Ағымдағы жылдың 27-28 сәуір күндері академик Ә. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінде ҚР Гуманитарлық және Халықаралық Акмеологиялық ҒА академигі Төрежан қажы Жүнісов пен теолог-ғылым Оразкүл қажы Көбееваның 85 жылдық мерейтойына арналған “Қазіргі математиканың даму тенденциясы және оны білім беруді цифрландыру жаңдайында оқыту атты” халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Аталған конференцияға Польша, Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан елдерінен және Қазақстанның бірнеше қалаларынан атақты-математик ғалымдар қатысып, ғылыми баяндамаларын жасады.
Конференцияның басты мақсаты кезінде халықаралық Қазақ-Араб сонан соң, Отырар университет ретінде көпшілікке танымал болған оқу орындарының құрылтайшылары болып, бүгінде арамызда жоқ ғалымдарды еске алу және қазіргі білім беруді цифрландыру жағдайында оқыту әдістерін талқылау, ой бөлісу және оңтайлы әдістерді қолданысқа енгізу болып табылады.
Осы мақсатта бірнеше шет елдік ғалымдар өз ойларын ортаға салды.
Конференция қорытындысы бойынша Төрежан қажы Жүнісов пен Оразкүл қажы Көбеевалардың халыққа жасаған қызметтерін ескере отырып, олар мәңгілік ел жадында қалу мақсатында сол кісілердің атымен аталатын көше атын беру, солардың атымен аталатын химия және математика білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттерге шәкіртақы тағайындау, оқу орнымыздағы олардың мұражайларын жаңа ғимаратқа көшіріп, оны жаңарту, осы конференцияға берілген таңдаулы ғылыми мақалаларды ҚР Б және ҒМ тізіміне енген журналдарда және Скопус базасына енетін басылымдарды жариялау тағы да басқа ұсыныстарды қабылдау жөнінде қарар қабылданды.
Конференцияның екінші күнінде алыстан келген қонақтарды облысымыздың тарихи орындарына саяхат жасау мақсатында біраз жерлерге алып барды.