Жаратылыстану-инженерлі факультеті

Факультет тарихы

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Жаратылыстану-инженерлі факультеті – ректордың 2006 жылғы бұйрығына сәйкес гуманитарлық-техникалық факультетті қайта құру негізінде құрылған университеттің құрылымдық бөлімшесі.

2000-2003 оқу жылдарында, университет құрамында «Инженерлі-Гуманитарлық»  факультетін алғаш  декан болып бастаған б.ғ.к., доцент Б.А.Данияров  басқарды, 2006-2009 оқу  жылдары  Д.Ержанов басқарды.

2008-2009 оқу жылы факультетте «Мемлекеттік тілді білу-парызы» атты республикалық конкурс жеңімпаздарына және балалар үйінің түлектеріне   бүкіл оқу жылдарына тегін білім алуға Ә.Қуатбековтың жеңілдігі берілді. 2009-2010 оқу жылдары 49 студент мемлекеттік грант иегері атанып стипендия тағайындалды.

2009-2012 оқу жылдары факультеті  т.ғ.к., профессор Р.Ташкараев басқарды. 2011-2012 оқу жылы факультет   «Инженерлі техникалық»  және  «Гуманитарлық»  факультет болып екіге бөлінді. 2012-2014 оқу жылдары  «Инженерлі»  факультет деканы болып  т.ғ.к. доцент А.Т.Медеуов басқарды, 2012-2013 оқу жылы 20 студент мемлекеттік грант иегері атанып стипендия тағайындалды. 2023-2024 оқу жылы   факультеттің құрамына  «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы қосылды. Жалпы факультет құрамында  5 кафедра  жұмыс істеуде.

Университеттің білім беру қызметі әр түрлі санаттағы студенттердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

2023-2024 оқу жылында  біздің факультетте  9  студент грант негізінде білім алуда. Факультетте аз қамтылған, жағдайы төмен, ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттерге көптеген мүмкіндіктер жасалады.

2019-2024 оқу жылынан бастап 6В02110-«Дизайн» және «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламалары бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен «ЖОО-да оқуға арналған білім беру гранты» стипендиаты ретінде 5 студент оқуын жалғастыруда:

5 курс -6В021110 «Дизайн»

JB 211-19

1. Абдалиев Дархан Женгисулы
1. Жунисбек Актоты Усенқызы
2. Мелдеханов Нуркен Серикулы
3. Нурхат Аружан Адилбайқызы
4. Хабиболлаева Жаркынай Алтынбекқызы
5. Амангелды Нурберген Алгаулы
6. Лесбек Бейбарыс Алмасулы

«Қазақстан жалқына» қайырылымдылық қорының білім грантын  6В14440- «Дене шынықтыру және спорт» білім беру

бағдарламасының және  6В07310- «Сәулет» білім беру бағдарламасының  1 курс студенттері  иеленді.

6В14440- «Дене шынықтыру және спорт»

JB144-23

1. Серікбаев Азизбек Асқар

6В07310- «Сәулет»

JB731-23

1. Лесбай Бексұлтан Абдувалиұлы

Университет тапарынан әлеуметтік жағдайы нашар, жетім, жартылай жетім, мүгедек және көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге оқу ақысынан 10-50% мөлшерлемеде  32 студентке жеңілдік шарттары қарастырылған, одан басқа 6  тұл жетім студенттерге 100% мөлшерлеме жеңілдіктер берілген.

Жаратылыстау-инженерлі факультеті: «Химия және биология», «Математика және информатика», «Мұнай және құрылыс өндірістері», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Дене шынықтыру және спорт»  болып 5 кафедрадан құралған көп салалы, кредиттік негізінде білім беретін күндізгі оқу бөлімі. Факультетте 16 мамандық бойынша  студенттер  білім алуда.

Факультеттің оқу процесінде 152 профессор-оқытушылар  жұмыс істейді, оның ішінде  17 ғылым докторлар мен профессорлар,  25 ғылым кандидаттары мен доценттер,  8 PhD доктор, 81 магистр және аға оқытушылар, т.б.

Бітірушілеріміз білім беру және әлеуметтік салаларда жемісті еңбек етіп жүр. Таланттары,  білімдері мен елге танылып, басшылық қызмет атқарып жүргендері де қаншама. Факультетімізді бітіріп шыққан студенттер қазіргі  таңда әр-түрлі салада  қызмет етіп келеді, атап кетсек 2014 жылы «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»  мамандығын бітірген Құлтасова Маржан Даулетовна – «Қазпошта» АҚ  меңгерушісі болып қызмет етуде, 2014 жылы «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын бітірген,  Қасымбекова Гүлзира Қайратқызы «Қазақтелеком» АҚ маман болып қызмет етуде,

«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын 2015 жылы бітірген, Катешов Қанат Талғатұлы  Шымкент политехникалық колледжінде оқытушы болып білім береді.

2015 жылы бітірген Турабеков Нурбек Ағабекугли Астана қаласындағы  әкімшлік құрылыс саласының маманы. «Дизайн» мамандығын 2015 жылы бітірген  Мусабеков  Бауыржан Олимжанұлы Астана қаласында дизайнер-архитекторы қызметінде жұмыс жасайды,  «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»  мамандығын 2014 жылы бітірген Жүрсін Нұрболат Әлімханұлы, 2015 жылы университет ішіндегі «JasOtan» жастар қанатының төрағасы болып тағайындалады. Осы жылы өз белсенділігінің, елге деген жан аямас еңбегінің арқасында ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан алған алғыс хат Нұрболаттың болашаққа деген көзқарасын түбегейлі өзгертті.

Ғаниұлы Дәурен  2016 ж ҚИПХДУ- нің РЭТ факультетінде РЭТ-лар бакалавры, 2015 ж Астана  қаласында өткен «Нур Отан» партиясы «Жас Отан»  жастар қанатының ІІІ съезінің делегаты,  2019 ж. Шымкент жастар мәслихатының депутаты. Жастар жылы аясында ұйымдастырылған Жастар кадрлық резерві жобасының қатысушысы, қазіргі таңда ҚР

Парламенті сенатында Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде консультант және комитетке қатысты сенат депутаттарының (іс-қағаздарын реттеуші) көмекшісі, және т.б.

  Біздің бітірушілер-біздің мақтанышымыз.Университетімізде  білім алып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жақсы қырларымен көріне білген студенттерге университет жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер жасады.

2015-2016 оқу жылы факультет атауы  Жаратылыстану-инженерлі болып  өзгертілді, қазіргі таңда факультетті   аға оқытушы, магистр З.Қ.Илесов  басқарып келеді, бүгінде студенттерге жан-жақты, заман талабына сай  білім берудің жаңа технологияларын оқу процесіне ендіре отырып, қызмет жасап келеді.

Факультет туралы

Білім беру қызметінде біліктілігі жоғары мамандар, олардың қатарында ғылым, білім саласының мемлекеттік сыйақы лауреаттары, педагогикалық және ғылыми қызметте тәжірибесі мол атақты ғалымдар, академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер, PhD докторлар мен оқытушылар бар.

Факультет Сіздерге оқу-өндірістік және дипломалды өндірістік тәжірибеден өтуді еліміздің және қаламыздың алдыңғы қатарлы мекемелерінде, мемлекеттік ұйымдарында өтуге зор мүмкіндік ұсынады.

Жаратылыстану-инженерлі  факультетінің студенттері тек терең білім алып қана қоймай, ой өрістерін дамытып, мәдениеттілік пен мобильділік, креативті әрі көшбасшылық қасиеттерге ие бола алады.

Бұл біздің болашақ жетістігіміздің кепілі болмақ.

    Оқу процессін 5 кафедра қамтамасыз етеді:

«Информатика және математика» кафедрасы  Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к., доцент  М.Амандиков
«Химия және биология» кафедрасы  Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к., профессор Р.Ташқараев
«Радиотехника, электроника және телекроммуникациялар» кафедрасы  Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к.,доцент Абдираманова Қ.Ш
«Мұнай және құрылыс өнідірстері» кафедрасы  Кафедра меңгерушісі: т.ғ.к., доцент Г.Махмудова
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы Кафедра меңгерушісі: ҚР  спорт шебері, А.А.Айтжанов

Қазіргі таңда факультетте 17 мамандық бойынша бакалавр   мамандары даярланады.

Техникалық мамандықтар
1 6В015-Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау 6В01508 – «Математика»
6В01521 – «Математика-Физика»
6В01509 – «Информатика»
6В01540- «Химия»
6В01545- «Химия-Биология»
6В01550- «Биология»
6В01440- «Дене шынықтыру және спорт»
2 6В021-Өнер 6В02110-«Дизайн»
3 6В061-Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 6В06126 – «Информатика»
6В06138- «Ақпараттық жүйе»
6В06130- «Есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыз ету»
4 6В062-Телекоммуникация 6В06210- «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
5 6В071-Инженерия және инженерлік іс 6В07110- «Электроэнергетика»
6В07120- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
6 6В073-Сәулет және құрылыс 6В07310- «Сәулет»
6В07320- «Құрылыс»
6В07323- «Су мен жабдықтау және кәріз»
7 6В01440- «Дене шынықтыру және спорт»

Болон процесінің міндетті параметрінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық тұрғысынан республика оқу орындары мен алыс-жақын шетел оқу орындарында білім алмасу қарастырылған.

Ғылыми-зерттеу үйірмелері, көңілді тапқырлар клубтары, студенттік көркемөнерпаздар және спорттық үйірмелері студенттердің сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізеді. Жаратылыстану-инженерлі факультетінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Студенттер  ғылыми үйірмелерге, ғылыми жобалар конкурсына, республикалық конкурстарға, олимпиадаларға, студенттік конференцияларға қатысады. Факультетте «Жас  радиотехник», «Электроншы», «Жас математик», «Жас информатик», “Жас мұнайшы”,”Жас құрылысшы”, «Өнер қанаты», «Жас биолог», «Жас химик» үйірмелеріне  330 студенттер қатысады.

Студенттерге әлеуметтік жағдай барынша жасалған. Соңғы үлгідегі кітапхана, электронды оқу залы, тегін интернет, акт залы, спорт залы, дәрігерлік кабинет, асхана, жатақхана, міне осылардың барлығы студенттерге алаңсыз білім алуға жағдай жасайды.

Факультет студенттеріне білім беру үшін университетке жыл сайын алыс-жақын шетелдер жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырылып тұрады.

Бітірушілеріміз білім беру және әлеуметтік салаларда жемісті еңбек етіп жүр. Таланттары,  білімдері мен елге танылып, басшылық қызмет атқарып жүргендері де қаншама.  

Жұмыс бағыты:

– Топтарда кураторлармен жүзеге асырылады;
-Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына, оқу танысу, өндірістік және диплом алды іс тәжірибелеріне жетекшілік ету.
-Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру.
-Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.
-Студенттердің тәрбие жұмысы, академиялық оқу,арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс бағдарларына типтік бағдарламалар негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
-Студенттермен тәрбие жұмысы, академиялық топтарында тәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы қабылданған стратегиялық бағдарламаларда жоғары кәсіби деңгейдегі, еңбек нарығындағы бәсекелес, қазіргі инновациялық технологияларды меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге дайын, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығы бар мамандарды даярлау мақсаты қойылған.

Факультет құрылымы

Факультет деканы:

Факультетті қазіргі таңда химия ғылымдарының кандидаты, профессор Махмудов Жамалиддин Усманұлы басқарады.

Декан орынбасары 

Илесов Заңғар Қонысбекұлы

«Экономика және құқық»  кафедрасының магистрі аға оқытушысы.

З.К.Илесов 1977 жылы туылған, негізгі мамандығы заңгер. 2005 жылдан 2011 жылға дейін сырттай бөлімнің декан орынбасары қызметін атқарған.Инженерлі-гуманитарлық университетінде 2011-2015ж.ж. аралығында Жастар комитетінің төрағасы. «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы. 2005 жылдан 2011 жылға дейін сырттай оқу бөлімнің декан орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылдың шілде айынан жаратылыстану-инженерлік факультетінің декан орынбасары.

Қызметкерлер

Еңбек жолы

1992-1996 жылдары Қазығұрт аудандық көпсалалы училищесінде  агрономия және биология оқытушысы болып жұмыс атқарды;

1996-1998 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде аға лаборант қызметінде жұмыс атқарды;

2000 по 2018 жылдары кадр бөлімінің маманы қызметінде әр-түрлі мекемелерде жұмыс атқарды;

2019 жылдың ақпан айынан академик Ә.Қуатбеков атындағы университетінің кадр бөлімінің маманы, осы жылдың наурыз айынан бастап кадр бөлімі бастығының орынбасары қызметін  атқарды;

2020 жылдын  қазан айынан  бастап Жаратылыстану-инженерлі факультетінің әдіскері қызметінде жұмыс атқарып келеді;

Қосымша мәліметтер:  WORD,  Excel компьютерлік бағдарламаларын игерген, іс-жүргізу жұмысын біледі.


Жабаева Айдана Рысбаевна

Аға әдіскер


Рамазанова Асель Сакеновна

Оператор

Оқу үдерісі

Академиялық ұтқырлық дегеніміз  – бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.

Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық – білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.

Сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық бар.

Сыртқы академиялық ұтқырлық – бұл студенттердің шет елде білім алуы, сонымен қатар, оқытушы-зерттеушілердің шет елдік білім беру және зерттеу мекемелеріндегі жұмысы

Ішкі академиялық ұтқырлық – Қазақстанның жетекші оқу орындарында білім алушылардың оқуы және оқытушы-зерттеушілердің жұмысы

Ішкі академиялық (қазақстандық) ұтқырлық – бұл студенттердің білім алуы, оқытушы-зерттеушілердің семестрге немесе оқу жылына білім алуға немесе зерттеу жүргізуге өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде) жіберу. Өз жоғары оқу орнындағыдай білім беру бағдарламаларын міндетті түрде меңгеру қажет.

Ішкі академиялық ұтқырлықты офис-тіркеуші және академиялық ұтқырлық қызметі (Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының координаторы) жүзеге асырады.

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша төмендегі құжаттар тапсырылады:

1) Ректордың атына өтініш;

2) Нотариальды бекітілген шақырудың қазақ немесе орыс тіліндегі көшірмесі;

3) Білім алушының өтініші;

4) Үшжақты келісімшарт;

5) Факультет Ғылыми кеңесінің көшірмесі;

6) Транскрипт;

7) Шет  тілін  меңгергені туралы сертификат;

8) Жеке оқу жоспары;

9) Мед. анықтама (форма №082).

Дуалды оқуыту 

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз  теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.  Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі – Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

Факультетте толық кредиттік технология жүйесінде оқытылады.

Жетістіктер

Жаратылыстану-инженерлі факультетінің білім беру бағдарламаларының мамандырылған аккредитациясы.

Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті 2022 жылдың маусым айынан бастап 6В01508-«Математика», 6В01509-«Информатика», 6В06130-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В01140- «Дене шынықтыру және спорт»  білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредитацияның 3-ші кезеңінен өтті.

Бағдарламалар Аккредиттеу күні Аккредиттеу мерзімі Аяқталу күні
1 6В01508-Математика 29.06.2022 3 года 28.06.2025
2 6В01509-Информатика 29.06.2022 3 года 28.06.2025
3 6В06130-Еептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 29.06.2022 3года 28.06.2025
4 6В01440-Дене шынықтыру және спорт 29.06.2022 3года 28.06.2025

2023 жылдың 22 желтоқсанынан бастап «Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті» мекемесінде «Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу орталығы»  келесі білім беру бағдарламалары бойынша институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалады. «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің» мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкес келеді.

Бағдарламалар Аккредиттеу күні Аккредиттеу мерзімі Аяқталу күні
1 6В07120-Органикалық заттардың химиялық технологиясы 22.12.2023 22.12.2023 22.12.2028г
2 6В07320-Құрылыс 22.12.2023 22.12.2023 22.12.2028г
3 6В02110-Дизайн 22.12.2023 22.12.2023 22.12.2028г
4 6В06210-Радиотехника,

электроника и телекоммуникациялар

22.12.2023 22.12.2023 22.12.2028г

2024 жылғы 5 сәуірден бастап келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеудің 5-ші кезеңі өтті:

Бағдарламалар Аккредиттеу күні Аккредиттеу мерзімі Аяқталу күні
1 6В01521-Математика-физика 05.04.2024г 05.04.2024г 04.04.2029г
2 6В01545-Химия-Биология 05.04.2024г 05.04.2024г 04.04.2029г
3 6В06138-Ақпараттық жүйелер 05.04.2024г 05.04.2024г 04.04.2029г
4 6В07110-Электроэнергетика 05.04.2024г 05.04.2024г 04.04.2029г
5 6В07310- Сәулет 05.04.2024г 05.04.2024г 04.04.2029г

Жұмыс берушілер, бітірушілер

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті.

2023 жылдың 27 маусымында  Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 2022-2023 оқу жылының түлектеріне дипломдарды тапсырудың жауапты да маңызды рәсімі өтті.

Биылғы жылы Жаратылыстану-инженерлі факультетінде 16 білім беру бағдарламалары бойынша білім алып шықты. «Математика», «Математика-физика», «Информатика», «Есптеу техникаы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Биология», «Химия», «Құрылыс» «Дизайн», «Сәулет»  білім беру бағдарламалары бойынша  376 білім алушы аяқтады. Соның ішінде 29 білім алушы үздік дипломға ие болды. Факультетте техникалық, педагогикалық бағыттардағы  кәсіби мамандарды даярлап шығарды.

Дипломды тапсыру рәсіміне  м.ғ.д, профессор – ректор Қуатбекова Рабиға Абдумусақызы, х.ғ.к., профессор – негізін қалаушы Қуатбекова Карамат Пердешевна, т.ғ.к. профессор – президент Қуатбеков Нұрлан Абдумусаұлы, Тәрбие және жастар жөніндегі проректоры Б.Садыков, факультет декандары және  Түркістан облысының белгілі кәсіпкері, облыстық малихатының депутаты  Абишев Н.А., «Өрлеу» біліктілікті арттыру үлттық орталығының директоры  Искакова Л.  т.б. қатысты.

Салтанатты жиынды университеттың ректоры- Рабиға Абдумусақызы  ашты.

Ректор өзінің құттықтау сөзінде болашақ түлектерге – «Өзгеріске бейім, ізденімпаз,  қоғамға қызмет, еңбек ету, үздіксіз жаңа білім алу, өз ісінің білікті маманы болу, деп жақсы тілектерін айтты. Дана халқымыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» деп текке айтпаған. Сіздер қара шаңырақ қабырғасында білім алумен қатар, университетте өткізілген қаншама игілікті шаралардың бел ортасында жүріп, мол тәжірибе жинадыңыздар. Өздеріңізді игілікті қоғамдық бастамалардың ұйымдастырушысы ретінде қалыптастыра алдыңыздар. Тәуелсіз мемлекетіміздің игілігі жолында атқаратын кәсіби ізденістеріңіз бен зерделі еңбектеріңізге жемісті жетістіктер тілеймін», – деді ректор.

Одан кейін мерекелік іс-шара дипломдарды табыстаумен жалғасты. Әр түлек – ректор Рабиға Абдумусақызы  және  факультет декандарының қолдарынан дипломдар алды.

Түлектерге арналған диплом табыстау салтанатты кеші концерттік бағдарламамен жалғасты. Салтанатты кеште бір топ Қазақстан Республикасының  белгілі әншілері Сиви Махмуди, Шах Атажанов, танымал шоумен, актер Қабдол Тлеков т.б. түлектерге өз құттықтауларын, әсем әнмен, арнауларын жолдады.

Университет ұжымы атынан  ХДУ-нің 2023 жылғы барлық түлектерді шын жүректен құттықтаймыз!


Студенттер үшін барынша әлеуметтік жағдайлар жасалған. Ең жаңа кітапхана, электронды оқу залы, тегін интернет, акт залы, тренажер залы, дәрігер кабинеті, асхана, жатақхана, мұның бәрі студенттерге алаңсыз оқуға мүмкіндік береді.

Жыл сайын университетке факультет студенттерін оқыту үшін жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырылады.

Біздің түлектер білім беру және әлеуметтік қызметтер саласында табысты жұмыс істеуде. Олардың көпшілігінде елде талант, білім, тану және көшбасшылық бар.

Біздің факультеттің түлектері білім беру және әлеуметтік салаларда табысты жұмыс істеуде. Олардың арасында көптеген танымал талантты басшылар бар.

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының жоспары 2023-2024

Тәрбие жұмысы факультеттің   білім  беру қызметінің маңызды құрамдас  бөлігі  болып келеді және оқу жұмысы барысында және де оқудан тыс уақытта үздіксіз жүзеге асырылады.

Факультетте тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу «Жоғары және жоо-нан кейінгі кәсіби білім беру туралы» Заңның  талаптарының негізіне, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдеріне, ЖОО-ң  жергілікті  нормативті-әдістемелік актілеріне сәйкес жасалады.

Факультетте тәрбие жұмысы жоспарланып 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілген. 2023-2024 оқу жылына   жаратылыстану-инженерлі факультетінің  оқу топтарында тәрбие жұмысының  бағдарламасын жүзеге асыру және  студенттік  өмір   мәселелерін  шешу  үшін топ тәлімгерлері  мен эдвайзерлер өкіммен бекітілді. Тәрбие қызметін тікелей ұйымдастыру тәрбие жөніндегі  проректормен жүзеге асырылады. Университеттің тәрбие  бөлімінің қызметкерлері, кафедраның  топ тәлімгерлері  мен эдвайзерлер жұмыс жасауда. Студенттер  университет, факультет және кафедраның қоғамдық жұмысына белсенді қатысуда. Жастарды кәсіби тәрбиелеуде  ұлкен рольді   болашақ жоғары білікті мамандарды кәсіби бағдар беру жөніндегі шаралар атқарады.

2023-2024 оқу жылына  кафедралардың тәрбие жұмысы бекітілген жоспар бойынша  жүргізіліп отыр. 2023-2024 оқу жылына топтарға тәлімгерлер және топ басшылары сайланды. Факультет бойынша аға топ тәлімгері және топ тәлімгерлері мамандықтардың 1 курс студенттеріне университет ережелері мен ішкі тәртіп ережелерін, техникалық қауіпсіздік, этика ережелерін,  оқу үрдісінің жоспарын әр бір рет тәлімгер сағаттары кезінде  түсіндірме жұмыстарын  жүргізді.  Факультеттің  топ тәлімгерлері эдвайзерлер білім алушы студенттерге,  білім беру бағдырламасын дамыту жоспары мен траекториялардың таңдамалығына түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, білім алушылардың болашақ кәсібіне деген ынталығын арттырды.

Топ басшыларын тағайындау туралы өкім 2022-2023
Тәрбие жұмысы жөніндегі жұмыс жоспары 2022-2023
Топ кураторларын тағайындау туралы өкім 2022-2023
Кәсіби бағдар беру жұмысы

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзі қалайтын тиісті мамандықты саналы түрде таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының дамыту міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Жаратылыстану- инженерлі факультеті академик Ә.Қуатбеков атындағы  Халықтар достығы университетінің құрамындағы жаратылыстану, техникалық, педагогикалық кадрларды даярлайтын алдыңғы қатарлы факультеттердің бірі. Төлеби көшесінің бойындағы «А» оқу ғимаратында орналасқан. Біздің факультетте 2000 -нан астам студенттер білім алуда. Студенттер контингенті Қазақстан Республикасы аумағынан бөлек алыс және жақын шетелдерді (Өзбекстан, Туркменстан, Ауғанстан) қамтиды. Олардың сапалы білім алып бәсекеге қабілетті мамандар болып шығуы үшін факультетте ғылыми-педагогикалық қызметпен ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, магистрлер, аға оқытушылар мен оқытушылар айналысады.

Факультетте кафедра оқытушыларымен 2023-2024 оқу жылында  кәсіптік бағдар жұмысы бойынша  бітіруші сынып оқушыларына университет мамандықтары және кафедра мамандығы жайлы, университет жетістіктері, ғылыми бағыттар жайлы мәліметтер беріп, үгіт-насихат жұмыстарын онлайн түрде жүргізілуде.

Әр кафедрада карантин уақытында өз бағыттармен  оқитын студенттерге онлайн режимінде слайдтар, презентациялар дайындалып, instagram және  ватсап арқылы қала мен аудан мектептеріне презентациялар  жіберіліп мектептермен байланыстар жасалды. Презентацияда бітіруші сынып оқушыларымен  мамандықтарды таңдау жайлы және университетке түсудегі жеңілдіктер туралы және мамандық құзыреттіліктері, кәсіби қызмет бағыттары, университет мамандықтары және кафедра мамандығы жайлы, университет жетістіктері, ғылыми бағыттар жайлы мәліметтер  берілген.

Университет қабырғасында болашақ мамандардың кәсіби даярлығына ерекше мән беріп, басты назарда ұстау – әлеуметтік шарттылық және өзекті педагогикалық міндет болып отыр. Жаратылыстану-инженерлі факультетінде оқу-тәрбие процесінің ең тиімді буындарының бірі – педагогикалық іс-тәжірибе екендігі белгілі. Факультетте студенттердің кәсіби даярлығын жетілдірудегі педагогикалық іс-тәжірибе студенттердің мақсаты, әрекеті болып табылады.

Факультете студенттердің кәсіптік іс-тәжірибесінің кестесі жасалынған, конференциялар ұйымдастырылып, топтар, сағат аптасы , өтетін тәжірибе күні, іс-тәжірибе түрі  белгіленген. Кафедраларда оқу-ғылыми-өндірістік кешен, келісім шарттар, ОҒӨК студенттердің іс-тәжірибесін ұйымдастыру, оқытушылардың біліктілігін арттыру, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, бірігіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын, семинарлар, конференциялар жүргізу және т.б. ОҒӨК сабақтар өту, ОҒӨК өткен сабақтардың түрлері, оқу сабақтары мен лекциялар жүргізу үшін тәжірибелі мамандардың шақырылуы, ОҒӨК оқу сабақтарының әдістемелік құралдармен  қамтылуы қарастырылған (2021 жылғы қараша айының  №4  факультет хаттамасында  карастылған). 2023-2024 оқу жылының  I- жарты жылдығында  кәсіптік және педагогикалық іс-тәжірибе өтуге 38 мекеме, 26 мектеп, 11 ЖОО- мен  келісім-шарттар жасалынған.

Факультеттің студенттер арасындағы әр-турлі білім, мәдени-іс шараларға белсенді  қатысушылардың саны аз емес атап айтқанда, Химия мамандығының Т112-15 тобының студенті Тұңғышбай Жансая Махмудбекқызы 2017 жылғы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің  «ХҚТУ Самұрықтары» дебат клубы G-globol ЕХРО-2017 «Болашақ энергиясы» аясында ұйымдастырылған  «БОЛАШАҒЫМЫЗ БІРЛІКТЕ» атты Республикалық  пікірсайыс турниріне қатысып, жастар саясатын іске асыруда үлем қосып, турнирдің жоғары дәрежеде өтуіне барынша атсалысқаны үшін сертификатпен марапатталды. 2018 жылғы «Цифрландыру сауаттылығы – жастар болашағы» тақырыбындағы студенттердің халықаралық ғылыми – теориялық конференциясына қатысып, ІІ орынды  иеленді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында  «Химия»  мамандығы бойынша 2020 жылдың 21-23 мамырында өткен ХІІ Республикалық ОНЛАЙН студенттік пәндік олимпиадаға 3-курс  студенті Шатанова Зияда, Жолдас Сейітқожа қатысты,  «Құрылыс» мамандығының студенттері Тасбулат Буданали  2019 жылы өткен

Инженерлі-техникалық ғылымдар бағыты бойынша  қалалық сайысынан І-дәрежелі дипломды  иеленді, Қайсар Нурбек Қайыржанович ҚР жоғары оқу орындары жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауында Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенті  III-дәрежелі дипломмен марапатталды, Абдулла Мырзалы  Шымкент қаласында өткен конкурсқа  қатысып «Үздік студент» номинация иегері болды, Бейсембаев Ескендір  2019 жылы «Мистер мэи» шоу –  Мәскеу қаласында өткен конкурсына қатысып өнерін көрсеткен, «ОЗХТ» мамандығының студенттері Садыбек Ақкүміс 2019 жылы өткен  Инженерлі-техникалық ғылымдар бағыты бойынша қалалық сайысынан  ІІ-дәрежелі диплом иеленді, сол жылы Елбасының «Алғыс Хатымен» марапатталды. «Дизайн» мамандығының студенті Алтынбек Назымай  2019 жылы  Астана қаласында өткен Өңірлік «Көркем өнер» сайысынан І дәрежелі дипломының иегері атанды.

2021-2022 оқу жылында Республикалық «Жас қанат» байқауында «Сурет» номинациясы бойынша Шымкент қаласында 4 курс студенті Алтынбек Назимай, 1 орын 1 дәрежелі дипломға, 4 курс студенті Ю.Мирманова, Тойлыбай Әнұр 2 орынға ие болды. , 2-дәрежелі диплом, 3-курс студенті А.Абдуганиев және 4-курс  Әріпхан Балжан III дәрежелі диплом, 4 курс студенттері «Химия» мамандығы бойынша студенттерге арналған республикалық студенттер пәндік олимпиадасында, Қызылорда қаласы  III-орын,  III дәрежелі дипломға ие болды .

2018 жылдың 11 сәуір мен 12 сәуір аралығында 5В011200 – «Химия» мамандығының 1 курс студенттерінен құралған команда (жетекші магистрант С. Орманова Б., студенттер Мухамова М., Шатанова У., Қуанышбай Д.) Республикалық Х Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 5В011200 – «Химия» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы студенттік пәндік олимпиада өтіп, 3 орынға ие болды.

Химия және биология кафедрасының студенттері оқу пәндері мен ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша облыстық және халықаралық конференцияларға қатысады.

2020 жылғы 21-23 мамыр аралығында  «Химия және биология» кафедрасының 5В01200 – «Химия» мамандығының студенттері – аға оқытушы, магистр Орманова А.Б жетекшілігімен Шатанова Зияда, Жолдас С. «Химия» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XII республикалық пәндік онлайн олимпиадасына қатысты. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

2020-2021 оқу жылында 5В011200 – Химия мамандығының студенті – Шатанова З.А. бірге Ph.D. «Химия және биология» кафедрасының профессоры Махмудов Ж.У., Алматы қаласында өткен Республикалық НИРС-21 конкурсының «Білім» секциясында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Әсері» тақырыбындағы ғылыми жобамен қатысты. минералды тыңайтқыштар мен биологиялық өнімдер дақылдары мен топырақ құнарлылығы» тақырыбына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

5В011200 – Химия мамандығының студенті Еркінбек Ұлта Малдыбайқызы б.ғ.д. «Химия және биология» кафедрасының профессоры Ташқараев Р.А., Алматы қаласында өткен Республикалық NIRS-21 байқауына Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білім беру» секциясы бойынша «Қуатты суларды деароматизациялау» тақырыбындағы ғылыми жобасымен қатысты. бензол мен толуолдан алынатын отындар».

2021 жылдың 24-30 қараша аралығында  бітіруші курс студенттері  біліктілігін арттыру мақсатында «Өрлеу» АҚ Ұлттық біліктілігін  арттыру орталығында  дайындық  курсынан өтіп сертификат алып шықты:

Химия  білім беру бағдарламасының студенттері
1. Мирсабирова Малика Уткировна
2. Заманова Айжан Бийжигитқизи
3. Еркінбек Ұлту Малдыбайқызы
4. Тастамбекова Мөлдір Саматқызы
Информатика білім беру бағдарламасының студенттері
1. Нурсеитова Зиба Даниярқызы
2. Тұрдымуханбетова Арайлым Ерболқызы
3. Ражапова Адолат Турабековна
4. Назарова Әсия Кобейсиновна
5. Қыдырбай Ақнұр Ертарғынқызы
6. Мәлік Айгүл Құрасбекқызы
7. Әбек Бақытжан Мейрамбекұлы
8. Файзуллаева Васила Бахтияровна
9. Исамидинова Дияна Элмурадовна
10. Тәжібек Динара Мұратқызы

“Информатика және математика” кафедрасының студенттері 2022 жылдың қаңтар айында Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жастарды тәрбиелеу бөлімі ұйымдастырған “IQ STAR” кафедрааралық зияткерлік байқауында 3-орынға ие болды.

Байланыс: 8 (7252) 95-26-16, 115
E-mail: jif_dekanat@mail.ru
Шымкент қаласы, Төлеби к-сі, 32, 405А
Scroll to Top
Scroll to Top