«Тарих және құқық» кафедрасы

 

6В04210-Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушылары «Апыр-топыр» сазды-думанды қойылымын тамашалады

         21.11.2024 жылы 6В04210-Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушылары Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрында «Апыр-топыр» атты сазды-думанды қойылымын тамашалады. Өмірдің келеңсіз жағдайларын әжуалайтын, қазіргі қоғамда кездесетін өзекті мәселелерді, әр түрлі тақырыптарды қамтыған, ащы астар мен қалжың араласа өрбіген сазды-думанды қойылым болды. Қазіргі қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді жастарға әзіл арқылы жеткізе білді.

 

 

 

 

 

 

 

6В04210-Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушылары «Заң сіз бен бізге ортақ» тақырыбында құқықтық сағатқа қатысты

         21.11.2024 жылы Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында құқық қорғау орган өкілдері білім алушы жастармен «Заң сіз бен бізге ортақ» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағдарламасының аға жедел уәкілі Бауыржан Қарбеков пен Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов қатысты. Жиынның негізгі мақсаты-жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

          Мамандар білім алушы жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, есірткі қылмысының ауыр салдары туралы баяндап, арнайы деректі фильм көрсетті. Кездесу барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарына толық жауап алды.

 

 

 

 

 

 

 

«Тарих және құқық» кафедрасының оқытушылары жұмыс берушілерімен кездесті

        18.11.2024 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің еңбек мобильді орталығы КММ Мансаптық орталығының ұйымдастыруымен солтүстік Қазақстан обылысынан  арнайы келген делегаттармен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге «Тарих және құқық» кафедрасының оқытушылары университеттің қызметкерлері мен бітіруші түлектері қатысты. Делегаттар ерікті қоныс аудару бағдарламасының артықшылықтары мен мүмкіндіктерді таныстырды.

Кездесу барысында делегат солтүстік Қазақстан тарапынан ұсынылатын жеңілдіктер мен қолдаулар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

      Еңбек мобильділігі орталығы әр түрлі саладағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынылып жұмысқа орналасуға көмектесетіндігін және кәсіпкерлерді қолдайтынын атап өтті. Бағдарламаға қатысу үшін түлектеріміз аудандық мансап орталықтарының байланыс телефондарын алды.

 

 

 

 

 

 

«Тарих және құқық» кафедрасының білім алушылары студенттер қатарына қабылдау күнін атап өтті

        06.11.2024 жылы  «Тарих және құқық» кафедрасы 6В04210-Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушылары, Шымкенттің белді мейрамханаларының бірінде өткен қабылдау кеші жаңа оқу жылының басталуын атап өтті. 200-ден аса белсенді студенттер мен ЖОО оқытушылары университеттің тәрбие және әлеуметтік істер бөлімінің ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Атаулы күнде Астана Қарғабай мен өзге де талантты жастардың өнері кешті түрлендіріп, студенттерді көңілді күйге бой алдырды.

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

«ТАЗА ҚАЛА» акциясы аясында университет ауласы күл-қоқыстан тазартылды

      02.11.2024 жылы «Тарих және құқық» кафедрасы 6В04210-Құқықтану білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылары «Таза қала» акциясына қатысты. Шымкенттің экологиялық іс-шарасы аясында Университет  ауласы күл-қоқыстан тазартылды. Жалпы қалалық сенбіліктің мақсаты: Үшінші мегополис тұрғындары бойында тазалық мәдениетін қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

Тарих және құқық” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары театр күнін атап өтті

 31.10.2024 жылы «Тарих және құқық» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары  жылдық жоспарға сәйкес театр күнін атап өтті. Осыған орай  Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының кезекті қойылымын тамашалап, керемет көңіл-күйге бөленді. Мерейлі мереке қарсаңында  ұйымдастырылған шарада  Шымкент қалалық театр белді актерлары өздерінің талантымен көпшілікті тәнті етіп, көрермендер қошеметіне ие болды.

“Тарих және құқық” кафедрасы 25 қазан – Республика күнін атап өтті

 23.10.2024 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде ұлттық мереке “25 қазан – Республика күні” аталып өтті. Айтулы мерекенің жоғары деңгейде өтуіне университеттің «Тарих және құқық» кафедрасы және тәрбие ісі бөлімінің жетекшілері мен білім алушылары атсалысты. Іс-шараны салтанатты түрде Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің президенті, т.ғ.к., профессор Қуатбеков Нұрлан Әбдімұсаұлы ашты. Нұрлан Қуатбеков өз сөзінде:” Қазақстан тәуелсіз елдер қатарына қосылып, өз алдына мемлекет болуының арқасында бүгінгі таңда бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп келеміз. Осы мезетте  елімізде көршілес өзге мемлекеттердегідей қантөгіс төңкерілістер мен апаттардан ата-баба рухы қорғап келетініне сөзсіз сенеміз. Әрдайым аспанымыз ашық болып, Қазақстанды биікке жетелейтін білімді әрі дарынды жастар көбейе берсін!”,- дей отыра, қадірменді қонақтар мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын 25 қазан Республика күнімен құттықтады. Ұлттық мерекеге арналған маңызды іс-шарада ҚР Мемлекеттік Қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова студенттерге мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар туралы ақпараттар беріп, оларды қызметке шақырды. Сонымен қатар жиын барысында білім  ордасының бірқатар қызметкерлеріне университет ректоры атынан арнайы алғыс хаттар табысталып,  шара соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

ХДУ аға оқытушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарға қатысты

14.10.2024 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған оқыту семинары өтті. Аталған семинарға «Тарих және құқық» кафедрасының атынан аға оқытушысы Асилова Ардақ Бекмуратқызы қатысты. Комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды бөлігін құрайды, олардың міндеті-заң үстемдігін, өзара сенім мен ашықтықты қамтамасыз ету. Шымкент қаласы әкім аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев комплаенс офицерлерінің белсенді жұмысы жемқорлық фактілерін азайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Семинар барысында квазисектор саласындағы қоғаммен байланыс орнатудың тиімді коммуникация дағдылары мен жобалық менеджмент жүйесін енгізудің маңызы туралы тақырыптар талқыланды. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент филиалының доценті Сәуле Рысбаева коммуникация дағдыларын әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, қазіргі таңда ашықтық пен айқындық қағидаларының өзектілігін атап өтті.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

4-5 желтоқсан күндері 2023 ж. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, «Тарих және құқық» кафедрасының т.ғ.к., доценті Нартбаев Шымырбай Жақсыбайұлы профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығы аясында Өзбекстан Республикасының Навои атындағы Мемлекеттік тау-кен-технологиялық университеті және Нөкіс тау-кен институттарында  «Өзбекстанның қазіргі тарихы» пәні бойынша (12 сағат) дәріс оқып, оқу орнының профессор оқытушылар құрамымен пікір алмасып қайтты.

 


10.04.2023 жылы Шымкент қаласы жоғары оқу орындарының арасында Орталық Азия инновациялық университетінің “Құқық” кафедрасының ұйымдастыруымен “Жаңа Қазақстан студенттердің көзімен” атты тақырыпта жастардың әлеуметтік белсенділігін және мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында “ҚР Конституциялық құқығы” пәндік олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті “Құқықтану” кафедрасының “ Justice Five” командасына сертификат және пәндік олимпиадаға жетекшілік жасаған аға оқытушы А.Г. Орынбайға алғыс хат берілді.


Құқықтану кафедрасы “Отбасы институтының нығайтудағы медиацияның рөлі” тақырыбында семинар-тренинг өткізді


10.04.2023 жылы Шымкент қаласы жоғары оқу орындарының арасында Орталық Азия инновациялық университетінің “Құқық” кафедрасының ұйымдастыруымен “Жаңа Қазақстан студенттердің көзімен” атты тақырыпта жастардың әлеуметтік белсенділігін және мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында “ҚР Конституциялық құқығы” пәндік олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті “Құқықтану” кафедрасының “ Justice Five” командасына сертификат және пәндік олимпиадаға жетекшілік жасаған аға оқытушы А.Г. Орынбайға алғыс хат берілді.


22.02.2023 ж сағат 15.00 де “Құқықтану” кафедрасының ұйымдастыруымен 1-2 курс магистранттармен бірге “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алғышарты ретінде сананы қалыптастыру: қоғамдық сана, әдептілік (адамгершілік), саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана” тақырыбында семинар сабақ өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы маңызды орын алатын негізгі мәселелерге студенттер өздерінің ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

06.12.2022 жылы сағат: 14.30 да «Құқықтану» кафедрасының Аға оқытушы Орынбай Гулжан Арысбайқызы ҚРҚК 297бап «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау тасмалдау, жөнелту не өткізу» 3 бөлімі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет, аса ірі мөлшердегі есірткі зат тасмалдау) тақырыбында ашық сабақ өтті.

«Құқықтану» кафедрасының ашық сабақ өткізді

«Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбында кездесу сағаты

«Адам саудасы: адам құқықтарын өрескел бұзу» тақырыбында семинар өтті

Б.Момышұлы атындағы ҚР ІІМ-ң оқу орталығымен серіктестік туралы меморандумына қол қойылды

М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғасырлар перзенті» атты дөңгелек үстел өтті

[/su_spoiler]

Кафедра тарихы

“Тарих және география” кафедрасы 2001 жылы «Гуманитарлық – педагогикалық» факультет аясында ашылды. 2016 жылы кафедра атауы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасы болып өзгертілді.

Кафедраны құрудағы негізгі мақсат – кафедра мамандықтары бойынша оқу үрдісінде  оқытылатын пәндермен, оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету және қазіргі заманда сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды дайындау.  2000-2017 жылдар аралығына кафедра оқу-әдістемелік құралдарымен, жоғарғы санатты және материалдық-техникалық қорымен жеткілікті түрде қамсыздандырылды. Кафедра заманауи компьютерлік техникамен қамтылған. 2001 жылдан бастап 2017 жылдар аралығында кафедраның ғылыми дәрежесінің деңгейі  50% өсті. 2014-2015 оқу жылында 22 профессор оқытушылар құрамының 51 пайызын атағы бар ғылым докторлары мен кандидаттары қызмет атқарған. 2015 – 2016 оқу жылында кафедрада 18 профессор оқытушылар құрамының 56 пайызы ғылыми атағы бар ғылым докторлары мен кандидаттары қызмет атқарып келген. 2017 – 2018 оқу жылдарында кафедрада 60 пайыздан астам ғылыми атағы бар 2 ғылым докторы мен 9 ғылым кандиттары қызмет атқарып келеді. “Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер” кафедрасы 2018 жылдын ақпан айында «НААР» тәуелсіз аккредиттеу және рейтингтеу агенттігі бақылауымен аккредиттеуден жоғары деңгеймен өтті. Осы агенттіктің 2018 жылғы қортындылау рейтингінде кафедраға қарасты «Тарих» мамандығы алдыңғы қатарына кірді. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының миссиясы – Тарих және География мамандығынан заманауи жоғары білікті мамандардың сапалы даярлауын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, тарих, география саласында сапалы мамандарды дайындауда кафедраның профессор – оқытушыларының ықпалы зор. Білімге негізделген әлемдік қауымдастықта адам әлеуетін дамыту мақсатында жаңа іргелі және қолданбалы білімді пайдалану және тарату, қабілеттілігін арттыру, оқытушылардың, қызметкерлердің, студенттердің өзін-өзі шығармашылық дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, олардың өндірісте белсенді қатысуы кафедраның моделін жасауы үшін миссияның ажырамас бөлігіне айналады.

2017 жылы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының 5B01410 – Тарих мамандығы институционалды аккредиттеуден және 2018 жылы мамандырылған аккредиттеуден Тарих мамандығы 5 жылға аккредиттелді.

Кафедра доценті, т.ғ.к. Нартбаев Ш.Ж. «Ы Алтынсарин медалімен», «Тәуелсіздіктін 20 жылдығы», Кафедраның т.ғ.к., Жақаш Д.Б. Қазақстан Республикасының білім үздігі атты төс белгімен марапатталған. «Кафедра дайындайтын «Тарих» мамандығының студенттері Маханов Н.И., Өмірбек Ә., Бегман Ж.Е. Тұрғанбек С.М., Тағайбек Б.М.,  көптеген конференция және көрмелер мен конкурстарға қатысып сертификат және ІІ,ІІІ дәрежелері диплом иегері аталды.

2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап, кафедра меңгерушілігіне философия ғылымдарының кандидаты, доцент Кемельбеков Қынатбек Бердалыұлы тағайындалды.

Кафедра 6В01610-Тарих, 6В01560-География білім беру бағдарламалары аясында жұмыс істеуін жалғастырды. Осы бағдарламалардың аясында элективтік пәндердің бағдарламасын тереңдетіп жүргізуді күн тәртібіне қойды. «Жаңа Қазақстанның іргетасын қалау бағыттыры» саяси реформалардың жаңа бағдарламасын баяндау, түсіндіру жұмыстарына кафедра профессор-оқытушылары ат салысып келеді. Кафедраның мақсаты білім беру үрдісінде жастарды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және халқымыздың ата салтындағы мұра болып келе жатқан дәстүрлерімізді бойына сіңіру. Осы мақсатта кафедра 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарында Тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мәңгі болсын деген бағытты ұстай отырып, ҚР экстремистік және тоталитардық діни-ағымдардың ықпалынан жастарымызды қорғауға, бағытталған заң жобасының негізгі ережелерді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді оқу жұмыс жоспарының жүйесіне қосты.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессор-оқытушылар тарапынан бекітілген «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының мүшелері осы жоғарыдағы аталған қағидаларға толыққанды ат салысып келеді.

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының 2022-2026 жылдарға арналған стратегиялық жоспармен жұмыс жасауда. Мұндаға дейін бекітілген заңды нормативтерді негізге ала отырып, олар: ҚР 2007ж. 27 шілдедегі №319-111 «Білім туралы» Заңы, ҚР 2011 жылғы 18 ақпандағы №408 «Ғылым туралы» Заңы, «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы, «ЖОО қызметін ұйымдастырудың Типтік ережесі» №499 бұйрық 20.05.2013ж. және «ҚР 2020 жылға дейнгі Стратегиялық даму туралы жоспары» ҚР президентінің 2010жылғы 01 ақпандағы №922 жарлығы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «5 инситуттық реформалар-Ұлт жоспары» 26 сәуір 2015ж. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» атты бағдарламасы 03 мамыр 2015ж. ҚР 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 30 қараша 2017 ж бекітілген заңды нормативтермен.

2022 ж. желтоқсан айында г.ғ.к., доцент М.Д.Мамадияров ҚР Ғылым және жағары білім министрі С.Нұрбектің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2022ж. желтоқсан айында, кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Кемельбеков Қынатбек Бердалыұлы қатысып, «BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ұйымдастырумен өткен «Жылдың үздік педагогы» атты республикалық байқауына қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2023-2024 оқу жылында «Гуманитарлы-педагогикалық» факультетінің деканы А.Қ.Купешева «білім беру бағдарламалары мен білім алушылар санының артуына байланысты жұмыс сапасы мен тиімділігінің арттыру мақсатында “Құқықтану” кафедрасын, “Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер” кафедрасына біріктіруді ұсынды».

Кафедраның магистр, аға оқытушысы Р.А.Қуатбекова 2023ж. «Ұстаздар күні» кәсіби мерекесіне орай Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбектің, «Алғыс хатымен» марапатталды.

2023 ж. 25 қазан «Республика күніне орай» өткізілген ҚР Ғылым және жағары білім министрлігінің іс-шарасында «ҚР білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін»   министр С.Нұрбектің «Құрмет грамотасымен» «Тарих және құқық» кафедрасының меңгерушісі. филос.ғ.к., доцент Кемельбеков Қынатбек Бердалыұлы марапатталды.

Кафедра меңгерушісі
Кафедра меңгерушісі ф.ғ,к., доцент Кемельбеков Қынатбек Бердалыұлы

Кемелбеков Қынатбек  Бердалыұлы 1967 жылы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян селосында  туылған.

1974-1984 жылдар аралығында Шаян  селосындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті оқып тамандаған.

1985-1992 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының тарих факультетін «тарих және педагогика» мамандығы бойынша  бітіріп шықты.

1986-1988 ж.ж. Кеңестік әскер қатарында борышын өтеді.

1992-1993 ж.ж. Шымкент қаласындағы №25 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.

1993 жылы ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медициналық Академиясы философия және саясаттану кафедрасына ассистент ретінде жұмысқа қабылданды.

1996 жылы осы аталмыш кафедраның аға оқытушылық қызметіне өтті.

1996 -2000 жылы Алматы қаласындағы Қайнар университетінің «Заң» факультетін оқып, үздік дипломмен бітіріп шықты.

2002 жылы 30-желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық  Университетіндегі К-14А.02.19. диссертациялық кеңестің мәжілісінде философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясын қорғады.

2003 жылы 20 маусымдағы ҚР Білім және Ғылым министрлігі Жоғарғы аттестациялық комитетінің шешімімен философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2005-2006 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Философия» кафедрасында доцент қызметін атқарды.

2000 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан Әкімшілігі жанында құрылған лекторлар тобының мүшесі.

Бірнеше рет (1999, 2003, 2004, 2006ж.ж.) Президенттік, Парламенттік, Мәслихат сайлау кезеңдерінде №110 сайлау учаскесінде төрағалық қызмет атқарды.

2007 жылдың қыркүйек айынан бастап Халықаралық гуманитарлы-техникалық университеті педагогикалық факультетінің деканы.

2008 жылы қыркүйек айынан 2009 жылдың наурыз айына дейін осы аталмыш оқу орнының тәрбие ісі жөніндегі проректоры.

2009 жылының наурыз айынан Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры.

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясында «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2011 жылы 31-ші наурыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.

2012 жылы 16 қарашада Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды.

2015 жылдың 30-шы маусымынан бастап әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі.

2016 жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медальмен марапатталды.

2018 жылы 1 маусымнан «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессор міндетін атқарушы болып жұмыс жасады.

2022 жылы 21 сәуірден Шымкент Университетінің «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының доцент қызметін атқарды.

2022жылы 1 қыркүйек айынан бастап Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Философия пәні бойынша 1 оқу  құралы, 1 дінтану пәнінен оқу құралы, 1 философия, 1 саясаттану пәнінен оқу құралы, 1- монография, 90-нан астам ғылыми мақалалардың авторы.

Жанұялы, екі ұл және екі қыз тәрбиелеп өсіруде.

Профессор-оқытушылар құрамы

-кафедры-ППС-2023-2024_compressed.pdf

×
№  Оқытушының аты-жөні атқаратын қызметі ғылыми, академиялық дәрежесі
6В01610, 7М01610 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша
1 Кемельбеков Кынатбек Бердалиевич Кафедра меңгерушісі доцент философия ғылымының кандидаты
2 Мухатова Оразгуль Хасеновна профессор тарих ғылымының докторы
3 Жанысбеков Ашим профессор т.ғ.к., профессор
4 Нартбаев Шымырбай Жақсыбайұлы доцент тарих ғылымының кандидаты
5 Орынбаев Муханмадияр Омарович аға оқытушы философия ғылымының кандидаты
6 Жақаш Досмұханбет Балтабайұлы аға оқытушы тарих ғылымының кандидаты
7 Шашаев Ауезхан Кадиржанович аға оқытушы тарих ғылымының кандидаты
8 Айкозов Сейдулла Ибадуллаұлы т.ғ.к., доцент тарих ғылымының кандидаты
9 Курманалина Нургуль Нурсултановна аға оқытушы философия докторы (phd)
10 Жунисбекова Жанат Мансурхановна т.ғ.к., аға оқытушы тарих ғылымының кандидаты
11 Уралбаева Айгул Куанышбаевна аға оқытушы магистр
12 Қуатбекова Рабия Абу-Шариповна аға оқытушы магистр
13 Коспанбетова Нурбахыт Абдурахмановна аға оқытушы магистр
14 Байдалиева Эльмира Асилхановна аға оқытушы магистр
15 Сауран Эльвира  Сейдеханқызы аға оқытушы магистр
16 Коптік Айсұлу Арапбайқызы аға оқытушы магистр
17 Жарменова Бибинур Елубаевна аға оқытушы магистр
 
 6В01560 – «География» білім беру бағдарламасы бойынша
1 Мамадияров Марат Дүйсенович доцент география ғылымының кандидаты
2 Сартаева Гульжан Ешимкуловна аға оқытушы магистр
3 Харжауов Шалхар Базаралиевич. аға оқытушы магистр
Штаттан тыс
1 Игибаева Алма Муратбековна аға оқытушы магистр
 
 
Оқу-қосалқы құрамы
1 Серикбаева Меруерт Маратқызы   лаборант

Жалпы мәліметтер

Кафедраның мақсаты-қазіргі жағдайда тиімді жұмыс істей алатын және қоғамның қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуына бейімделген жан-жақты дамыған мамандарды даярлау. Негізгі қызмет түрлері:

  • Тарих, археология және этнология саласында инновациялық технологиялар бойынша білімі, жоғары адамгершілік қағидаттары мен ғылыми-зерттеу жұмысының дағдылары бар білікті педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асыру;
  • Күндізгі және қашықтықтан оқыту нысандары бойынша кафедраның оқу жоспарында бекітілген пәндер бойынша оқу процесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
  • Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін оқу процесіне енгізу;
  • Университеттің сапаны арттыру саясатында көрсетілген мақсаттарды іске асыру.

Кафедраның сапа саласындағы мақсаттары:

  1. Оқытудың инновациялық әдістері мен Болон процесінің параметрлерін жүзеге асыру мақсатында кафедрада оқытылатын пәндер бойынша 6B01610-«Тарих» білім беру бағдарламасы студенттерінің үлгерім сапасын 90%-ға арттыру;
  2. Қаржыландырылатын инновациялық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуы;
  3. Университет студенттері арасында көшбасшылық дағдысының деңгейін арттыру және патриоттық тәрбие беру бойынша іс-шараларды жүргізу;
  4. 6B01610-«Тарих» мамандығы бойынша орыс тілі бөліміне талапкерлерді қабылдауды арттыру;
  5. Тарихшы-студенттердің ағылшын тілін меңгеру дәрежесін жақсарту;
  6. Студенттердің шетелдік журналдарда және халықаралық, республикалық конференцияларда оқытушылармен авторлық бірлестікте мақала жариялауды 85% -ға жеткізу;
  7. Кафедра оқытушыларының импакт-факторы бар шетелдік басылымдарға мақала жариялауын арттыру;
  8. Халықаралық аккредитациядан өту барысында сәйкессіздіктерді болдырмау.

Жетістіктер

“Тарих және құқық” кафедрасы өңірдің және елдің қажеттіліктеріне сәйкес білім, ғылым және өндірісті интеграциялау арқылы жоғары білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету болып табылады. Осы миссияны іске асыру шеңберінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 6В01610-“Тарих” және 6В05220-“География”, 6В04210-“Құқықтану” мамандықтары бойынша студенттерді сапалы оқыту үшін барлық күш-жігер мен білімді жұмсайды. Т.ғ.к., кафедра доценті Ш. Ж. Нартбаев “Ы.Алтынсарин”, “ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы”, т.ғ.к. Жакаш Д.Б. “ҚР Білім беру ісінің үздігі” белгісімен марапатталған. Студенттер Н.И.Маханов, А.Өмірбек, Ж. Бегман, С.Тұрғанбек, Б.Тағайбек түрлі студенттік ғылыми конференцияларға, байқаулар мен конкурстарға қатысып, сертификаттар мен дипломдар алды.

Профессор-оқытушылар құрамының марапаттары мен сертификаттары

Оқу әдістемелік жұмыстар

Желтоқсан оқиғасы- жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы

Д.Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған ұлы тұлғалардың кеші атты тарихи семинар

«Рухани жаңғыру: қазіргі тарих ғылымы және Қазақ хандығы тарихи сабақтастығы»

19.01.2018 жылы университетіміздің 309-шы аудиториясында оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: қазіргі тарих ғылымы және Қазақ хандығы тарихи сабақтастығы» тақырыбында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті т.ғ.к., Ш.Ж.Нартбаевтің университет қызметкерлеріне ашық лекция оқыды.

Жиынды қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ.  Ұлы Дала төсінде бабаларымыз құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. Әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын. Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын деп қорытындылады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжаты екендігін насихаттау бағытында семинар ұйымдастырылды.

«Болашаққа қадам» тақырыбында көрсетілген бейнероликті талқылап, еліміздегі  рухани жаңғыру жолында атқарылған істер мен қол жеткен жетістіктер туралы жастар өз ойларымен бөлісті.

Заман талабына сай механизмдерді жолға қойып, болашаққа қадам басу туралы пікір алмасты.

Семинарға университеттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар қатысты.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

ҒЗЖ бойынша ПОҚ-ны 5 жыл ішінде мәлімет:

Конференция түрлері

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1

Шет ел мақаласы

2

10

11

1

2

2

Халықаралық конференция ҚР

25

21

14

32

 

27

3

Халықаралық конференция ҚР

7

       

4

Монография

 

1

1

5

РИНЦ

1

2

3

   

6

ИМпакт –фактор , СКОПУС

2

2

2

 2

3

4

7

ККСОН МОНРК

2

 

40

 

1

1

8

Басқа жарияланымдар

   

5

   

СҒЗЖ бойынша ПОҚ-ны 5 жыл ішінде мәлімет:

   

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1

Студенттер халықаралық конференцияларға қатысу және жариялау

7

11

14

6

17

18

2

Магистранттар халықаралық конференцияларға қатысу және жариялау

8

13

14

21

2

2


Іс – тәжірибе және жұмыспен қамту бөлімі

-–-тәжірибе-және-жұмыспен-қамту-бөлімі.pdf

×

Іс-тәжірибеден студенттерді өткізу үшін ҚР археологиялық ғылыми зерттеу институты, ОҚО тарихи-өлкетану мұражайы, Шымкент қ. № 38 ЖОМ, № 6 Ж.Баласағұн ат ЖОМ, Сайрам Өгем ұлттық саябағымен, №37 Фуркат атындағы ЖОМ, №19 Ө. Жәнібеков атындағы ЖОМ және  т.б. мекемелермен келісім-шарттары түзілген.

Кафедра мамандықтары студенттері жыл сайынғы график бойынша кезекті мектептерге іс – тәжірибеге өз тәжірибелерін алмасуға жіберіледі.

Жұмыс берушілер пікірі
Рецензия және сараптамалық қорытынды
[/su_box]

 

Scroll to Top
Scroll to Top