Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 4 курс білім алушыларына және 2 курс білім алушыларының іс-тәжірибеден өтетін ұйымдастыру КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

22.01.2024ж күні «Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе» бөлімі және маман дайындайтын кафедралардың  ұйымдастырумен   4 курс білім алушыларының 22.01.-12.04.2024 ж аралығындағы өндірістік іс тәжірибе және 2 курс білім алушыларының психологиялық-педагогика іс тәжірибенің ұйымдастыру конференциясы болып өтті.  Конференцияға  Педагогика және психология», «Филология» «Дене шынықтыру және спорт», «Қазақстан тарихы және әлеументтік», «Информатика және математика», «Химия және биология», «Шетел тілдер, «Филология және тілдер»,  кафедрасының білім алушылары мен оқытушылары, атап айтқанда Жұмыспен қамту және іс тәжірибе бөлім меңгерушісі А.Шалкеева, тәрбие және әлеументтік істер жөніндегі проректор Б.Садықұл, гуманитарлы-педагогикалық факультетінің деканы орынбасары А. Купешова, Жаратылыстану-инженерлі факультетінің деканы орынбасары З.Илесов және университеттің проректорлары, ,профессор-оқытушылар қатысты. Конференцияда  іс-тәжірибеге қажетті құжаттарды талапқа сай рәсімдеу жөнінде  кеңестер берілді. Жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөлім меңгерушісі орынбасары М.Майлыбаев білім алушыларға іс-тәжірибеге қажетті құжаттарды талапқа сай рәсімдеу жөнінде  кеңестер берілді.

Конференцияда білім алушылар педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты міндеттері  және білім алушылардың міндеттері, педагогикалық этикамен және педагогикалық іс-тәжірибе қай мекемеде өтетіні туралы бұйрықтары мен таныстырылды. Тәрбие және әлеуметтік істер  жөніндегі проректор Сыдықов  Бердіқұл Қадырқұлұлы білімгерлерді оқу орданың болашақтағы даму бағыттары мен білім беру жүйесіндегі тың жоспарлар туралы баяндады.

Scroll to Top
Scroll to Top