліп, Университеттің құрылуымен бүгінгі таңдағы дамуы жайында келген бітіруші түлектерге ақпараттар берілді📌.
Ашық есік күні арнайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шарамызға келген мектеп-колледж директорларымен жауаптыларына басшылық тарапынан арнайы Алғыс хаттар табысталып, түлектерге білім беру бағдарламаларымен ақпараттар беріліп, кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Келген мектеп бітірушілермен сұрақ-жауаптар жүргізіліп, жұмыспен қамту бойынша жұмыс берушілерменде арнайы кәсіптік бағдар берілді.

Scroll to Top