«Филология» кафедрасы

Кафедра жаңалықтары

12.04. 2024 жылы Алматы қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен академик Ә. Қайдар атындағы «ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ» атты Қазақстанның ЖОО арасында өткізілген Республикалық байқауға қатысты

22.02.2024 жылы 6В01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарлмасы студенттеріне, 7М01710 –Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының магистранттарына Сәкен Жүнісовтің 90 жылдығына арналған «Қазақ сөз өнерінің майталманы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде тағылымдамадан шетелдік оқу орындарымен байланыста өткізу жоспарланған.
20. 02.2024 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Өзбек мемлекеттік Әлем тілдері университеті мен Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушы – профессорлары тағылымдамадан өту мақсатында оқу орнымызға келді. Олар 20.02.2024 жылы «Филология» кафедрасы оқытушы – профессорларының, 6В01720- Орыс тілі мен әдебиеті, 6В01710- Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы студенттерінің, 7М01710-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранттарының қатысуымен «Филология ғылымын зерттеудегі әлемдік және ұлттық трендтер»тақырыбында халықаралық ғылыми –әдістемелік семинар өткізді. Семинарда Өзбек мемлекеттік Әлем тілдері университеті «Өзбек тілі мен әдістемесі» кафедрасы, филология ғылымдарының докторы , профессор Д.С.Кулмаматов «Названия восточных дипломатических делах Пасольского приказа ХVII в.», Өзбек мемлекеттік Әлем тілдері университеті «Заманауи өзбек тілі»кафедрасынан PhD доктор, доцент Джусупова Айгуль Талиббаевна , Шыршық мемлекеттік педагогикалық университеті, PhD доктор, доцент Екабсонс Александра Валерьевна «Литературный процесс: генезис и традиции»тақырыбында, PhD доктор, доцент Кененбаев Еркин «Интернет – коммуникация в проекции ее влияния на самореализацию виртуальной личности» тақырыбында баяндама жасады. Өз жұмыстарын ғылыми-әдістемелік семинар өткізуден бастаған шетелдік оқытушы –профессорлар 6В01720- Орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы студенттеріне дәріс өткізуде.


7.02.2024 жылы Ақтөбе қаласындағы Халықаралық білім беру және тренинг орталығы ұйымдастырған “Үздіксіз білім берудің, цифрлық және білім беру технологияларының  стратегиялық бағыттары” тақырыбындағы халықаралық – практикалық конференцияға кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы, филология ғылымдарының докторы Жаңабекова Айман Әбділдақызы, магистр,  аға оқытушы Алшынбеков Қазақбай Өткірұлы қатысты. Конференцияда Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің аға оқытушысы,  филология ғылымдарының докторы Жаңабекова Айман Әбділдақызы “Қазақ тілін оқытуда цифрлық ресурстарды жасақтау” тақырыбында баяндама жасады. Конференцияда қазіргі таңдағы білім беру бағдарламаларын жаңартудың өзекті мәселелері мен оны шешудің жолдары қарастырылды.

Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры, химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлт ұстазы Кәрамат Пердешқызы 80 – жаста!

Мамандығым-болашағым

19.01.2024 жылы Филология кафедрасының меңгерушісі, доцент Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы кәсіби бағдар жұмыстарымен  Шымкент қаласындағы №138 жалпы орта білім беретін мектеп бітірушілерімен, жас мұғалімдермен кездесті. Мектепте бітіруші 3 сыныпта 67 оқушы білім алуда. Олармен кездесіп, біздің университет дайындайтын білім беру бағдарламаларымен, жас мұғалімдерді магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларымен таныстырдым. 6В01710-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының түлегі Сүйіндік Диана осы мектептің үздік мұғалімдер қатарында екендігі туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Тұрлыбеков Айдар  Тұрсынбекұлы  айтты. Оқушылар қызығушылық танытып,бірнеше сұрақтарына жауап алды.

Оқытушы-профессорлар құрамы республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысты

Жалпы мағлұмат
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы

«Филология» кафедрасы 2000 жылдың қыркүйегінде құрылды. 2016 жылдың мамыр айынан бастап «Филология және тілдер» кафедрасы болып өзгертілді. 2022 жылдың қыркүйегінен – «Филология» кафедрасы. Кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы басқарады. Кафедра қазақ және орыс тілдерін оқыту саласы болып табылады. Кафедрада университеттің бірегей зияткерлік әлеуетін білдіретін ғалымдар, жоғары білікті оқытушылар шоғырланған.

Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» белгісімен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, ҚР Ұлттық бизнес-рейтингінің қорытындысы бойынша «Ұжымның мақтанышы» медалімен, «Ынтымақ жолы» республикалық қоғамдық қорының шешімімен, «Тұлға тағылымы» ерен еңбегі үшін – «100 есім» төсбелгісімен, «Bilim ORKENIETI» ұлттық инновациялық зерттеулер орталығының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін, «Жылдың жүз үздік қазақ тілі мұғалімі» төсбелгісімен, «Білім беру көшбасшысы» төсбелгісімен, «Ұстаз жолы» республикалық қоғамдық қорының шешімімен, «Білім беру үздігі» төсбелгісімен, «Үздік қызметші» медалімен, «Тәуелсіздік 25 жыл» медалімен марапатталған оқытушы – профессорлар құрамы қызмет атқарады. Кафедра жоғары оқу орындарымен келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді:


– жоғары білікті мамандарды даярлау;

– ғалым – педагогтарды даярлау;

– біліктілікті арттыру;

– ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

– ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін өндіріске ендіру;

– ғылыми конференциялар өткізу және т. б.

Кафедраның оқытушы – профессорлар құрамы – 43. Олардың ішінде:

Ғылым докторы, доцент-4

Ғылым кандидаттары-22

Аға оқытушылар – 5

Магистрлер, аға оқытушылар -8

Магистр оқытушы-1

Зерттеуші-1

Бірінші санатты оқытушы-3

Кафедраның ерекшелігі: Әдеби шығармашылық және тіл, орыс тілі бойынша мамандандырылған академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіндегі бірден бір білім, ғылым және тәрбие саласын дамытуды қолға алған кафедра.

Кафедра мақсаты: Тіл білімі саласындағы әдеби шығармашылық туындыларды, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгерту, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде бәсекеге қабілетті мамандардың кәсіби қалыптасуы мен орнығуын қамтамасыз ету.

Кафедра міндеті:

  • тіл теориясы, әдебиет тарихы мен сыны, әдеби шығармашылық, тіл білімінің саласында ғылыми – зерттеулер жүргізу.
  • профессор-оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру;
  • қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сай тілші, әдебиетші мамандарды даярлау;
  • мәдениетаралық коммуникация бойынша оқу үрдісін қазіргі заманауи дидактикалық деңгейде ұйымдастыру.

Кафедраның стратегиялық мақсаты:

  • ISO 9001 (халықаралық) стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу және сертификаттаудан өту;
  • іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының инновациялық бағытын айқындау;
  • оқу жылында профессор-оқытушылар құрамы жоғары индекстелген    Scopus журналдарында 6 ғылыми мақала шығарды;
  • студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру;

Кафедраның 6В01710-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 7М01710 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» бойынша білім беру бағдарламалары 2018 жылы 12-14 ақпан күндері тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінде (НААР) мамандандырылған аккредиттеуден өтті және 5 жылға сәтті сертификатталды.

2018 жылы кафедраның «6В01710-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы бакалавриат мамандарын даярлау деңгейлері мен бағыттарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (НААР) рейтингісіне қатысып, онда – 8 орынды иеленді.

Жеке парақша
Оқытушының аты-жөні Қызметі, ғылыми дәрежесі ғылыми атағы
1  Кайырбекова  Улбосын Сериковна Кафедра меңгерушісі, доцент филол.ғ.к.
2  Досжан Райхангул  Абдуғалиқызы доцент филол.ғ.д.
3  Жаңабекова  Айман Абдильдаевна аға оқытушы филол.ғ.д.
4  Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы доцент филол.ғ.к
5  Тулегенова Бейсенкул Абдрахмановна аға оқытушы филол.ғ.к
6  Қожахметов Бектай Қалиұлы аға оқытушы филол.ғ.к.
7  Смайл Айтжан Бакирулы аға оқытушы филол.ғ.к.
8  Амирбекова Айгуль Байдебековна аға оқытушы филол.ғ.к.
9  Төлегенова Сәуле Әлибекқызы аға оқытушы магистр
10 Дүйсембаева Меруерт Еласхановна аға оқытушы магистр
11 Айтенов Ержан Еркебайұлы аға оқытушы магистр
12 Тотанов Нұрлан Қарсыбайұлы аға оқытушы
13 Қосыбаева Ақмарал Ернаровна аға оқытушы магистр
14 Айнаходжаева Гүлзейнет аға оқытушы магистр
Штаттан тыс
15 Боранбаев Сандыбай Режепович доцент филол.ғ.д.
16 Балхыбекова Ынтық доцент филол.ғ.к
17 Байымбетова Раушан Қалқабайқызы аға оқытушы филол.ғ.к.
18 Омаров Тоғатай Қалтайұлы аға оқытушы филол.ғ.к.
19 Кудайбергенова Майра Бактыбаевна. аға оқытушы п.ғ.к.
Келісім-шарт негізінде
20 Исаева Жазира Исақызы қауымдастыр-ылған профессор филол.ғ.к.
Практик мамандар
21 Насриддинов Бауыржан Патшаханович аға оқытушы магистр
22 Нұрбекова Әйгерім Болатбекқызы 1-санаттағы оқытушы магистр
23 Туреханова Актолкын Тулегеновна зерттеуші
Орыс тілі мен әдебиеті штаттағы оқытушылар
1  Мингбаев Нурлан доцент филол.ғ.д.
2. Миятбекова  Зилиха Усмаханбетовна аға оқытушы филол.ғ.к.
3. Икматова Дариға Исраиловна доцент филол.ғ.к.
4. Джаксылыкова Фариза Зайниддиновна доцент п.ғ.к.
5. Ауельбекова Жупаркуль Садбековна аға оқытушы филол.ғ.к.
6. Амандыкова Сауле Хамзаевна доцент филол.ғ.к.
7. Шакенова Майгуль Тулегеновна аға оқытушы филол.ғ.к.
8. Керимбаев Даурен Маратович аға оқытушы филол.ғ.к.
9. Акындыков Есентай Бейсебаевич аға оқытушы филол.ғ.к.
10. Абитова Гаухар Оразқызы аға оқытушы филол.ғ.к.
11. Ботабаева Жанна Нуралиевна аға оқытушы филол.ғ.к.
12. Маликова Қатира Ашимхановна аға оқытушы магистр
13. Байхарашева Гульмира Батыралиевна аға оқытушы магистр
14. Шурменова Нұрсулу Қаиракешевна аға оқытушы
15. Кадирова Ирина Анатольевна аға  оқытушы
16. Тлегенова Жамиля Каленовна аға оқытушы
17. Мирзамсеитова Камила Ералиевна аға оқытушы
Штаттан тыс
18. Баймусаева Бақтыкуль Шеримовна доцент филол.ғ.к.
Практик мамандар
19. Караманова Д.И. 1-санаттағы оқытушы
20. Тилеубердиева Л. 1-санаттағы оқытушы
21. Сыдыкова Д. 1-санаттағы оқытушы
Оқу-қосалқы құрамы
1   Жорабек Жансұлу Болатбекқызы лаборант

 

Стратегиялық даму жоспары

Білім беру бағдарламалары туралы

  1. ББ 6В01710- Қазақ тілі мен әдебиеті
  2. ББ 6В01720- Орыс тілі және әдебиеті
  3. ЭПК 6В01710-Қазақ тілі мен әдебиеті
  4. ЭПК 6В01720-Орыс тілі мен әдебиеті
Мамандық шифры Мамандық Оқу мерзімі Біліктілігі
Бакалавр
6В01710 Қазақ тілі мен әдебиеті 4 жыл Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры
6В01720 Орыс тілі мен әдебиеті 4 жыл Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалавры
Магистратура
7М01710 Қазақ тілі мен әдебиеті 2 жыл Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім магистрі

Рецензия және сараптамалық қорытынды
Ғылыми зерттеу жұмыстары

«Филология» кафедрасы

Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі

12 желтоқсан  2023 жылы  Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор т.ғ.д., профессор Т.Раимбердиевтің басшылығымен  Ғылым бөлімі бастығының міндетін  атқарушы М.Нысанбек  және ақпараттық білім орталығы  маманының қатысуымен «Филология» кафедрасында «Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі» тақырыбында семинар өтті. Семинарда кафедра оқытушы-профессорларының ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және  (немесе) ғылыми- техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру, шаруашылық келісім-шарт бойынша  атқарылып жатқан жұмыстары, сонымен қатар оқытушы –профессорлар  мен магистранттардың  Scopus базаға тіркелуі, мақалалар жариялауы және білім беру бағдарламаларын жаңартудағы жұмыс берушілердің  ғылыми-инновациялық ұсыныстарын қабылдау, біліктілікті шетелден тағылымдамадан өту арқылы арттыру туралы өзекті ақпараттар берілді. Кафедра меңгерушісі, филол.ғ.к., доцент Ұ.Қайырбекова ғылымды дамыту туралы ұсыныстарын айтты.


Филология кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстандағы заманауи филология ғылымының өзекті және болашағы бар бағыттарына байланысты :

1.«Қазақ әдеби сынының тарихы және жанрлық түрлері» Мемлекеттік тіркеу №0112РК00082,

2.«Қазіргі таңдағы филологияның өзекті мәселелері» Мемлекеттік тіркеу №0113РК00016,

3.«Білім саласындағы үш тұғырлы тіл халықаралық білім үдерісіне өтудің негізгі қайнар көзі» Мемлекеттік тіркеу №0116РК00186,

4.«Тіл білімінің бүгіні мен болашағы» Мемлекеттік тіркеу №0117РК 210059. Кафедра оқытушы-профессорлары  мемлекеттік тіркеуден өткен жоғарыда көрсетілген  тақырыптар  бойынша қолданбалы,іргелі  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді

Жұмыс берушілер пікірі
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР
  1. Филология ғылымдарының кандидаты,доцент Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы Алматы қаласындағы Мемлекеттік тілді дамыту институтында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің  мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2015-2017 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында зерттеліп жатқан «Ана тілін меңгеру модельдері (Бала тілінің модельдері)»атты тақырып бойынша келісім-шарт негізінде ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқарады.

   2. Филология ғылымдарының кандидаты,доцент Әліпхан Мақсат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2017-2019 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында «Абайдың толық адамы» атты тақырыпта орындалатын ғылыми жоба жетекшісі.

Халықаралық ынтымақтастық
  1. Ғылыми-зерттеу институттарының шарттарының тізімі
  2. Келісімшарт-Мемлекеттік тілді дамыту институты
  3. Келісімшарт-Чирчик мемлекеттік педагогикалық университеті
  4. Келісімшарт-Қырғызстан Халықаралық университеті
  5. Келісімшарт-Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті 

Кафедра алыс және жақын  көптеген елдердің  жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен қарым-қатынас орнатқан. Кафера алыс,жақын шет елдердің және Қазақстанның жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен мына бағытта жұмыс жүргізеді:

а) жоғары білімді мамандар даярлау;

ә) ғалым-педагогтар даярлау;

б) біліктілік жетілдіру;

в) ғылыми-зерттеу жүргізу;

г) ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау;

д) ғылыми конференциялар өткізу, т.б.

 Кафедра Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен;

– Өзбек мемлекеттік Әлем тілдер университетімен;

– Ресей Білім академиясымен;

– әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен;

-М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен;

– Оңтүстік Қазақстан мемлеттік педагогикалық институтымен;

– Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университетімен;

– Мемлекеттік тілді дамыту институтымен;

– Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың Республикалық үйлестіру- әдістемелік орталығымен;

– А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен  және т.б. жоғары оқу- орындарымен келісім- шартқа отырған.

Кафедраның материалдық-техникалық базасы:
    • 3 лингафонды кабинет;
    • 2компьютерлік кабинет;
    • қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері;
    • ағылшын тілі кабинеттері;
    • Абай дәрісханасы;
  • орыс тілі мен әдебиеті кабинеті студенттер игілігі үшін қызмет көрсетеді.

Кафедра мекен-жайы: Төлеби-32, 404–Б каб., филология кафедрасы.

Телефоны: 144, Email: Tilder 1101@mail.ru

Scroll to Top