02.11.2023 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлімінің ұйымдастыруымен 4-курс педагогикалық білім беру бағдарламасының студенттері өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы болып өтті.
Қортынды конференцияға жұмыс берушілерде қатысты №138 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиет бірлестік жетекшісі А.У.Тасова,№63 ЖОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Г.К.Кудайбергенова,Қосалқы мектеп-интернатының мұғалімі логапед,Ш.Булатхановна,№2 жалпы орта мектебінің кәсіби бағдар беруші Г.Н.Өзбекбай Студенттер пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің жұмысын орындады. Қорытынды конференцияда олар жеке мектептерде атқарылған барлық жұмыстарды көрнекі түрде ұсынып, өз есептерін тапсырды.
Конференцияда студенттер практика бағдарламасына сай жүргізген жұмыстарының есебін әр мектеп бойынша таныстырып, бейнероликтер түрінде ұсынып, жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Талқылау барысында комиссия мүшелерімен бірге әдіскерлер есеп құжаттаманы қабылдап, педагогикалық тәжірибені қорытындылады. Практика жетекшілері мен педагог, психологтар студенттердің педагогикалық практика барысындағы кәсіби іс-әрекетін талдап, баға берді.