Білім беруді цифраландыру жағдайында студенттерге функцияларды графикалық кескін түрінде көрсетудің ерекшіліктері

Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үдерісі жүріп жатқандығы баршамызға аян. Жоғары оқу орнында да цифрландыру үдерісі қолға алынған. Цифрландыруды оқу үдерісіне ендіру мақсатында Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінде тұрақты ғылыми- әдістемелік семинар жұмыс істейді. Семинар аптаның әр бейсенбісінде Терешкова көшесіндегі 14 – үйде орналасқан ғимаратта тұрақты түрде жүргізіледі.

Семинар жетекшісі ф.–м.ғ.д., профессор Б.Т. Қалымбетов. Аталған семинарға тек біздің оқу орнымыздың профессор оқытушылар құрамы ғана емес, осы салада өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мақсатында немесе ғылыммен шұғылдануды мақсат етіп қойған әрбір қызметкерлер де қатысып, баяандамаларын жасауына болады.

2024 жылдың 11 – қаңтар күні аталған семинардың кезекті отырысы болып өтті. Баяндаманы семинар жетекшісі Б.Т. Қалымбетовтің өзі «Білім беруді цифраландыру жағдайында студенттерге функцияларды графикалық кескін түрінде көрсетудің ерекшіліктері» атты тақырыпты жасады.

Аталған семинарда Maple математикалық пакеттерін пайдаланудың тиімді әдіс – тәсілдерін функциялардың графикалық кескін түрінде бейнелеуге қолдану жолдары сөз болды.

Scroll to Top