Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жанынан құрылған “Назар” жастар қайырымдылық ұйымы бүгін Шымкент қалалық №2 Оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі ДЦП – мен ауыратын балаларға барып, концерттік көңіл – күй сыйлап қайтты. Әуелеткен әнді де, күмбірлеген күйді де, мың бұралған биді де концерттік бағдарлама барысында тамашалаған балалар шын қуанып қалды. Талантты жастар театрландырылған қойылым қойып, өз өнерлерін көрсетіп мәз мейрам болысты. Қайырымдылық жасауға көп нәрсенің қажеті жоқ. Кеудегіңіздегі титімдей ғана жұмыр еттің таза болуы мен жақсылық жасауға деген ниетіңіз болса жеткілікті. “Назар” жастар қайырымдылық ұйыма қосылуды қаласаңыз хат қалдырыңыз. Біз сізбен байланысқа шығамыз. “Назарды” назардан тыс қалдырмаңыз.
Абай Құнанбайұлы – Шымкентте!
Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің басшылары, оқытушылары мен студенттері опера және балет театрына барып, Абайдың 175 жылдығына орай қойылған “Абай” қойылымында болды. Абайдың рөлін сомдаған бас кейіпкер Халықаралық байқаулардың лауреаты – Марат Оразметов. Қойылым бірнеше көріністен тұрды. Әуелгі эпизодта Ажар мен Айдардың ғашықтығы жайлы болса, екінші бөлімінде оларға қарсы шыққан топ пен арадағы кикілжің жайлы, үшінші көріністе Әзімнің Айдарға у беріп, өлтіруін бейнелейді. Марат ағадан бөлек сахнада Мадихан Дүйсеев, Қайрат Құлыншақов, Жұлдыз Мұсаева, Қарлыға Бердияр, Алексей Скибин, Бақытжан Турсыманов, Рүстем Сейдуллаев, Нұржан Жүсіпбеков, Артықвай Исматуллаев сынды дарынды дарабоздар өнер көрсетті. Қойылымнан рухани азық алған жастар өнер иелерімен естелікке түсіп, шат – шадыман қайтты. Алдағы уақытта тағы қойылым жағалап келетінін жеткізгендер де болды.
ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС – ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
https://udn.edu.kz/kk/2019/02/21/%D0%B4%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D0%BA%D1%83%D0%B1%D0%BE%D0%B3%D1%8B-%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B-%D0%BA%D1%96%D1%88%D1%96-%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BD/
https://udn.edu.kz/kk/2019/01/30/%D0%B1%D0%B8%D1%8B%D0%BB-%D0%B1%D1%96%D0%B7-%D1%87%D0%B5%D0%BC%D0%BF%D0%B8%D0%BE%D0%BD-%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D0%B7/
https://udn.edu.kz/kk/2019/01/30/%D0%B6%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD-%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%BC%D0%B0%D1%83%D1%81%D1%8B%D0%BC%D0%B0%D1%88%D0%B0%D1%80%D1%8B-%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%82/
https://udn.edu.kz/kk/2019/01/23/2019-%D0%B6%D1%8B%D0%BB-%D0%B6%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80-%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D1%8B/
https://udn.edu.kz/kk/2018/11/28/7772/
https://udn.edu.kz/kk/2018/11/22/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D0%B4%D1%96%D0%BD%D0%B8-%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%B6%D0%B0%D1%81%D1%82/
https://udn.edu.kz/kk/2018/11/17/%D1%81%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%80%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%82%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BD-2/
Қазақстан инженерлі – педагогикалық Халықтар достығы университеті құрылғаннан бері университет басшылығы жастар жағына өте қатты көңіл бөліп келеді. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында жастардың бойына ұлттық рухани және патриоттық тәрбиелер бағытында түрлі іс – шаралар өткізіп келеміз. 2016-2017 оқу жылынан бастап университет басшыларының қолдауымен жастар ісі жөніндегі комитет атауы жастар ісі жөніндегі бөлім болып өзгертілді. Бөлім құрылымында үш маман қызмет жасайды.
– Бөлім бастығы;
– Мәдени іс – шараларды ұйымдастыру маманы;
– ЖІЖ бөлім маманы;
Бөлімнің негізгі міндеті қоғамдық жастар ұйымы мен бірлестіктерді үйлестіру болып табылады. Жастар ісі жөніндегі бөлім белсенді, талантты студенттерді танытып, студент жастар үшін түрлі жобалар жасап, пікірсайыс турнирлер, түрлі акциялар, флешмобтар және студенттердің өзін-өзі басқару жетекшілері арасында семинар – тренингтер, конкурстар ұйымдастырылады. Студенттің жан-жақты дамуы мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыруда қоғамдық ұйымдардың мәні зор. Бүгінгі таңда Жастар ісі жөніндегі бөлімде студенттік ұйымдар, бірлестіктер, клубтар жұмыс істейді.
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының концепциясы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген құқықтарды сақтауы қамтамасыз ету;
– Университетте әрдайым жастар саясытын іске асыру жұмыстарын өткізу;
– Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
– Университет студент жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау;
– Студенттердің патриоттылығы мен азаматтылығын дамыту;
– Студент жастарды жастар бағдарламаларын жүзеге асыруға қатыстыру;
– Оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу үрдістерінің жұмысын жақсарту;
– Университеттің студент жастарының заңға қайшы іс-әрекеттерін жою жұмыстарын жүргізу;
Қалдыбек Бей-Барс 1 шілде 1995 жылы Арыс қаласында дүниеге келген.
2002 жылдан 2013 жылға дейін, Шымкент қаласы, Қайтпас-2 мөлтек ауданы №59 жалпы орта мектепті бітірді.
Білімі жоғары 2013-2017 жж.Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің 5В030100-Құқықтану мамандығы бойынша диплом
Еңбек жолы 2017 жылдан бастап ЖІЖ бөлімінің маманы.
Жеткен жетістіктері:
2019ж. – Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі, мамандығы: «6М050600-Экономика». Біліктілігі «Экономика ғылымдарының магистрі».
10 республикалық және халықаралық конференциялар жинағында ғылыми мақалалары жарияланған
2015ж. – ОҚО әкімдігі облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хаты;
«Жас Отан» партиясының мүшесі (2018ж.)
«Нұр Отан» партиясының мүшесі (2018ж.)
2018ж.- «Үздік жас» медалі. (ҚИПХДУ)
2019ж.- Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті ректорының Алғыс хаты
2019ж.- Қазақстан студенттері Альянсы Президентінің Алғыс хаты
2019ж.-Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің ректоры, профессор Р. Қуатбекованың алғыс хат иегері
@edilbaev088
Әлібек Бексейт Әшірбекұлы
Шымкент қаласы, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
Халықаралық байқаулар, турнирлер, іс-шаралар:
- «Азия балаларды қолдау» фонтының ұйымдастыруымен Қырғыстан Республикасында өткен «Dostuk Cup» пікірсайыс турнирінің 1-орын иегері. Бішкек, 2019;
- «ZEREN-2019» халықаралық жастар жазғы лагерінде өткен стартап жобалар байқауының жеңімпазы. Зеренді, 2019;
- «FP CUP 2019» Халықаралық пікірсайыс турнирінің Бас төрешісі, Шымкент, 2019;
- «Қазіргі әлемдегі ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ: ХХІ ғасырдың проблемалары» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушысы, Нұр-Сұлтан, 2019;
- ТМД мемлекеттерінің жастар форуымының қатысушысы, Шымкент, 2019;
- Международный форум лидеров и молодежных организаций «Сотрудничество без границ» участник, Шымкент, 2019;
Республикалық турнирлер, байқаулар, іс–шаралар:
- «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Жас қыран» атты республикалық форумының, «Үздік студент – 2019» республикалық төсбелгісінің иегері, Нұр-Сұлтан, 2019;
- «Жастар еліміздің болашағы» атты республикалық форумға шақырамыз. Форум аясында «XXI ғасыр көшбасшысы – үздік студент» атты республикалық төсбелгісінің иегері, Нұр-Сұлтан, 2019;
- Маңғыстау облысының әкімдігі, тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жастар жылы – жастар көзімен» атты турнирінде «Үздік спикер» номинациясының иегері, Ақтау, 2019;
- М. Х. Дулати атындағы ТарМУ ректор кубогына арналған «TarSU CUP VII» пікірсайыс турнирінің «Үздік делегация» номинациясының иегері, Тараз, 2019;
- «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры М. Төлебай алғыс хат иегері, Түркістан, 2019;
- ОҚМА 40 жылдығына орай өткен «Ел болашағы – дарынды жастар» атты пікірсайыс турнирінің төрешісі, Шымкент, 2019;
- Абай атындағы ҚазҰПУ ректор кубогына арналған «Ұлы дала жастары» атты «ATAMEKEN CUP XI» пікірсайыс турнирінің қатысушысы, Алматы, 2019;
- ОҚМПУ ұйымдастыруымен «Сегіз Сері кубогы» атты ашық аймақтық пікірсайыс турнирінің Альфа лигасында 2-орын иегері, Шымкент, 2019;
- «Қайырымдылық адам жанының нұры ІІ» атты ашық аймақтық турнирінің «Үздік сараптамашы» номинациясының иегері, Шымкент,2019;
Облыстық, қалалық байқаулар турнирлер:
- «SHIPA AWARDS – 2019» Шымкент интелектуалды пікірсайысшылар академиясының ұйымдастыруымен өткен пікірсайыс үздіктерінің «Ең үздік ұстаз» марапатының иегері, 2019;
- «SHIPA AWARDS – 2019» Шымкент интелектуалды пікірсайысшылар академиясының ұйымдастыруымен өткен пікірсайыс үздіктерінің «Ең үздік турнир» ұйымдастырушысы, 2019;
- Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлермен бірге өткен дебат турнирінің 1-орын иегері, 2019;
- Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Бейбіт болашақ» қоғамдық бірлестігі және «Жалынды жастар» пікірсайс клубының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіз ел тірегі – ерікті жастар» атты турнирінің «Ең үздік төреші» номинациясының иегері, 2019;
- Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Болашақ» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен «Білікті жастар – ұлт болашағы» атты қалалық турнирінің 2-орын иегері, 2019;
- «Ғаламат» қоғамдық және Шымкент қалалық дін істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастырған «ЖОО жемқорлықты жою» атты турнирдің 3-орын иегері, 2019;
- SILKWAY Халықаралық университетінің президенті Юнусов М. кубогына арналған, қаламыздағы үздік пікірсайысшылардың арасында өткен «Мен жастарға сенемін» атты қалалық турнирінің
3-орын иегері; 2019
- ОҚМУ-нің ұйымдастыруымен өткен «Болашақ – бүгіннен басталады» атты қалалық пікірсайыс турнирінің «Үздік төреші» номинациясының иегері,2019;
- Академик Ә. Қуатбеков атындағы ХДУ ректорының «Оқу – тәрбие және қоғамдық жұмыстарының үздігі» медалының иегері, 2019;
- Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректорының Алғыс хат иегері, 2019;
Атқарған қызметтері:
- 2017-2018 жылдар аралығында ҚИПХДУ студенттік ректоры;
- «Алаң» жастар пікірсайыс орталығының негізін қалаушысы, 2016;
- 2019 жылдан Шымкент қаласындағы №23 мектеп-лицейі, № 47 мектеп гимназия, №88, №37 ЖОМ пікірсайыс бойынша жетекшісі,
- «Нағыз пікірсайыс Алаңы ІІІ» атты ашық аймақтық пікірсайыс турнирінің Бас төрешісі, 2019;
- «Friendship of Peoples 2019» атты Халықаралық пікірсайыс турнирінің Бас төрешісі, 2019;
Бүгінгі таңда 35 республикалық 60 облыстық және қалалық турнирлерінің қатысушысы.
Қазіргі уақытта Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Гуманитарлық-педагогикалық факултетінің Қазақ тілі және Әдебиеті мамандығының 4-курс студенті.
Мақсаты: Мемлекетіміздің сапалы, бәсекеге қабілетті, білімді де білікті маман болып, ел мүддесі үшін аянбай қызмет ету.