Жас ғалымдар кеңесі: Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ғылым бөлімі жанында жұмыс істейді, Университет факультетінің (35 жасқа дейін) уәкілетті өкілдерінің жастар жиналысы және алқалы кеңес органы болып табылады.
Кеңес академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жас ғалымдарының кәсіби өсуін қарқындату, көкейкестi ғылыми проблемаларды және басты ғылыми қиыншылықтарды шешу, сонымен қатар инновациялық қызметтерін дамыту мақсатында құрылған.
«Жас ғалымдар» кеңесінің төрайымы:
Мамадалиев Санжар Талибжанович
Магистр, аға оқытушы, ХДУ «Жас ғалымдар» кеңесінің төрайымы.
Телефон: 8 (7252) 95-23-09; 8 701 633 48 27
E–mail: sanzhar_sherlock@mail.ru
Негізгі бағыттар
Мақсаттарына жету үшін, кеңес келесі міндеттерді шешеді:
-
- Университет факультеттерiнде жас ғалымдардың кәсiби өсуiне, ғылыми бастамаларды дамыту және жас ғылыми кадрларды бекiтуге ықпал ету;
-
- жас ғалымдар мен мамандардың зерттеу нәтижелерiн таратуға, енгiзуге көмектесу;
-
- ғылыми мирасқорлықты қолдау, ғылыми мектептер мен бағыттардың сақталуына қатысу;
-
- жас ғалымдарды ақпаратпен қамтамасыз ету (жас ғалымдарды қолдау бойынша бос орындар, қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер және басқа шаралар туралы ақпараттарды ұсыну);
-
- университетте жас ғалымдардың ғылыми конференциясын ұйымдастыру және өткiзу;
-
- ғылыми конференцияларды, ғылыми-тәжірибелік семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткiзуді ұйымдастыру және жәрдемдесу;
-
- мемлекеттiк, қоғамдық, ғылыми және басқа ұйымдарда жас ғалымдардың мүдделерін қолдау;
-
- жас ғалымдардың мәселелері мен басымдылықтарын анықтау мақсатында, олардың шешу жолдарын іздеу, ғылыми жастар арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
-
- жас ғалымдардың белсендi өкiлдерiн марапаттау;
-
- инновациялық және енгiзуші ұйымдармен өзара әрекеттесу;
- ғылыми бiлiмді насихаттауды ұйымдастыру.
Жас ғалымдар кеңесi өз қызметiнде басшылыққа алады:
- – Жас ғалымдар кеңесi туралы Ережені
- – Жас ғалымдар кеңесiнiң даму тұжырымдамасын
- – Жас ғалымдар кеңесiнің жұмыс жоспарларын.
КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
I Ғылыми және қоғамдық өмірдің әртүрлі мәселелері бойынша мәселе көтеру, мемлекеттік және муниципальдық билік органдарына, ғылыми және қоғамдық ұйымдарға ұсыныстар енгізу, университеттің ғылыми жастарына қатысты шешімдеріне қатысу.
1. Университет факультеттерiнде ғылыми жастардың кәсiби өсуiне, жастардың ғылыми бастамаларын дамыту және жас ғылыми кадрларды бекітуге жәрдемдесу.
Iске асыру жолдары:
- жас ғалымдардың белсендi өкiлдерiн марапаттау;
- жас ғалымдардың ғылыми қызметі туралы мәлiметтерді жинау (сауалнамалар толтыру арқылы);
- жас ғалымдардың құрамын талдау (деректер қорын құру);
- кандидатураларды Кеңесте бекітуге және марапаттауға ұсыну;
- іскерлiк ынтымақтастық, мәдени, бос уақыт, спорттың, сауықтыру шараларын, сервистік қызмет көрсету, көрме, жарыстар, жәрмеңке орталықтарын ұйымдастыру.
2) Жас ғалымдардың мәселелерін анықтау және оларды шешу мақсатында жас ғалымдар арасында әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру.
Iске асыру жолдары:
- сауалнама құрастыру;
- сауалнама таблицасы мен кестесін құрастыру;
- жас ғалымдар арасында әлеуметтік сауалнама өткiзу;
- әлеуметтік сауалнама нәтижелерін талдау;
- қорытындылар;
- шешiм қабылдау.
3) Жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту.
Iске асыру жолдары:
- Кеңесті келесі бағыттар бойынша секторларға «бөлу»: ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік;
- университетте жас ғалымдар жиналыстарын өткiзуге мұрындық болу;
- көкейкестi ғылыми тақырыптарды әзірлеу және оларды Кеңесте қарау;
- кездесулер, дөңгелек үстелдер өткiзу;
- Кеңес отырыстарын өткiзу;
- Кеңестiң кеңейтілген отырыстарын өткiзу.
4) Университеттiң жас ғалымдарының ғылыми конференцияларын ұйымдастыру және өткiзу;
Iске асыру жолдары:
- Халықаралық конференцияларды өткiзу бағдарламаларын әзiрлеу;
- Конференцияларды қолдау және мониторинг жүргізу.
5) Ғылыми мирасқорлықты қолдау, ғылыми мектептерді және бағыттарды сақтауға қатысу;
Iске асыру жолдары:
- ғылым бөліміне жәрдемдесу;
- ғылыми конференцияларды, мектептердi, ғылыми-тәжірибелік семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткізуді ұйымдастыру және жәрдемдесу;
- ғылыми бiлiмді насихаттауды ұйымдастыру.
II Ғылыми, студенттік және тағы басқа ұйымдармен қарым-қатынас.
1) Ғылыми, студенттік және тағы басқа ұйымдармен қарым-қатынас.
Iске асыру жолдары :
- бiрлескен шараларды өткiзу;
- ғылыми жұмыс бойынша консультациялар өткiзу.
III Мақсаттары мен міндеттері Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін қоғамдық коммерциялық емес ұйымдарды құруға қатысу және іске асыру
Ғылыми-зерттеушілік, инновациялық орталықтар құруға мүмкiндiк туғызу:
- ғылыми зерттеулер, инновациялық орталықтарды ұйымдастыруға ықпал ету;
- ғылыми мектептердi ұйымдастыруға ықпал ету;
- қолданбалы ғылыми тақырыптарды әзірлеу.
IV Халықаралық, республикалық, аймақаралық, аймақтық және тағы басқа жобалар мен бағдарламаларға қатысу.
1) Жас ғалымдарды ақпаратпен қамтамасыз ету: жас ғалымдарды қолдау бойынша бос орындар, қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер және басқа шаралар туралы ақпараттарды ұсыну;
2) Грантты жобаларға және бағдарламаларға қатысу.
V Қолданыстағы заңға қарама-қайшы емес, жас ғалымдардың басқа қызметтегі қызығушылықтарын жүзеге асыру.
1) Инновациялық және енгiзуші ұйымдармен өзара әрекеттесу;
2) Жас ғалымдардың зерттеу нәтижелерін енгізуге және таратуға ықпал ету.
Iске асыру жолдары:
- Кеңестер өткiзу;
- Интернетті қолдану;
- Ғылыми жетекшiнi iздестiруге көмектесу.
VI Ақпаратты тарату және өзінің қызметі туралы жыл сайын есеп беру.
1) Бұқаралық ақпарат құралдарында Жас ғалымдар кеңесінің ғылыми қызметтері мен өткізген зерттеу іс-шаралары жайлы мәлімет беру.
Iске асырудың жолдары:
- гранттар, бағдарламалар, қорлар туралы ақпаратты дер кезінде жинау;
- Интернет, теледидар, радиохабар арқылы ақпаратты тарату;
- Интернет, академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ақпараттық бюллетені, жергілікті газеттер, теледидар, Жас ғалымдар кеңесінің стенді, радиохабар;
- Жас ғалымдар кеңесі стендін құру;
- Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ақпараттық хабарламасын жасап шығару.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
-
- Профессор-оқытушылар құрамының жасаруы.
-
- Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелігін жоғарылату.
-
- Жас ғалымдардың ғылыми жұмыспен саналы және сапалы түрде айналысуы.
-
- Шаруашылық келiсiм тақырыптар санын көбейту.
-
- ҒЗЖ-дың аймақтық, республикалық байланыстарын күшейту.
-
- Халықаралық байланыстарды күшейту.