ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Хабарландыру мен жаңалықтар

ХХIІІ ғылыми-теориялық конференциясы халықаралық деңгейде өтті

Студенттердің ХХIІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы»  15.02.2024

Білім беруді цифраландыру жағдайында студенттерге функцияларды графикалық кескін түрінде көрсетудің ерекшіліктері

  • Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде ағымдағы жылдың 10 қаңтарында ҒжИЖ проректорының қатысуымен «Жас ғалымдар» кеңесі болып өтті.
  • Кеңестің күн тәртібінде 2023 оқу жылында жас ғалымдардың атқарған жұмыстарының есебін кеңес төрағасы, магистр, аға оқытушы Мамадалиев Санжар баяндады.
  • Кеңес соңында «Жас ғалымдар» кеңесіне жаңа төраға тағайындау мәселесі айтылып, әр кафедрадан үміткерлер ұсынылды. Үміткерлер арасынан ең көп дауыс жинаған «Информатика және математика» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Максумова Жанар Кунанбаевна бір ауыздан кеңес төрағасы болып тағайындалды.

-ХАТ.pdf

×

Ғылыми зерттеулерге жаңа қадам

Аталар аманаты-жастарға өнеге!

Студенттердің XXII ғылыми-теориялық конференциясы

“Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы” тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізу туралы бұйрық

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

2019 жылдың 25 сәуірінде Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіңде  «Жоғары білім беру мекемелеріндегі академиялық және басқару дербестігі жағдайындағы мамандар даярлау мәселері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар; Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, К.Ушинскии атындағы Ярославл Мемлекеттик педагогиқалық университеті, Ташкент қаржы институты болып табылады.

Конференция  келесі ғылыми секциялар бойынша жұмыс жасайды:

  • Жоғары білікті инженерлік-техниқалық кадрларды даярлау үшін инновациялық технологиялар;
  • Жаратылыстану ғылымдары және ІТ-технологиялар;
  • Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру және мемлекеттік тіл;
  • ЖОО-да маман даярлауда психолого-педагогиқалык аспектілер;

Конференцияға еліміздің жоғары оқу орындарының профессор оқытушылары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері және ТМД елдерінің ғалымдары мен отандық ғалымдардың қатысуымен өтіледі.

Ақпараттық хаты

ДУАЛДЫ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНЕН ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АКАДЕМИК Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - Инф-письмо.png

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде өтетін «Ұлы даланың рухани құндылықтары ел дамуының негізі» атты тақырыбындағы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық және Абу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған студенттердің, магистранттардың халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясының

Ақпараттық хаты

 Ел: Қазақстан Республикасы.

Ұйымдастырушылар: Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Қазақстан), Ресей халықтар достығы университеті (Ресей), И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университеті (Ресей),  И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан), М. Ұлығбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті (Өзбекстан), Ташкент химия-технология институты (Өзбекстан), Ташкент қаржы институты (Өзбекстан), Академик М.С. Осими атындағы Тәжік техникалық университеті (Тәжікстан)

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 32, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ғимараты.

Өткізу уақыты: 3 сәуір 2020 ж. сағ. 10.00. Қонақтар мен қатысушыларды тіркеу: сағ. 09.00.

 Онлайн-конференцияда келесі секциялар өз жұмысын жүргізеді:

  1. Әл-Фараби және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымының дамуы;
  2. Әл-Фарабидің ілімі және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері;
  3. Абай мұрасы және қазіргі заман;
  4. Әл-Фараби және Абай: рухани сабақтастығының мәселелері.

 АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАЛАПТАР:

 Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 4 беттен аспайтын) WORD редакторында,Times New Roman шрифтімен терілу қажет (шрифт өлшемі – 11 пт), жоғарғы, оң жақ, сол жақ және төменгі жиегі – 2 см, азат жолы – 1см, жоларалық қашықтық -1см.

Баяндама төмендегідей тәртіппен рәсімделеді:

Бірінші жолда сол жақ шетіне ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі.

– бір жол тастап бас әріптермен ортада мақала тақырыбы (қою әріппен);

– одан төмен 1 жол қалдырылып  авторлардың аты-жөні, жетекшісінің ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, қызметі;

– бір жол төмен – оқу орны мен оның орналасқан мекен-жайы беріледі;

– бір жол қалдырып,келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі мақалалар үшін қазақша және ағылшынша, қазақ тіліндегі мақалалар үшін орысша және ағылшынша және ағылшын тіліндегі мақалалар үшін қазақша, орысша түйіндемелер келтіріледі;

– одан бір қатар төмен кілттік сөздер (15-20 сөз) беріледі.

Жаңа жолдан мақалалың негізгі мәтіні басталады. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі. Мақала мәтіні түзетілмейді, түп нұсқа болып саналады. Ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Редакция мақаланы өңдеумен айналыспайды. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін мақалалар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

  1. Мақала мәтінінің көлемі А4 форматында 3-4 бетте жазылады.
  2. Әдебиеттерге жасалған сілтемелер тік жақшамен [1,15 б.] көрсетіледі.
  3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11 шрифтімен міндетті түрде ғылыми еңбектерді түзу бойынша талапқа сай жазылады.
  4. Математикалық формулалар Microsoft Eguation (әр формула – бір обьект) бойынша теріледі.
  5. Мақала мазмұнындағы мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығына авторлардың және ғылыми жетекшісінің өздері жауап береді.
  6. Мақала қолжазбасын (электронды және қағаз түрінде) мына мекен-жайға жіберуге болады: 160000, Шымкент қаласы, Төле би көшесі 32, Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ғимараты, Ғылым бөлімі (107 А каб.) тел: (87252-95-23-09). сот.тел. 87766593414. E-mail: mo.kipudn@mail.ru. Жауапты: Маржан Сейдахмет.

Онлайн-конференцияның жұмыс тәртібі: Конференция онлайн режимі арқылы үш тілде жүргізіледі: қазақша, орысша, ағылшынша. Онлайн-конференцияға қатысу үшін мақала мәтінінің электронды нұсқасы, электрондық поштамен (бет нөмірі көрсетілмей) және кағаз түріндегі нұсқамен қоса, қолма-қол онлайн-конференцияны ұйымдастыру комитетіне 2020 жылдың 28 наурызына дейін қабылданады. Ұйымдастыру жарнасы – 2000 теңге. Ұйымдастыру жарнасын қолма-қол, ұйымдастыру алқасына төлеуге немесе Университет есеп шотына №KZ516017291000007885 «Халық Банк» АҚ, Шымкент қ. БИК HSBKKZKX, Кбе 17, БИН 120940009832 «мақала үшін» деп аударуға болады.

Онлайн-конференция жұмысына қатысу өтінішінің формасы

Онлайн-конференция жұмысына қатысуға өтінішті төмендегі барлық бөлімдерді толтыру арқылы рәсімдеп, Ұйымдастыру комитетіне mo.kipudn@mail.ru электронды поштасына мақала мәтінімен қоса жіберуге болады:

Қатысуға өтініш

1.

Мақала авторының аты-жөні

2.

Курсы, мамандығы

3.

ЖОО атауы

4.

Ғылыми жетекшісінің аты-жөні, лауызымы, ғылыми атағы мен дәрежесі

5.

Байланыс телефоны, факс, эл.пошта

6.

Мақаланың атауы

7.

Секцияның атауы

8.

Қажетті техникалық құрал-жабдықтар

 Баяндаманы рәсімдеу үлгісі:

ӘОЖ (10 пт)ПСИХОЛОГИЯ  ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (11 пт) Құралов А., «Психология» мамандығының 4 курс студенті (11 пт шрифт)Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті.Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы (11 пт) Резюме (11 пт) В данной статье определяется сущность и значение психологии как науки. (10 пт) Summary (11 пт) This article defines the essence and meaning of psychology as a science.(10 пт)                                           

Кілттік сөздер: психология, ғылым, таным, қарым-қатынас. (10 пт)

Мақала мәтіні (11 пт)

Әдебиеттер: (11 пт)

1.      Дукенбаев К. Психология. Алматы: Наука, 2011.- 310 с.

Негізгі бағыттар

Мақсаттарына жету үшін, кеңес келесі міндеттерді шешеді: 

    • Университет факультеттерiнде жас ғалымдардың кәсiби өсуiне, ғылыми бастамаларды  дамыту және жас ғылыми кадрларды бекiтуге ықпал ету;
    • жас ғалымдар мен мамандардың зерттеу нәтижелерiн таратуға, енгiзуге көмектесу;
    • ғылыми мирасқорлықты қолдау, ғылыми мектептер мен бағыттардың сақталуына қатысу;
    • жас ғалымдарды ақпаратпен қамтамасыз ету (жас ғалымдарды қолдау бойынша бос орындар, қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер және басқа шаралар туралы ақпараттарды ұсыну);
    • университетте жас ғалымдардың ғылыми конференциясын ұйымдастыру және өткiзу;
    • ғылыми конференцияларды, ғылыми-тәжірибелік семинарларды, дөңгелек үстелдерді  өткiзуді ұйымдастыру және жәрдемдесу;
    • мемлекеттiк, қоғамдық, ғылыми және басқа ұйымдарда жас ғалымдардың мүдделерін қолдау;
    • жас ғалымдардың мәселелері мен басымдылықтарын анықтау мақсатында, олардың шешу жолдарын іздеу, ғылыми жастар арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
    • жас ғалымдардың белсендi өкiлдерiн марапаттау;
    • инновациялық және енгiзуші ұйымдармен өзара әрекеттесу;
  • ғылыми бiлiмді насихаттауды ұйымдастыру.

Жас ғалымдар кеңесi өз қызметiнде басшылыққа алады:

  • – Жас ғалымдар кеңесi туралы Ережені
  • – Жас ғалымдар кеңесiнiң даму тұжырымдамасын
  • – Жас ғалымдар кеңесiнің жұмыс жоспарларын.

КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

I Ғылыми және қоғамдық өмірдің әртүрлі мәселелері бойынша мәселе көтеру, мемлекеттік және муниципальдық билік органдарына, ғылыми және қоғамдық ұйымдарға ұсыныстар енгізу, университеттің ғылыми жастарына қатысты шешімдеріне қатысу.

1. Университет факультеттерiнде ғылыми жастардың кәсiби өсуiне, жастардың ғылыми бастамаларын дамыту және жас ғылыми кадрларды бекітуге жәрдемдесу.

Iске асыру жолдары:

  • жас ғалымдардың белсендi өкiлдерiн марапаттау;
  • жас ғалымдардың ғылыми қызметі туралы мәлiметтерді жинау (сауалнамалар толтыру арқылы);
  • жас ғалымдардың құрамын талдау (деректер қорын құру);
  • кандидатураларды Кеңесте бекітуге және марапаттауға ұсыну;
  • іскерлiк ынтымақтастық, мәдени, бос уақыт, спорттың, сауықтыру шараларын, сервистік қызмет көрсету, көрме, жарыстар, жәрмеңке орталықтарын ұйымдастыру.

2) Жас ғалымдардың мәселелерін анықтау және оларды шешу мақсатында жас ғалымдар арасында әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру.

Iске асыру жолдары:

  • сауалнама құрастыру;
  • сауалнама таблицасы мен кестесін құрастыру;
  • жас ғалымдар арасында әлеуметтік сауалнама өткiзу;
  • әлеуметтік сауалнама нәтижелерін талдау;
  • қорытындылар;
  • шешiм қабылдау.

3) Жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту.

Iске асыру жолдары:

  •  Кеңесті келесі бағыттар бойынша секторларға «бөлу»: ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік;
  •  университетте жас ғалымдар жиналыстарын өткiзуге мұрындық болу;
  •  көкейкестi ғылыми тақырыптарды әзірлеу және оларды Кеңесте қарау;
  •  кездесулер, дөңгелек үстелдер өткiзу;
  •  Кеңес отырыстарын өткiзу;
  •  Кеңестiң кеңейтілген отырыстарын өткiзу.

4) Университеттiң жас ғалымдарының ғылыми конференцияларын ұйымдастыру және өткiзу;

Iске асыру жолдары:

  • Халықаралық конференцияларды өткiзу бағдарламаларын әзiрлеу;
  • Конференцияларды қолдау және мониторинг жүргізу.

5) Ғылыми мирасқорлықты қолдау, ғылыми мектептерді және бағыттарды сақтауға қатысу;

Iске асыру жолдары:

  • ғылым бөліміне жәрдемдесу;
  • ғылыми конференцияларды, мектептердi, ғылыми-тәжірибелік семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткізуді ұйымдастыру және жәрдемдесу;
  • ғылыми бiлiмді насихаттауды ұйымдастыру.

II Ғылыми, студенттік және тағы басқа ұйымдармен қарым-қатынас.

1) Ғылыми, студенттік және тағы басқа ұйымдармен қарым-қатынас.

Iске асыру жолдары :

  • бiрлескен шараларды өткiзу;
  • ғылыми жұмыс бойынша консультациялар өткiзу.

III Мақсаттары мен міндеттері Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін қоғамдық коммерциялық емес ұйымдарды құруға қатысу және іске асыру

Ғылыми-зерттеушілік, инновациялық орталықтар құруға мүмкiндiк туғызу:

  • ғылыми зерттеулер, инновациялық орталықтарды ұйымдастыруға ықпал ету;
  • ғылыми мектептердi ұйымдастыруға ықпал ету;
  • қолданбалы ғылыми тақырыптарды әзірлеу.

IV Халықаралық, республикалық, аймақаралық, аймақтық және тағы басқа жобалар мен бағдарламаларға қатысу.

1) Жас ғалымдарды ақпаратпен қамтамасыз ету: жас ғалымдарды қолдау бойынша бос орындар, қорлар, гранттар, конференциялар, мектептер және басқа шаралар туралы ақпараттарды ұсыну;

2) Грантты жобаларға және бағдарламаларға қатысу.

V Қолданыстағы заңға қарама-қайшы емес, жас ғалымдардың басқа қызметтегі қызығушылықтарын жүзеге асыру.

1) Инновациялық және енгiзуші ұйымдармен өзара әрекеттесу;

2) Жас ғалымдардың зерттеу нәтижелерін енгізуге және таратуға ықпал ету.

Iске асыру жолдары:

  • Кеңестер өткiзу;
  • Интернетті қолдану;
  • Ғылыми жетекшiнi iздестiруге көмектесу.

VI Ақпаратты тарату және өзінің қызметі туралы жыл сайын есеп беру.

1) Бұқаралық ақпарат құралдарында Жас ғалымдар кеңесінің ғылыми қызметтері мен өткізген зерттеу іс-шаралары жайлы мәлімет беру.

Iске асырудың жолдары:

  • гранттар, бағдарламалар, қорлар туралы ақпаратты дер кезінде жинау;
  • Интернет, теледидар, радиохабар арқылы ақпаратты тарату;
  • Интернет, Қазақстан инженерлі–педагогикалық Халықтар достығы университетінің ақпараттық бюллетені, жергілікті газеттер, теледидар, Жас ғалымдар кеңесінің стенді, радиохабар;
  • Жас ғалымдар кеңесі стендін құру;
  • Қазақстан инженерлі–педагогикалық Халықтар достығы университетінің ақпараттық хабарламасын жасап шығару.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

    • Профессор-оқытушылар құрамының жасаруы.
    • Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелігін жоғарылату.
    • Жас ғалымдардың ғылыми жұмыспен саналы және сапалы түрде айналысуы.
    • Шаруашылық келiсiм тақырыптар санын көбейту.
    • ҒЗЖ-дың аймақтық, республикалық байланыстарын күшейту.
    • Халықаралық байланыстарды күшейту.
  • Жас ғалымдардың бiрлiгi.

  

Scroll to Top