2023 жылдың 30-маусым күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 6D010300-“Педагогика және психология” мамандығының докторанты Қуатбеков Асхат Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Болашақ білім беру менеджерінің медиа құзыреттілігін қалыптастыруды психологиялық-педагогикалық қолдау» атты тақырыбында 8D01110-«Педагогика және психология» философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін сәтті қорғауымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Философия докторы (PhD) диссертациясының сәтті қорғалуымен құттықтаймыз!
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САНА МЕН МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУ
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 2023 жылдың 15-наурызы күні «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алғышарты ретінде сананы қалыптастыру: қоғамдық сана, әдептілік (адамгершілік), саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана» тақырыбында магистранттарға ашық семинар сабақ өтті. Семинарға университеттің І-ші проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Утенов, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығы Б.Омарова, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен 1-2 курс магистранттары қатысты.
Ашық семинарда тақырып аясында заң ғылымдарының докторы, профессор Жалбуров Еркінбек Тиянақбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі жоғары болса, азаматтар қоғамда сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыз екенін сезінетін дәрежеде болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы болу, оларды жария түрде жоққа шығару қажеттілігіне тоқталды.
«Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты А.Исмаилов қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, осы бағытта бірқатар бағдарламалық қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында міндеттерді іске асыратын арнай уәкілетті орган құрылғанын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылу жолдарына тоқталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы маңызды орын алатын негізгі мәселелерге магистранттар өздерінің ойларымен бөлісіп пікір алмасты.
«Құқықтану» кафедрасы
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 2023 жылдың 6-наурыз күні «Филология» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы Жаңабекова Айман Әбідәқызы «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты тақырыпта магистранттарға ашық семинар өткізді. Семинарға «Филология» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Ұ.Қайырбекова, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы Б.Омарова, 7М01710-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты.
Ашық семинар барысында Қазақстан лингвистикасы тіл туралы ғылымның барлық бағыттарын қамтидығына тоқталды. Бұған соңғы жылдары отандық ғалымдардың еңбектері дәлел бола алады. Отандық тілтанушы ғалымдардың міндеті қазақ тіл білімін әлемдік лингвистика деңгейіне көтеру, оны серпінді, инновациялық зерттеулер есебінен бәсекеге қабілетті дамыту болып отыр. Әстүрлі сипаттамалық-жүйелік арнада зерттеулер де жалғасып келеді, мәселен, сөздік құрамның компьютерлік қорының, қазақ тілінің ұлттық корпусының деректер базасы үнемі жаңа материалдармен толықтырылып отырады, терминологиялық қор одан әрі жинақталып жатыр, ономастикалық сөздіктер жасау, түркі тіл білімінде, түркі мәдениетінде баламасы жоқ этнолингвистикалық сөздікті әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Фонология, интонология, эксперименттік фонетика, терминология, ономастика, лексикология, сөйлеу мәдениеті, диалектология, орфография, лексикография, функционалдық грамматика, лингвокультурология, қазақ әдеби тілінің тарихы, түркология саласында психолингвистикалық, лингвофилософиялық және этнолингвистикалық аспектілерде үлкен зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мәтін лингвистикасы, бірнеше тәуелсіз сөйлемнен тұратын, байланысты сөйлеу контекстінде семантикалық тұтастыққа ие суперфразалық бірліктердің құрылымдық және семантикалық жақтарын зерттейтін тіл білімінің саласы тез дамып келеді. Мәтін бірліктерін анықтаумен қатар, мәтін, дискурс деңгейіндегі логикалық-семантикалық қатынастар анықталып жатыр. Лингвистикалық жүйенің әртүрлі деңгейлеріндегі дискурсивті зерттеулер коммуникативті-прагматикалық тұрғыдан ерекше танымалдыққа ие болып отырғандығы жайлы нақты слайдта мысалдар көрсетіліп, тың деректермен хабардар етілді.
Семинар соңы тіл маманы оқытушылары мен магистранттар тарапынан қызу пікірталасқа ұласты. Олар тақырыпқа қатысты тың идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды. Семинар қатысушылар тарапынан жоғары деңгейде өтті деген баға алды. Осындай танымдық деңгейді дамытып отыратын семинарлар жиі өткізіліп тұрса деген тілектер айтып тарқасты.
«Филология» кафедрасы
ЗЕРТТЕУ ПРАКТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2022-2023 оқу жылында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті 2023 жылдың 3 ақпан күні ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев, Жұмыспен қамту және практика бөлімінің меңгерушісі А.Шалкеева, ЖООК білім беру бөлімінің меңгерушісі Б.Омарова, мамандар шығарушы кафедра меңгерушілері, зерттеу практика жетекшілері мен ғылыми жетекшілері, 2-курс магистранттардың қатысуымен ұйымдастыру конференция өтті.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бекіткен кестесі бойынша 2023 жылдың 06 ақпан – 28 мамыр аралығында диссертациялық зерттеу тақырыптарына байланысты отандық ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, эксприментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мақсатында жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу орталықтары, институттар, мұражай, музей, лаборатория, өндірістер, жоғары орындарына т.б. келісім шарт негізінде екінші курс магистранттары: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Теориялық және қолданбалы математика» ғылыми орталығы , М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақтан университеті «Тіл дамыту» ғылыми орталығы, «Эко-Фарм» ЖШС, «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шарушылығы ғылыми зерттеу» институты ЖШС мекемесі, Орталық Азия Инновациялық Университеті, «Ана-Жер» Ғылыми өндірістік бірлестігі ЖШС мекемесі, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының коммуналдық мемлекеттік архиві, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне жіберілді.
Сөз алған ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев тәжірибе жетекшілеріне магистранттарға тәжірибеден өтуге қажетті әдістемелік құжаттарды дайындап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді және тәжірибеден өткен қорытындысын аяқталғаннан кейінгі бір апта аралығында жұмыспен қамту және іс-тәжірибе бөліміне өткізу тапсырылды.
Жоғары оқу орынан кейінгі білім беру бөлімі
МАГИСТРАНТТАР КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ КЕЗЕҢІНДЕ
2022-2023 оқу жылында 2023 жылдың 16-қаңтар 03-ақпан аралығында Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің 7М01520-«Информатика», 7М01540-«Биология», 7М01710-«Қазақ тілі мен әдебиеті», 7М01720-«Шетел тілі: екі шет тілі», 7М04209-«Құқықтану», 7М04110-«Экономика», 7М07140-«Есеп және аудит», 7М01610-«Тарих», 7М05401-«Математика», 7М01530-«Химия», 7М01520-«Математика» білім беру бағдарламаларының 2-курс магистранттары ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Магистранттардың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін жеке өтініштері мен екі жақты жасалған келісім шарт негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ.), Орталық Азия Инновациялық университеті (Шымкент қ.), Ж.Ташенов атындағы университет (Шымкент қ.) ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберілді. Арнайы кафедра, ЖООКББ бөлімі тарапынан ұйымдастырушы жетекші мамандар тағайындалды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі тарапынан магистранттарға ғылыми тағылымдамадан өту талаптарымен таныстыру мақсатында вебинар өткізілді.
Магистранттар ғылыми тағылымдамалары дайындықтың басты құзыреттіліктерді бекіту, кәсіби деңгейін арттыру, мамандық бойынша оқыту біліктілігін арттыру және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру, мамандықтар бойынша оқу саласындағы жаңа жетістіктермен танысу, шет тілін білуді жетілдіру және мәдени және жалпы білім беру деңгейін жоғарылатуға бағытталды. Ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде магистранттар университеттің кәсіби мамандарының сабақтарына қатысуға, магистрлік диссертациялар бойынша жетекші ғалымдардың кеңестерін алуға, сондай-ақ ғылыми мақалаларды дайындауға, желілік электронды ресурстарды пайдалануға, жеке ақпарат пен мультимедиалық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік берілді. Барлық магистранттарға тағылымдамалардан өткені туралы сертификаттар салтанатты түрде тапстырылды.
Жоғары оқу орынан кейінгі білім беру бөлімі
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: ОНЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ
3 курс докторанттарымен есептік кездесу
2020 жылдың 18-қараша күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 6D010300-«Педагогика және психология» мамандығының 3-курс докторанттарымен кездесу өтті. Кездесуге І-ші проректор Қ.Байболов, ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Е.Омар, кафедра-эдвайзері А.Макулова, докторанттар: Б.Омарова, Т.Асанов, Ж.Әбдімұса, А.Куатбеков, Р.Конашева, Д.Даулеталиева, Е.Мырзабеков қатысты. ЖООКББ бөлімінің аға әдіскері Г.Тоқсанбаева ғылым бөлімінің университет докторанттарымен өзара әрекеттесуі жайлы баяндама жасады, сондай-ақ докторанттардың Жеке жұмыс жоспарының ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру бойынша есеп беру тәртібін ұсынды.
Дөңгелек столды ұйымдастырудағы басты мақсат – 2020-2021 оқу жылында докторантураны (PhD) бітіргелі отырған докторанттардың диссертациялық жұмыстарының орындалу барысын талқылау.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылыми дәрежелерді беру ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығына 2020 жылдың 30 сәуірінде енгізілген өзгерістермен толықтырулармен №170 бұйрық талаптарының орындалуын негізге ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындап жүрген 3-курс докторанттарының докторлық диссертация жұмыстарының бүгінгі орындалу мән-жайын докторанттармен жеке-жеке сөз қозғалды.
Сөз алған 6D010300-«Педагогика және психология» мамандығының 3-курс докторанттары Б.Омарова, Т.Асанов, Ж.Әбдімұса, А.Куатбеков, Р.Конашева, Д.Даулеталиева, Е.Мырзабеков докторлық диссертациялық жұмыстарының педагогикалық кадрлар даярлау бағыттары үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасында индекстелетін басылымдар; сондай-ақ Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша белгілі бір процентиль көрсеткіші бар басылымдарда ғылыми мақалаларын жариялауды міндетке алып отырғандарын және докторлық диссетацияларын белгіленген мерзімде қорғауға дайындық жұмыстары жүріп жатқандықтарын айтты.
Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Раимбердиев докторанттарға диссертация жазуға қатысты бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтты. Докторанттардың дайындығы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының атқарылуы туралы оң пікірін білдірді.
«Педагогика және психология» кафедрасының магистр – аға оқытушысы (эдвайзер) А.Макулова докторанттардың докторлық диссертацияларын кафедрада қорғау маусым айына жоспарланып отырғанын және докторанттардың ғылыми-теориялық және зерттеу-аналитикалық деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқару құзіреттерін, кәсіби міндеттерін өз бетінше орындауға және кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламалары талаптарына сай дайындығын бағалу болып табылады. Докторанттардың жоғары дайындық деңгейі мен алдағы қорғауға дайындығын атап өтті.
Докторанттар тарапынан барлық ескертулер мен ұсыныстар оң қабылданды. Қазіргі уақытта тиісті кафедраларда диссертациялық жұмыстарды алдын ала қорғауға дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Б.ОМАРОВА,
Жоғары оқу орынан кейінгі білім
беру бөлімінің бастығы
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен республикамыздағы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Магистратурада білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты жоғарғы оқу орындары үшін және ғылыми – зерттеу секторлары үшін терең ғылыми – педагогикалық дайындығы бар кадрлар дайындайтын жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Магистратураның бейіндік бағыттағы түрі өндіріс орындары мен сәйкес мамандық сфераларына тереңдетілген білімі бар кадрларды дайындайды. Магистрант диплом алу үшін теориялық білім алумен қатар, іс тәжірибеден өтіп, магистрлік диписсертациялық жұмыс қорғайды.
PhD докторантура – магистратурадан кейінгі білім беру бағдарламасына бағытталған. Білімнің бұл саласы – заманауи инновациялық технолоргиялар негізінде әлемдік ең үздік тәжірибелерге сүйене отырып жоғары квалификациялы ғылыми мамандар дайындайтын сала.
PhD докторантура халықаралық талаптарға және Болон процесінің принциптеріне сәйкес ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау үрдісін жетілдіруді қамтамасыз етеді. PhD докторанттарға тек республикамызда емес, сонымен бірге шет елдерде де кеңінен танымал жетекші ғалымдар, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінен шет елдік серіктестері де ғылыми жетекшілік жасайды.
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы магистранттары университеттің кең көлемдегі халықаралық байланыстарының арқасында магистранттар шетелдегі жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарында білім алуға және тәжірибеден өту үшін шетелге шығуға мүмкіндіктер бар. Университетте магистранттар мен доктаранттар үшін жыл сайын шетелден шақырылған профессорлар дәріс оқиды.
Қазіргі таңда университетте 11 білім беру бағдарламалары бойынша магистратурада, 1 білім беру бағдардамасы бойынша PhD докторантурада кадрлар дайындалады.
Мамандандырылған Халықаралық аккредиттеуден 7М011110-Педагогика және психология, 7М01540-Биология, 7М01610-Тарих, 7М01710-Қазақ тілі мен әдебиеті, 7М07110-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықары өткен.
Докторлық диссертация тақырыбы: «Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби-этикалық әлеуетін қалыптастыру»
Зерттеу мақсаты: Болашақ мұғалімдерінің кәсіби этикалық әлеуетін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және ұсынылған педагогикалық шарттар мен әдiстемелерді тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу.
Зерттеу міндеттері: – Болашақ мұғалімдерінің кәсіби этикалық әлеуетін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
– Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби этикалық әлеуетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен
мазмұнын, компоненттерін, деңгейлерін және олардың қалыптасу өлшемдерін анықтау;
– Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби этикалық әлеуетін қалыптастырудың дамытудың педагогикалық шарттары мен әдістемесін ұсыну;

-Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби этикалық әлеуетін қалыптастыру жағдайын тексеру, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау.
Қазіргі уақытта Қазақстанның дүние жүзіндегі озық отыз елдің қатарына ену стратегиясын жүзеге асыру жағдайында отандық білім беру саласының мазмұны әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілуі мақсатында жаңартылуда. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының 76 және 77 қадамында «адам капиталының сапасын көтеру, оқыту стандарттарын жаңарту, жоғары оқу орнында білікті кадрларды даярлау, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарында тарату» бағыттары көрсетілген. Ал бұл болса, педагогтардың кәсіби ұтқырлығы мен өзінің кәсіби өсуін жүзеге асыруды, алдында тұрған міндеттерді жеке шеше алу іскерліктерін қалыптастыруды талап етеді .
Ғылыми білімнің қазіргі деңгейі педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда басқарудың жалпы теориясын қолдану қажеттілігін туындатады. Болашақ мұғалімнің сынып ұжымын, оқу-тәрбие үдерісін оқушының жеке тұлғасының дамуын және т.б. адами қорларды қажетті деңгейде басқару үшін оның бойында жоғары педагогикалық білімнің болуымен қатар білім берудегі басқару саласынан арнайы білім, біліктерінің болуы қажет етіледі. Осыған байланысты білім беру саласындағы мамандарды даярлауға жаңа талаптар ұсынылады. Өйткені қазіргі қоғам мұғалімдердің кәсіби әлеуеті аясында білім берудегі ұйымдастырушылық, басқарушылық ісәрекетті жүзеге асыруға қабілеттіліктерінің болуын талап етіп отыр.
Осы айтылғандардан Қазақстандық білім берудің көп сатылы реформасы үдерісінде туындайтын терең сапалы өзгерістер жағдайында болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби этикалық әлеуетінің жаңа түрін қалыптастырудың өзектілігі айқындалады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде анықталған кәсіптік білім беру мәселесінің көпқырлылығы осы зерттеу үшін жетекші ғалымдардың әдіснамалық маңызы бар еңбектерінің жан-жақтылығын көрсетті.
Кәсіптік білім берудің тұжырымдамалық негіздері С.И.Архангельский, Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский, В.В.Краевский, М.Н.Скаткин, Н.Д.Хмель, Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Хан және т.б. ғалымдар еңбектерінде негізделген; кәсіби маман дайындау үдерісіндегі жеке тұлғалық-әрекеттік белсенділік Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М.Джакупов, Н.Б.Жиенбаева, О.С.Саңғылбаев және т.б. зерттеулерінде қарастырылған.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері шетелдік (Nezahat Guhlu, F.E.Weinert, S.P. Brown, J.Jones және т.б.), ТМД елдері (В.А Сластенин, Н.В.Кузьмина, И.А.Зимняя, А.К.Маркова, А.П.Тряпицына және т.б.), қазақстандық (С.Ж.Пралиев, Б.А.Тұрғынбаева, Б.Т.Кенжебеков, Г.Ж.Меңлібекова, К.С.Құдайбергенева, К.М.Беркімбаев және т.б.) ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелген.
Дегенімен болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби этикалық әлеуетін дамыту мәселесі педагогика және психология ілімінде қарастырылмаған. Сондықтан мәселенің осындай өзектілігі зерттеу тақырыбымызды “Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби этикалық әлеуетін қалыптастыру” - деп таңдап алуымызға негіз болды.
Докторант Т.И.Асановтың диссертациялық жұмыстың негіздемесі 1 курстың 1 семестрінде түзілді. Диссертация тақырыбы бойынша қажетті материалдар жинақталып, сарапталды. Кітапханалардағы кітап қорын және әлемдік желіні пайдалана отырып, диссертацияға қажетті материалдар жинақатлды. Сонымен қатар, педагогика және психология ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін салыстыра отырып, талдау жұмыстары жүргізді.
20.01.2020ж.-20.02.2020ж.аралығында Өзбекістан Республикасы Ташкент қаласы, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Докторанттың жеке жоспарына сәйкес диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (ҚР БҒМ БҒСБК) ұсынатын басылымдар ғылыми мақалалар жазылып әзірленді
Қаңтар айының Сүлеймен Демирель университетінде 11-15 аралығында «SDU Winter School – 2021» атты семинарға қатысты.
Диссертациялық жұмыс зерттеу мәселесінен туындайтын өзара логикалық тұжырымдамалар мен қорытындылар арқылы сипатталған және алға қойылған мақсат, міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми жұмысты көрсетеді.
Докторлық диссертация тақырыбы: «Педагогикалық ЖОО студенттерінің эмоционалды жағдайына психологиялық баға беру» (Ғылыми кеңестің №3 хаттамасы, 22-қазан 2018ж.)
Ғылыми жетекшісі: псих.ғ.д., профессор О.Б.Тапалова
Шетелдік ғылыми жетекшісі: Т.Шевченко атындағы Киев Ұлттық университеті псих.ғ.д., профессор Л.Бурлачук
Зерттеу жұмысының бағыты: докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келуі, өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы, ғылым мен тәжіибенің қазіргі заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді, компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделеді, ғылыми зерттеулердің қазіргі зааманғы әдістерін қолдана отырып жүргізіледі, негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтиды.

Докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысын орындауы: 1-курста: 21.01.2019ж. – 24.05.2019ж., 2-курста: 02.09.2019-10.01.2020ж., 20.01.2020-31.07.2020ж. 3-курста: 02.09.2020-31.12.202ж., 4.01.2021-18.06.2021ж.
Педагогикалық практика: Академик Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ-нің «Педагогика және психология» кафедрасында (11.02.2019-01.03.2019ж.) өтті.
Зерттеу практика: 30.09.2019-20.12.2019ж., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Студенттерге психологиялық көмек көрсету орталығы»
Шетелдік тағылымдама: 15.03.2021ж.-15.04.2021ж.аралығында Т.Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінде псих.ғ.д., профессор Л.Бурлачуктың жетекшілігімен өту жоспарлануда.
Докторлық диссертация тақырыбы аясында жарияланған ғылыми мақалалары:
- Современное общество и науки: Опот, проблемы и переспективы развития сборник Международный научно-практической конференции «Вздимосвязь эмоцтональной устойчивости и психофизиологических показателей устудентов педвузов», 15 июня 2020г.
- «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми журналы: «Результативность психокоррекционной тренинговой программы развития мотивационного и психоэмоционального баланса», 04.02. 2020ж.;
- Скопус импакт фактор, Анкара университеті, 10.02.2021ж.
Жеке жұмыс жоспары бойынша аттестататудан өтуі: 1-курста: 20.05.2019ж.-24.05.2019ж., 2-курста: 27-31 шілде, 2020ж., 3-курста: 14.06.2021-18.06.2021ж.
Докторлық диссертация тақырыбы: «Болашақ менеджерлердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» (Ғылыми кеңестің №3 хаттамасы, 22-қазан 2018ж.)
Ғылыми жетекшісі: псих.ғ.д., профессор О.Б.Тапалова
Шетелдік ғылыми жетекшісі: Т.Шевченко атындағы Киев Ұлттық университеті псих.ғ.д., профессор Л.Бурлачук

Зерттеу жұмысының бағыты: докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келуі, өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы, ғылым мен тәжіибенің қазіргі заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді, компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделеді, ғылыми зерттеулердің қазіргі зааманғы әдістерін қолдана отырып жүргізіледі, негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтиды.
Докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысын орындауы: 1-курста: 21.01.2019ж. – 24.05.2019ж., 2-курста: 02.09.2019-10.01.2020ж., 20.01.2020-31.07.2020ж. 3-курста: 02.09.2020-31.12.202ж., 4.01.2021-18.06.2021ж.
Педагогикалық практика: Академик Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ-нің «Педагогика және психология» кафедрасында (11.02.2019-01.03.2019ж.) өтті.
Зерттеу практика: 30.09.2019-20.12.2019ж., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Студенттерге психологиялық көмек көрсету орталығы»
Шетелдік тағылымдама: 15.03.2021ж.-15.04.2021ж.аралығында Т.Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінде псих.ғ.д., профессор Л.Бурлачуктың жетекшілігімен өту жоспарлануда.
Докторлық диссертация тақырыбы аясында жарияланған ғылыми мақалалары:
- Современное общество и науки: Опот, проблемы и переспективы развития сборник Международный научно-практической конференции «Исследование мотивация достижения у современных менеджеров», 15 июня, 2020ж.;
- 2. КазНПУ имени Абая Вестник №1(62), 2020 «Влияние типов воспитания на проявление акцентувций характера»;
- «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми журналы: «Результативность психокоррекционной тренинговой программы развития мотивационного и психоэмоционального баланса», 04.02. 2020ж.;
- Скопус импакт фактор, Анкара университеті, 10.02.2021ж.
Жеке жұмыс жоспары бойынша аттестататудан өтуі: 1-курста: 20.05.2019ж.-24.05.2019ж., 2-курста: 27-31 шілде, 2020ж., 3-курста: 14.06.2021-18.06.2021ж.
Докторант: Конашева Раушан Алимжановна
Ғылыми жетекші: п.ғ.д., профессор Қозыбаев Енликхан Шарипханович
Шетел жетекшісі: Рузиева Дилноз Исомжоновна-Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымынң докторы
Докторлық диссертация тақырыбы: «Болашақ педагогтарды инклюзивтік білім беруге дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері»
Докторанттың ғылыми зерттеу жұмысы туралы мәліметі
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Болашақ педагогтарды инклюзивтік білім беруге дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Зерттеу жұмысының бағыты: докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келуі, өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы, ғылым мен пактиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді, компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделеді, ғылыми зерттеулердің қазіргі зааманғы әдістерін қолдана отырып жүргізіледі, негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтиды.
Диссертацияның негіздеуі: жоғары оқу орындарының білім берушілік ортасы егер маманды дайындаудың бүкіл жүйесі болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда бір пәннің білім мазмұнымен шектелмей, оның маман ретіндегі қасиеттерін дамытуды көздеп, гуманистік, тұлғалық-әрекеттік, мотивациялық-құндылық бағыттарына сүйеніп жасалса, болашақ маманның өзін-өзі дамыту бағытында тиімді әсер ету мүмкіншілігін анықтауға болар еді. Және тұлғалық кәсіби өзін-өзі дамытуға бағытталған білімберу үдерісі мазмұнының, ұйымдастырушылық формалары мен технологияларының тиімді әсерін қамтамасыз ететін жағдайлары жасалып, студенттердің өзбетінше жұмысы мен аудиториядан тыс іс-әрекеті олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту үдерісі өзін-өзі дамытудың, таным мотивациясы мен кәсіби іс-әрекетінің ұстанымдарына сүйенген жағдайларда болады.
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы, зерттеу нәтижелерінің дәлділігі мен негізділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар сипатталады.
1-ші тарауда философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан болашақ маманды дайындау үдерісі мәнінің теориялық талдау негізіне ғылыми-методологиялық ережелері анықталған.
Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз практикалық және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге жылдам жауап беру қабілеттілігі болып табылады. Егер жоғары оқу орны өз түліктерін кәсіби іс-әрекеттің кіріктірілген (пәнаралық) негіздері аумағындағы білім мен біліктермен қамтамасыз етсе, оларды маман етіп дайындаса, әр пәннің «аппаратын» (методологиясын, негізгі ұғымдары мен ережелерін) таным және кәсіби іс-әрекет міндеттерін шешудің тәсілі пайда алынатын етіп шығарса бұл мүмкін болар еді. Болашақ мамандарды кәсіби дайындаудың методологиялық алғышарттары ретінде жоғары кәсіби білім берудегі жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым қарастырылады.
«Жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым» екі мағынаны біріктіреді: «жүйелі көзқарас» пен «іс-әрекеттік көзқарас».
Жүйелі көзқарас негізінде біржақты аналитикалық, зерттеудің себептік әдістерінен бас тартады да, объектінің кіріктірілген қасиеттері тұтастығына сүйенеді, олардың пайда болуына, сондықтан да қоршаған ортамен объектінің өзіндегі байланыстар мен өзара әрекеттестігін анықтауға назар аударылады. Жүйелілік көзқарасы – жинақталған термин. Онымен түрлі нақты ғылымдардан және өз объектілерін зерттеудің біртұтас тенденциясымен біріктірілген бағыттарды белгілейді. Жүйеллілік көзқарасы – жүйелі талдау позициясы тұрғысынан біртұтас ретіндегі құбылысты дамытудың мәнді заңдылықтарын кешенді зерттеу болып табылады. Сонымен, Жоғары оқу орындарында жүйелілік көзқарасы кәсіби дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыруға, толығынан талдауға мүмкіндіктерді ашады.
Жүйе сипаттамаларының минимальды жиынтығына жататындар: әр элементтің құрамы (оған кіретін элементтердің жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) мен әр элементтің қызметтері, оның рөлі мен жүйдегі мағынасы. Жүйенің элементі, өз кезегінде, жүйе бола алады, анағұрлым кең жүйеге оның бөлігі немесе шағын жүйесі болып кіреді.
Жүйелі талдау, зерттеу әдістері жүйесі туралы оқу, іс-әрекет негізінде күрделі жүйе болып табылады. Ол педагогикалық –психологиялық мәселелер шешімінің негіздемесі мен іске асуына бағытталған. Талдау барысында, зерттелініп отырған проблемасы тұрғысынан, іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері қаралады: қажеттіліктері (мотивтері), мақсат орындаушылық, өзін-өзі басқару, басқару. Іс-әрекет философиялық тұрғыдан қоршаған ортаға белсенді қатынасының арнайы адами формасы болып табылады, мазмұнын мақсатты түрдегі және қайта құрылудың өзгерісін қамтиды. Кәсіби педагогикада іс-әрекеттік көзқарас – практикалық өмірдің түрлі аймақтарындағы іс-әрекеттің қанағаттануының және тиімділігі үшін қажетті, білімдер мен біліктердің бірінші меңгеруін қамтамасыз ететін, ұстанымдар, формалар мен әдістердің жүйесі. Іс-әрекеттік көз-қарастың мәні Б.Г. Ананьевтің, Л.П. Буеваның, Л.С.Выготскийдің, М.С. Каганның, А.Н. Леонтьевтің, С.Л.Рубинштейннің және т.б. еңбектерінде ашылады. Әлеуметтік және психологиялық іс-әрекет түрлі әрекеттер мен операциялар жиынтығынан құралатын нақты үрдіс ретінде анықталады (А.Н.Леонтьев); қоршаған ортамен субъектінің әрекеттестігі ретінде (Л.С.Рубинштейн); адамның өмір сүру тәсілі ретінде (М.С.Каган); әр адамның нақты өміріне қажетті белгілі бір формалардың жиынтығы ретінде (ойын, оқу, еңбек) және онтогенезде жетекші рөлді атқаратын (Б.Г.Ананьев) болып табылады.
Қосымшада эксприменттік – тәжірибе кезінде өтілген тәрбие сағаттарының үлгілері берілген.
2018-2020 жылының ғылыми еңбектері:
№ | Ғылыми еңбектің
тақырыбы |
Баспа немесе қолжазба | ББасылымның аты, жылы,
номері, беті |
Көлемі (б.т.) | Бірге жазған авторлардың аты жөні |
1 | Model of development of professional preparedness of primary school future teachers to the use of ICT in inclusive educational environment | Басылған | Journal of Talent Development and Excellence, 2020 | 5 | Конашева Р.А.
Козыбаев Е.Ш. Арзымбетова Ш.Ж |
2 | Формирование психолого-педагогической готовности будущих педагогов-психологов к работе в системе инклюзивного образования | Басылған | «Әуезов оқулары-17»: Әлемдік кеңістіктегі ғылым мен руханияттың жаңа серпілістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектері. Шымкент, 2019.–Б.273-275 | 3 | Козыбаев Е.Ш,
Родин Ю.И., Жоодасбекова Б.А., Алтаева Г.Н. |
3 | Подготовка будущего учителя к работе с учащимися в условиях инклюзивного образования | Басылған | «Әуезов оқулары-17»: Әлемдік кеңістіктегі ғылым мен руханияттың жаңа серпілістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектері. Шымкент, 2019.-Б.276-279 | 4 | Козыбаев Е.Ш, Родин Ю.И., Есмаханова Е.Ш., Тұрысбек Б.А. |
4 | Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс | Басылған | Академик А.Куатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 20 жыл толумен, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, х.ғ.к., профессор К.Р.Куатбекованың 75-жылдық мерейтойына «Жоғары білім берудегі интернационализация және инновация» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Шымкент, 2019.-Б.39-42 | 4 | Козыбаев Е.Ш. |
5 | Болашақ маманды дайындаудың инклюзивтік білім беруге психологиялық-педагогикалық аспектілері | Басылған | «Жоғары білім беру мекемелеріндегі академиялық және басқару дербестігі жағдайындағы мамандар даярлау мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектер жинағы,2019. Б.-485-488 3 Конашева Р.А., Джолдасова А.Н. | 3 | Конашева Р.А., Джолдасова А.Н. |
6 | Инклюзивтік білім беруге дайындаудың педагогикалық негіздері | Басылған | «Замануи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» Жаңашыл педагогтардың ІІ Халықаралық формы еңбектері. Шымкент, 2019. Б.148-150. | 3 | Конашева Р.А., Раимбекова Г., Балабеков А. |
7 | Инклюзивті білім беру - проблемалар мен шешімдер | Басылған | «Әуезов оқулары-18: Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай «Ұлы Абайдың рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектері. Шымкент, 2020.- Б.243-245 | 3 | Конашева Р.А. Жолдасбекова Б.А., Алтаева Г.Н., Байхожаева Б.Е.
Есмаханова Ж.Ш. |
8 | Инклюзивтік білім беруге дайындаудың педагогикалық негіздері | Басылған | «Замануи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» Жаңашыл педагогтардың ІІ Халықаралық формы еңбектері. Шымкент, 2019. Б.148-150. | 3 | Конашева Р.А., Раимбекова Г., Балабеков А. |
9 | Features of pedagogical management in the professional activities of future teachers of physical culture and sports | Басылған | «Замануи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» Жаңашыл педагогтардың ІІ Халықаралық формы еңбектері. Шымкент, 2019.-Б.262-265 | 3 | Zholdasbekova B.A., Altaeva G.N., Tulenova A.N. |
10 | Мектептегі дене тәрбиесі сабағын ұйымдастыру және танымдық ерекшеліктерін анықтау | Басылған | «Замануи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» Жаңашыл педагогтардың ІІ Халықаралық формы еңбектері. Шымкент, 2019.-Б.242-244 | 3 | Есмаханова Ж.Ш., Тұрысбек Б.Ә., Байхожаева Б.Е. |
Докторлық диссертация тақырыбы: «Болашақ мамандарға «Мәңгілік ел» құндылықтарын оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздері»
Зерттеу мақсаты: Болашақ мамандардың «Мәңгілік ел» патриоттық актісін оқытуға даярлығын теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, ғылыми-педагогикалық эксперимент жүргізу.
Зерттеу міндеттері: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрауыштары аясында жоғары оқу орнында болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру жүйесінің негізгі теориялық қағидаларын әзірлеу.

Докторант Д.М.Даулеталиеваның диссертациялық жұмыстың негіздемесі 1 курстың 1 семестрінде түзілді. Диссертация тақырыбы бойынша қажетті материалдар жинақталып, сарапталды. Кітапханалардағы кітап қорын және әлемдік желіні пайдалана отырып, диссертацияға қажетті материалдар жинақатлды. Сонымен қатар, педагогика және психология ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін салыстыра отырып, талдау жұмыстары жүргізді. Іздену және зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша диссертацияның негізгі бөлімі, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің өзектілігі мен қазақ тарихымен сабақтастығы атты І тараудың 1,2 тармақшалары «Қазақ елі» идеясының қалыптасуы мен даму тарихы; және Қазақстан Республикасының тіл саясаты. Мемлекеттің ұлт саясатының ажырамас бөлігі; атты екі тарау бойынша зерттеу жұмыстары атқарылып аяқталды.
10.11.2020ж.-10.12.2020ж.аралығында Өзбекістан Республикасы Ташкент қаласы, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Докторанттың жеке жоспарына сәйкес диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (ҚР БҒМ БҒСБК) ұсынатын басылымдар ғылыми мақалалар жазылып әзірленді. Атап айтқанда «Ұлтжандылықты қалыптастыру-мәңгілік елдің кепілі», «Мәңгілік ел» патриоттық актісі арқылы тәрбиелеу», «Оқытудың дамытушылық қасиеті», «Ұлттық сананы жаңғырту - мәңгілік ел құндылықтарын оқытудың басты бағыттарының бірі» атты мақалалар жарияланды. Халықаралық конфененция және республикалық журналдарға «Рухани жаңғыруымыздың өзегі», «Lerning the «mangilik el» values in ancestors experence», «The eternal of the generation-in the hands of teachers» атты мақалалар жарияланды. National idea "Mangilik El" and national values тақырыбында Scopus базасына енетін журналға мақала берілді. Нәтижесі күтілуде. , «Оқытудың дамытушылық қасиеті», «Ұлттық сананы жаңғырту - мәңгілік ел құндылықтарын оқытудың басты бағыттарының бірі»
Сонымен қатар, «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық ғылыми зерттеу орталығымен, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтымен, Нұр-Сұлтан қаласы, Білім беруді жаңғырту орталығымен өткен «Жоғары оқу орнының үздік педагогы-2020» атты республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық «ІІ Global teashing qazsak» форумына қатысып, «Ұстаз-қоғамның тірегі» атты видеоролик, әзірлегені үшін дипломмен марапатталды. «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «Qazaq bilimi» республикалық ғылымыми-әдістемелік , педагогикалық журналының 2019 жылғы қыркүйек айындағы № 29 (24) санында «Үздік педагогикалық мақалалар» конкурсының жинағына еніп, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық ғылым және білім академиясының «Үздік педагог-2019» халықаралық педалгогиалық байқауында «Педагогтың үздің портфолиосы» номинациясы бойынша 2 орын иеленді. Қаңтар айының Сүлеймен Демирель университетінде 11-15 аралығында «SDU Winter School – 2021» атты семинарға қатысты.
Жалпы алғанда, докторант Д.М.Даулеталиваның зерттеу тақырыбы қазіргі таңдағы патриотизм, қазақ елінің ұлттық идеясы, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрауыштары аясында жоғары оқу орнында болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруды көздейді. Диссертациялық жұмыс зерттеу мәселесінен туындайтын өзара логикалық тұжырымдамалар мен қорытындылар арқылы сипатталған және алға қойылған мақсат, міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми жұмысты көрсетеді.
Докторлық диссертация тақырыбы: «Болашақ мұғалімдердің кәсіби рефлексиясының дамуының психологиялық ерекшеліктері» (Ғылыми кеңестің №3 хаттамасы, 22-қазан 2018ж.)
Ғылыми жетекшісі: психология ғылымдарының кандидаты, доцент М.Байбекова
Шетелдік ғылыми жетекшісі: Т.Шевченко атындағы Киев Ұлттық университеті псих.ғ.д., профессор Л.Бурлачук

Зерттеу жұмысының бағыты: докторлық диссертация қорғалатын докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі мәселелеріне сәйкес келуі, өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы, ғылым мен тәжіибенің қазіргі заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді, компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделеді, ғылыми зерттеулердің қазіргі зааманғы әдістерін қолдана отырып жүргізіледі, негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді қамтиды.
Өзектілігі: Айнала әлем күннен күнге қарқынды да үдемелі даму күйінде әрі қиын да болып отыр, бұл арадан — жақын арада нақты көтерілмеген бірқатар мәселелер де бой көтереді. Біздер А.Г. Асмолов атаған «өзгермелі әлемдегі өзгермелі тұлға» деген әлеуметтік феноменмен соқтығысып тұрмыз. Тұрақсыздық жағдайындағы экономикалық және саяси шындық адамды аса жоғары талаптар ситуациясындағы адаптациялық мүмкіндіктерге әкеліп тіреп отыр. Өмір мен іс-әрекеттің мұндай жағдайларында ең маңызды болатыны әлеуметтік орта мен жеке тұлғалық мүмкіндіктер мен резервтер, яғни әлеуеттер арасындағы тепе-теңдікті анықтау болап табылады.
Әсіресе жоғары білім берудің заманауи білім беру ортасы қазіргі таңда аса ерекше үдемелі қарқында болып отыр. Білім берудің түрлері мен мазмұнының реформалануы жағдайында ұзақ уақыт болғандықтан да, жоғары білімді ұйымдастыру заманауи таңдағы студенттерге жаңа құзіреттердің дербес және аса қызу қарқында меңгеруі және оларды дамытудың жаңа түрлері мен тәсілдеріне қатысты, әрі әлеуметтік өзара әрекет пен өзін-өзі реттеудің жаңа тәсілдерін , өзін-өзі дамытудың жаңа тәсіл-шараларын игеруге қатысты аса жоғары деңгейдегі талаптарды қойып отыр. Студенттерге деген талаптар күн санап өсуде, осы талаптарға сай болу үшін студенттерге міндетті түрде жоғары білім беруді ұйымдастырудың (әрі қарай ЖБҰ) жағдайларына адаптациялану қажет болып отыр және ағымдық міндеттерді тиімді де табысты шешуге үйренулері де аса қажет болып отыр. Оқытуға деген тіпті табысты адаптацияның өзі осы нәтиженің оқыту мерзімінің аяғына дейін сақталуына кепіл бола алмайды. Кейбір дезадаптацияландыратын факторлар өзгелерімен ауысып жатады. Әрбір семестрде студенттерге түрлі оқыту стильдері мен тәсілдеріне үйренуге тура келіп отырады.Әр жарты жылда студенттер емтихандар тапсырады. Көптегендері үшін ол- жұмыс сәттері, кейбіреулерге ол аса ауыр стресс болады, әрі оған жаңадан қайта адаптациялану қажет болады. Студенттердің ЖБҰ-дың оқу процесіне психологиялық адаптациялануын үздіксіз процесс деп қарау аса қажетті болып отыр.
Студенттік шақта психологиялық адаптацияланудың табыстылығын қамтамасыз ететін тиімді шара адамға орта мен жеке тұлға арасындағы қарама-қайшылықты қадағалап, талдап және шешіп отыруға мүмкіндік беретін құбылыс-рефлексия болып табылады. Рефлексия әлеуметтік және жеке-дара құндылықтар, мағына, қажеттіліктер арқылы «МЕН-социум» жүйесіндегі қарым-қатынас-байланыстардың үйлесімділігін және жеке ресурстарды қолдану арқылы «МЕН-академиялық талаптар» жүйесіндегі де байлансытарды қамтамасыз етеді. Рефлексияның дамуы субъектінің өзгелер, өзі жайлы рефлексивті ұғымдарының адекваттылығының артуымен, тұлғааралық өзара әрекет ситуацияларын талдау деңгейінің тереңдеуімен, ішкі және сыртқы кикілжіңдердің стандартты емес шешу тәсілдерінің жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады да, ақырында психологиялық адаптация нәтижелеріне ықпалын тигізеді. Осыған орай, рефлексияны зерттеу психологиялық адаптацияланудың ішкі ресурстарының бірі ретінде оның ағымдық жағдайы біздерге аса өзекті және ұстанымды түрде маңызды болады. Осылайша, зерттеудің өзектілігі мен оның әлеуметтік маңыздылығы білім беру ортасының талаптарының адаптациялық икемділік пен студенттердің мобильділігі арасындағы талаптары қарама-қайшылықтарының өткірленуі, жаңартылған білім жағдайларына жеңіл бағдарлану мен жоғары білім беруді ұйымдастырудың қоғамдық өмірінің міндеттері бір жағынан, екінші жағынан ЖБҰ білім ортасына студенттердің психологиялық адаптациялануларының рефлексиясы ерекшеліктері жайлы ғылыми ақпараттың жеткіліксіздігі мәселелерінің артуымен шарттасады. Рефлексия кәсіби құзіреттілікті меңгерудің қажетті элементі ретінде, интеллектуалды мәдениеттің мәнді компоненті ретінде және өзін-өзі реттеу мен дамудың маңызды механизмі ретінде (психологиялық адаптацияның маңызды құрамдастары) (Э. Гуссерль, Д.В. Винник, Г.И. Железовская, А.Н. Леонтьев, Ю.П. Поварёнков, М.В. Романова, В.И. Слободчиков және т.б.) қарастырылады. Осыған орай, студентердің рефлексиясын анықтау және оның ЖБҰ білім ортасына психологиялық адаптациялануының ерекшеліктерін зерттеу аса өзекті мәселеге айналып отыр.
Мәселенің ғылыми зерттелуінің дәрежесі қаншалықты деген сауалға келер болсақ, психологиялық ғылымда рефлексия жайлы феномен ретінде, ойлау тәсілі ретінде, процесс, іс-әрекет, дағды жайлы деген түрлі пікір-ұғымдар қалыптасып кеткен. Қай сала болса соған орай рефлексияның зерттелуіне сай осы құбылыстың түрлі қырлары акценттеліп отыр. Бірақ оның қандай жақтары мен қырлары ерекшеленгенмен де, олар адамның өзінің өзіндік сана-сезімін, өзіндік Менін, жеке күш-қуатын, әрекеттерін, әрі адаптациялық мүмкіндіктерін де таразылап, мағынасын саралауды қажет етеді. Сондықтан да, рефлексияны қарастырудың барлық қырлары мен барлық тәсілдері аса маңызды, әсіресе оны проблемалық ситуацияларға қолдану, оның ішінде білім ортасына психологиялық адаптацияланудағы рөлі аса ерекше маңызды болып отыр.
Рефлексияны заманауи зерттеу жұмыстарына талдау жасау келесіні көрсетеді, ол негізгі аспектіде зерттеледі: интеллектуалды, жеке тұлғалық және коммуникативті. Кейбір зерттеушілер рефлексияны шығармашылық процесс деп қарастырады (О.И. Генисаретский, В.К. Зарецкий, М.М. Кашапов, Я.А. Пономарев). Ғылыми психологиялық әдебиетте рефлексияның интеллектуалды аспектісі жеткілікті түрде жақсы баяндалған. Рефлексияның когнитивті схемалардағы рөлі мен орнына байланысты көптеген зерттеулер бар (Н.Г. Алексеев, В.Н. Борисов, П.Я. Гальперин, О.И. Генисаретский, Ю.В. Громыко, Н.И. Гуткина, А.З. Зак, В.А. Лефевр, Г.П. Щедровицкий). Әлеуметтік психологияда рефлексияны қарастырудың негізгі контексі болып тұлғааралық таным мен өзара әрекет процестері табылады (К.А. Абульханова, Г.М. Андреева, А.Г. Асмолов, А.А. Бодалев, Л.П. Буева, Ф.Е. Василюк, М.В. Карагачева, С.В. Михайлова, В.И. Панов, Е.В. Рягузова, Р.М. Шамионов,). Бұл рефлексияның әлеуметтік психологиялық трактовкаларын және оны зерттеуге деген бағыт-көзқарастарды да анықтайды. Жекелік рефлексия және оның түрлері жиі жағдайда қолданбалы, психодиагностиалық және психокоррекциялық зерттеулерде қарастырылады, оның ішінде психологиялық-педагогикалық міндеттерді шешетіндерінде де (Е.А. Александрова, Л.И. Анциферова, Т.В. Белых, Л.И Божович, В.К. Зарецкий, В.В. Знаков, А.В. Капцов, В.И. Моросанова, Ю.М, Орлов, Е.Н. Осин).
Докторлық диссертацияның мақсаты: болашақ педагог-психологтардың кәсіби рефлексиясы феномені дамуының психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Өңірдегі барлық жоғары оқу орындарында дерлік педагог-психологтар мамандықтары заманауи талаптарға сай даярланады. Сол педагог-психологтардың көпшілігі балабақшадан бастап халыққа білім беру жүйесін қамти отырып, тіпті өзге салаларда да психолог мамандары ретінде кәсіби қызметтерін атқарып келеді. Сондықтан да, кезінде атақты математик А.Эйнштейн «21ғасыр психологтар ғасыры» дегендей ақ, шетелдердегі сияқты әрбір жанұяда емес, әрбір жеке адамның жеке психологы болуы керек даму қарқынына да жеткен секілдіміз.Осы қажеттілік біздерді аталған тақырыпта зерттеу жұмысын жазып, оны ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеуімізге алып келді.
Зерттеу жұмысының әдістері: бақылау, лонгитюдті зерттеу, констатациялық және дамытушы эксперимент, қорытынды эксперимент, математикалық статистика әдісі.
Докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысын орындауы: 1-курста: 21.01.2019ж. – 24.05.2019ж., 2-курста: 02.09.2019-10.01.2020ж., 20.01.2020-31.07.2020ж. 3-курста: 02.09.2020-31.12.202ж., 4.01.2021-18.06.2021ж.
Педагогикалық практика: Академик Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ-нің «Педагогика және психология» кафедрасында (11.02.2019-01.03.2019ж.) өтті.
Зерттеу практика: 30.09.2019-20.12.2019ж., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Студенттерге психологиялық көмек көрсету орталығы»
Шетелдік тағылымдама: 15.03.2021ж.-15.04.2021ж.аралығында Т.Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінде псих.ғ.д., профессор Л.Бурлачуктың жетекшілігімен өту жоспарлануда.
Докторлық диссертация тақырыбы аясында жарияланған ғылыми мақалалары:
- Қазақстанның ғылым мен өмірі, №3/4, 2020ж., «Жоғары оқу орны оқыту процесінде болашақ педагог-психолог, студенттердің кәсіби рефлекциясының тұлғалық факторлық дамуы мәселесінің теориялық талдау» ;
- Қазақстанның ғылым мен өмірі, №3/4, 2020ж., «Педагогикалық рефлекцияның психологиясы»;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Хабаршы, «Психология» сериясы., №2(63), 2020., Алматы қ., «Жоғары оқу орнының білім ортасына студенттердің психологиялық адаптациялануларындағы рефлексияның рөлдік ерекшеліктері»;
- Скопус импакт фактор, Анкара университеті, 10.02.2021ж,, ««Experimental study of professional reflection and direction of future psychologists-pedagogues».
Жеке жұмыс жоспары бойынша аттестататудан өтуі: 1-курста: 20.05.2019ж.-24.05.2019ж., 2-курста: 27-31 шілде, 2020ж., 3-курста: 14.06.2021-18.06.2021ж.
Докторлық диссертация тақырыбы: «Жаңартылған оқыту мазмұнында студенттердің креативті тұлғалығын дамыту»
Зерттеу мақсаты: Зерттеудің мақсаты - жаңартылған оқыту мазмұнында студенттердің креативті тұлғалығын дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету бағытындағы материалдарды тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу.
Зерттеу міндеттері: – жаңартылған оқыту мазмұнында студенттердің креативті тұлғалығын дамыту технологиясын жасаудың қажеттілігін ғылыми тұрғыдан негіздеу;
– креативті тұлға қалыптастырудағы креативтіліктің құрылымы мен
мазмұнын, компоненттерін, деңгейлерін және олардың қалыптасу өлшемдерін анықтау;
– жаңартылған оқыту мазмұнында студенттердің креативті тұлғалығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
– жаңартылған оқыту мазмұнында студенттердің креативті тұлғалығын дамыту әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау.
Докторант Е.Е.Мырзабековтың диссертациялық жұмыстың негіздемесі 1 курстың 1 семестрінде түзілді. Диссертация тақырыбы бойынша қажетті материалдар жинақталып, сарапталды. Кітапханалардағы кітап қорын және әлемдік желіні пайдалана отырып, диссертацияға қажетті материалдар жинақатлды. Сонымен қатар, педагогика және психология ғылымының дамуына үлес қосқан Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін салыстыра отырып, талдау жұмыстары жүргізді. Іздену және зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша диссертацияның негізгі бөлімі, Оқу үдерісінде болашақ мамандардың креативті тұлғасын қалыптастырудың теориялық.әдіснамалық негіздері
Шет елдік ғылыми кеңесшім п.ғд., профессор Рузиева Д город Ташкент, Ташкентский государственный педагогический университет им. Низами
10.11.2019ж.-10.12.2019ж.аралығында Өзбекістан Республикасы Ташкент қаласы, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
1-Ташкентский государственный педагогический университет им.Низами,г.Ташкент, УзбекистанТехнология и методы формирования креативного мышления студентов 1Рузиева Д.И., Мырзабеков Е.,Сихынбаева Ж.С.,
- Psychology and pedagogical features of development of a creative personality of the student
Ясауи Университетінің хабаршысы ғылыми дурналы 2019
2.Болашақ бакалаврды кәсіби даярлаудағы кретивті психологияның орны.
Қазақстан ғылымы мен өнері № 8 2020
3.Понятие креативного потенцияла в психологическом аспекте
Қазақстан ғылымы мен өнері №5\4 2020
4.Студентердің креативті тұлғалығын жанартылған оқыту негізінде арттыру
Қазақстан ғылымы мен өнері №5\4 2020
Pedagogical Conditions Of Formation Of Creativity At Future Teachers
Revista de CienciasHumanas y SocialesAño 35, N° 90, (2019)
Estarevistafueeditada en formato digital por el personal de la Oficina de PublicacionesCientíficas de la Facultad Experimental de Ciencias, Universidad del Zulia. Maracaibo - Venezuela
2019 тақырыбында Scopus базасына енетін журналға мақала берілді.
ЖООКББ бөлімінің бастығы:
Омарова Бекзат Амангелдіқызы
Мекен-жайы: 160011, Шымкент қаласы,
Төле би 32, №105 кабинет
Телефон: 8-7252-95-25-62
E-mail: bekzat.1972.26@mail.ru
1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика мамандығын бітірген. 2002-2005 жылдары аралығында аталмыш университеттің «журналистика» мамандығы бойынша Аспирантураның күндізгі бөлімінде білім алды.
2010-2012 жылдар аралығында академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің магистратурасында оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын бастаған уақыттан бері қырықтан аса ғылыми жұмыстары аймақтық, республикалық, халықаралық журналдарға жарияланған. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Білім беру үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Білім беру, ғылым жолындағы ізденіс жұмыстары үшін облыстық, университет басшылығы тарапынан көптеген дипломдарымен, мақтау қағаздарымен қоса алғыс хаттарымен марапатталған. 2016 жылы А.Байтұрсынов атындағы Тіл Білімі институты, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-де «Қазіргі тіл білімінің пәнаралық аспектілері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинардың тыңдаушысы болды. 2017 жылы «НААР» тәуелсіз агентігінің «Білім беру сапасын университет ішілік қамтамасыз ету жүйесін» атты семинар-тренингтің сертификатын алған. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2019 жылы Түркия мемлекетінде ” Applied Meta-analysis in Educational Sciences” курсына қатысып, сертификат алды.
2019 жылы Украина мемлекетіндегі М. П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің «Психологиялық кеңес беру негіздері.Инклюзия жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің бейімделуінің психологиялық технологиялары» атты біліктілікті арттыру курсына (72 сағат) қатысып, сертификат алды.

Білімі: | Жоғары |
Бітірген жылы: | 2021 ж. |
Білімі бойынша мамандығы: | Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы |
Қандай шет тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін біледі: | орыс, ағылшын |
Еңбек қызметі: | 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері. |
E-mail: | Indira_arnabekova01@mail.ru |
Мекен-жайы: | 160011, Шымкент қаласы, Төле би 32, №110А кабинет |
Телефон: | 8-7252-95-25-62 |
№ | Код және
жіктелуі білім беру саласы бойынша |
Кадрларды даярлау бағыттарының атаулары | № | Білім беру бағдарламаларының шифры мен атауы | |
1 | 7M01 Педагогикалық ғылымдар | 7М011 Педагогика және психология | 1 | 7М01101 – Педагогика және психология | |
2 | 7М015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау | 2 | 7М01514- Математика | ||
3 | 7М01520-Информатика | ||||
4 | 7М01530-Химия | ||||
5 | 7М01540-Биология | ||||
3 | 7М017- Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау | 6 | 7М01710-Қазақ тілі мен әдебиеті | ||
7М01720-Шетел тілі: екі шетел тілі | |||||
4 | 7М016 Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау | 8 | 7М01610- Тарих | ||
5 | 7M04 Бизнес, басқару және құқық | 7М041 Бизнес және басқару | 9 | 7М04140-Есеп және аудит | |
10 | 7М04110-Экономика | ||||
6 | 7М042 Құқық | 11 | 7М04209 –Құқықтану | ||
7 | 7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | 7М062 Телекоммуникациялар | 12 | 7М06210-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар | |
8 | 7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | 7М071 Инженерия және инженерлік іс | 13 | 7М07112-Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
№ | Код және
жіктелуі білім беру саласы бойынша |
Кадрларды даярлау бағыттарының атаулары | № | Білім беру бағдарламаларының шифры мен атауы |
1 | 8D01 Педагогикалық ғылымдар | 8D011 Педагогика және психология | 1 | 8D01110- Педагогика және психология |
2 | 8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау | 2 | 8D01540- Химия | |
3 | 8D01550- Биология |
Магистратура
7М01110 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім магистрлерінің кәсіби қызмет нысандары: білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, білімдік үрдісті ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, білім беру мекемесіндегі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, әлеуметтік-педагогикалық әрекет, осы бағыттағы бітірушілерге қатысы бар ЖОО-ындағы педагогикалық колледждердегі, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі білім беру мекемесіндегі оқу-тәрбиелік қызмет.
Кафедра болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында келесі білім және тәрбие мекемелерімен оқу, ғылыми, шығармашылық байланыстарды жүзеге асырады:
- ЖОО-ры мен ғылыми орталықтар, ұйымдар: Психология Ғылымдарының Халықаралық Академиясы (Ресей, Ярославль қ.), Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан, Ташкент қ.). Пенжикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институты (Тәжікстан, Пенжикент қ.), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті (Шымкент қ.), Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университет (Шымкент қ.) және т.б.
- Жалпы білім беретін орта мектептер: №35,27,69,39,56,36,38,113,81,45,97, «Қызылқұм», «Манкент», Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп (Шымкент қ.);
- Колледждер: “Отырар” колледжі; “Парасат” колледжі (Шымкент қ.).
- Балабақшалар: Нұрлан», «Керемет Оңтүстік», «Сымбат-ай», «Ұлмерей», «Алтын балапан» (Шымкент қ.);
- Арнайы мекемелер: «Сайрам көмекші мектеп-интернаты», «Бірегей чемпион» (Шымкент қ.);
Каферада студенттерді ғылымға баулитын «Жас педагог» және «Жас психолог» үйірмелері жұмыс істейді.
- Математика – Кәсіби қызмет саласы
7М01514 – «Математика» білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметін білім және ғылым саласында жүзеге асырады.
- Кәсіби қызмет обьектілері
Бітіруші түлектердің кәсіби қызмет нысаны
- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі арнаулы орта, жоғары білім беру ұйымдары;
- ғылыми-зерттеу мекемелері мен білім беруді ақпараттандыру орталықтары;
- компьютерлік технологияларды өз жұмысында пайдаланатын түрлі меншік нысандарындағы білім беру жүйесінің ұйымдары болып табылады
7М01514 – «Математика» мамандығы бойынша магистр келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
- оқыту;
- ұйымдастыру-тәрбиелік;
- әлеуметтік және педагогикалық.
Информатика – Кәсіби қызмет саласы.
мемлекеттік басқару ұйымдарда, оқытушы болып жоғары және орта –арнаулы оқу орындарында, ғылыми – зерттеу мекемелерінде және білімді ақпараттандыру орталығында, компьютерлік білім беру технологияларын өзінің жұмысында пайдаланатын басқа да ұйымдарында.
Кәсіби қызмет обьектілері.
7М01520 – Информатика мамандығы түлектерінің кәсіби қызмет объектілері бағыты бойынша;
мемлекеттік және білім беру мекемелері, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарында ғылыми және педагогикалық дайындау:
мемлекеттік және білім беру мекемелері, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен орталықтары, білім беруді ақпараттандыруды ұйымдастыратын әр түрлі жеке меншік білім беру компьютерлік технологиялар қолданушылыр.
Кәсіби қызметтің түрлері.
Магистратура 7М01520 – Информатика мамандығының түлектері келесі бағыттар бойынша кәсіби қызмет атқара алады:
профильді даярлық кезінде:
– оқытушы;
-ұйымдастыру-тәрбиелік;
-әлеуметтік-педагогикалық.
ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде:
-ғылыми-зерттеу;
-оқытушы;
-түзету-дамытушылық;
-кеңес беру;
-мәдени-ағарту;
-ұйымдастыру-тәрбиелік;
-әлеуметтік-педагогикалық.
Кәсіби қызметтің бағыттары
- Профильді;
- ғылыми және педагогикалық.
Биология
Қазіргі заманғы ақпараттық ағындарды бағдарлау және қарқынды өзгермелі үрдістерді бейімдеу;
Кәсіби іс-әрекетте қажетті негізгі білім, білік, дағды мен құзыреттіліктерді қалыптастыру;
Жоғары білім беру мекемелерінде, білім беру мекемелерінде, білім беру ұйымдарында, ғылыми-білім беру ұйымдарында ғылыми, білім беру, кәсіптік және тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі біліммен, инновациялық тәсілдермен, жаңа ғылыми білім беру шеберлерін дайындау.
Жалпы білім берудің міндеттері:
– қоғамдағы әлеуметтік жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, кәсіби этикалық нормалардың маңыздылығын түсіну және осы нормаларды ұстану;
– өздерінің кәсіби мансаптары бойынша өзгеретін жағдайларға сәтті бейімделуге мүмкіндік беретін дағдылар мен өмір бойы оқыту дағдыларын қамтамасыз ету;
– дамудың жоғары жалпы интеллектуалды деңгейін иелену, педагогикалық білім беру саласында сауатты және дамыған сөйлеуді, ойлау мәдениетін және ғылыми ұйымдастыру жұмыстарын меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
– педагогикалық білім беру саласында бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру, олардың мамандық бойынша тезірек жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету немесе кейінгі білім деңгейінде үздіксіз білім алу.
Қолдана білуі:
Өзінің кәсіби әрекетін ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлай алады;
Биологиялық тәжірибелерді зерделеп, меңгереді.
Жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын; ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін зерттеуі.
Біліктілігі:
Кәсіптік қызмет саласы – инновациялық педагогикалық қызмет, профилактика, диагностикалау және кеңес беру, педагогикалық білім беру, психологиялық және психотерапиялық көмек, білім беру және әлеуметтік педагогикалық қызмет саласы.
Құзіреттілігі:
– шет тілінде негізгі коммуникативті дағдыларды меңгеру – түсіну, сөйлеу және түсіндірме ұғымдар, әлеуметтік және мәдени мәнмәтіндердің тиісті ауқымында ауызша және жазбаша (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) медиациялық және мәдениетаралық түсіністіктерді меңгеру дағдылары;
– Сыни ойлау, түсіндіру, шығармашылық талдау, қорытынды тұжырымдау, бағалау дағдыларына ие болу қабілеті; кәсіби мақсаттарға қол жеткізу үшін ғылыми жобаларды басқару, қызметкерлерді басқару, кәсіпкерлік дағдыларды көрсету; ымыраға келу, өз пікірін команданың пікірімен байланыстыру мүмкіндігі; іскерлік этиканы сақтау; кәсіби және жеке өсуге ұмтылу; Командада жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдерді ұсыну; басқа адамдарға төзімділік таныту;
– компьютермен жұмыс істеу, коммуникацияға арналған қазіргі заманғы ақпараттық және цифрлық технологияларды сеніммен және сыни қолдануға, компьютер арқылы ақпарат алмасуға, бағалауға, сақтауға, шығаруға, таныстыруға және алмасуға, қарым-қатынас жасайтын ннтернет желісінде кәсіби қызмет етуге;
– қоғамдық пікірге, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыптарға, нормаларға негізделген әлеуметтік және этикалық құндылықтарды меңгеру және олардың кәсіби қызметінде басшылық ету қабілеті; Қазақстан халықтарының мәдениетін білу және олардың дәстүрлерін сақтау; Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасын, оның ішінде білім беру саласындағы іргелі негіздерін сақтауға; қоғамның әлеуметтік даму тенденцияларын білу; әртүрлі әлеуметтік жағдайларды барабар шарлау; ымыраға ие болуға, өз пікіріңізді команданың пікірімен байланыстыруға; меншікті іскерлік этика, мінез-құлықтың этика және құқықтық нормалар; кәсіби және жеке өсуге ұмтылу; Командада жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдерді ұсыну; басқа адамдарға төзімділік таныту;
– экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін білу және түсіну, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлі; экономикалық білім негіздерін меңгеру; сыни ойлау, түсіндіру, шығармашылық талдаулар, қорытындылар жасау, бағалау; кәсіптік мақсаттарға жету үшін жобаларды басқару, қызметкерлерді басқару, кәсіпкерлік дағдыларын көрсету.
– педагогикалық ғылымдар саласында базалық білімді меңгеру, негізгі ұғымдарды, заңдарды, теорияларды және процестерді түсіндіруге және қолдануға, оларды педагогикалық мәселелерді шешуге қолдануға, нәтижелерді талдауға және қорытынды жасауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты жүзеге асыруға; критерийлік бағалауды, педагогикалық инновацияларды және технологияларды ескере отырып, студенттердің психологиялық және физиологиялық дамуын, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар және әртүрлі жас кезеңдеріндегі білім беру үрдісіндегі көріністерін білу, педагогиканың, психологияның және кәсіби қызметтегі оқыту әдістерін білу, олардың педагогикалық дағдыларын дамытуға ұмтылу; магистратурада кәсіби күнделікті іс-әрекеттер мен үздіксіз білім алу үшін қажетті жаңа білім алу дағдыларына ие болу;
– Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін білу және түсіну қабілеті, әлемнің басқа ұлттарының дәстүрлері мен мәдениетіне толерантты мінез-құлық көзқарастарын біледі; зиянға ұшырамайтын, рухани қасиеттерге ие, зиялы адам ретінде қалыптасу.
– сыни ойлау, түсіндіру, шығармашылық талдаулар, қорытындылар жасау, бағалау; шығармашылық және белсенді өмір салты бар; белгісіздік және тәуекел жағдайында кәсіби шешімдер қабылдау.
– кәсіптік саланы зерттеудегі педагогика мен психологияның теориялық және әдіснамалық негіздерін білу;
– педагогика мен психологияның өзекті мәселелерін зерттеу, психологиялық-педагогикалық ғылым мен білімнің дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындау мүмкіндігі; Кәсіби саланы зерттеуде педагогика мен психологияның теориялық және әдіснамалық негіздерін білу;
– педагогика мен психологияның өзекті мәселелерін зерттеу, психологиялық-педагогикалық ғылым мен білімнің дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындау мүмкіндігі;
– Университеттің барлық оқу үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру саласындағы жетекші бағыттардағы заманауи зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндігі;
– Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қалыптастыруға дайын болу: ғылыми баяндамалар, шолулар, аналитикалық ақпараттар және түсіндірме жазбалар;
– Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы саясатының негізгі бағыттарын білуге дайын болу.
– Университеттің интегралды педагогикалық үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жаңа формалары, әдістері, технологиялары бойынша өз қызметін пайдалану мүмкіндігі;
– Қазақстандағы және шетелдегі білім беру теориясы мен практикасындағы білімнің ғылыми әдістерін және даму үрдістерінің негізгі кезеңдерін пайдалану дағдысын меңгеру;
– білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық базаның ақпараттық-білім беру технологиялары бойынша білімі болуы;
– нақты психологиялық-педагогикалық проблемаларды шешуде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі;
– кәсіби қызметте психологиялық-педагогикалық білім саласын пайдалануды үйрену дағдысын меңгеру;
– Зерттеу дағдыларын меңгеру және практикада, сондай-ақ білім саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттарды зерттеу әдістерін қолдану.
– Университеттің тұтас педагогикалық үдерісін, білім берудің нақты мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру және іске асыру сатыларын құруға;
– университеттің нысаны мен мазмұнын, университеттің және аймақтың оқу үдерістерін және проблемаларын басқаруды ұйымдастыру;
– университет оқытушысының ғылыми-педагогикалық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру;
Біліктілік және лауазымдар тізбесі.
Аталған білім бағдарламасын бітіруші тұлғаларына 7М01610 – Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі. 7М01610 – Тарих мамандығы бойынша бітіруші магистр әр түрлі типтегі білім беру мекемелерінде, сонымен қатар жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми-әдістемелік бөлімдерінде және бағыт бойынша басқада салаларда қызмет етуіне болады.
7М01610 – Тарих мамандығы бойынша магистрінің біліктілік сипаттамасы
Кәсіби қызмет нысандары -жоғарғы оқу орындары; -ғылыми-зерттеу институттары; – әкімшілік-басқарушылық – ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары – республикалық, облыстық және аудандық халыққа білім беру бөлімдері – облыстық және аудандық әдістемелік орталықтар – бақылау-талдау қызметтері, орталықтар, баспалар.
Кәсіби қызмет түрлері 7М01610 – Тарих мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер төмендегідей кәсіби кәсіби қызметтің түрлерін орындай алады: -білім беру (педагогикалық) -ғылыми-зерттеу; -методикалық; -сараптамалық-кеңесшілік; -әкімшілік-басқарушылық.
Академиялық дәрежесі: 7М04140- «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы: мемлекеттік органдар, Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі; экономиканың түрлі салаларында, барлық меншік үлгісіндегі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы мемлекеттік экономика үлестіру басқармасының органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері.
Кәсіби қызметінің нысандары: экономиканың түрлі салаларында және статистикалық органдарда ұйымдардың мүдделеріне активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар, өндірістен қаржылық нәтижелері, операциялық, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызмет, сондай-ақ басқа да құндылықтар болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастырушылық-техникалық;
- есептік-жобалау;
- ұйымдастыру-басқару;
- ғылыми-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық).
Академиялық дәрежесі: 7М04110- «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
Кәсіби қызметінің саласы: Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі; экономиканың түрлі салаларында, барлық меншік үлгісіндегі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы мемлекеттік экономика үлестіру басқармасының органдары, ұйымның міндеттемелері және мүлік есебі, шарушылыө операциялар жүргізу және ресісдеу, бюджет және бюджетпен тыс қорлармен есеп жұргізу, ғылыми-зерттеу мекемелері.
Кәсіби қызметінің нысандары: экономиканың түрлі салаларында және статистикалық органдарда ұйымдардың мүдделеріне активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар, өндірістен қаржылық нәтижелері, операциялық, коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызмет, экономика, талдау және кәсіпорынды басқару, зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ басқа да құндылықтар болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- ұйымдастырушылық-техникалық;
- есептік-жобалау;
- ұйымдастыру-басқару;
- ғылыми-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық).
Академиялық дәрежесі: “Құқық магистрі” (1 жыл), “Заң ғылымдары магистрі” (2 жыл)
Кәсіби қызметінің саласы: қазақстандық және халықаралық еңбек нарығындағы тәжірибелік заң қызметі, құқықтану саласындағы зерттеу қызметі, қазақстандық және халықаралық білім беру үдерісіне қатысу.
Кәсіби қызметінің нысандары:
бейінді бағыт бойынша – әкімшілік-басқарушылық, сарапшылық-консультативтік, заңи, ұйымдастырушылық-басқарушылық;
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – білімдік, ғылыми-зерттеу, әдістемелік, әкімшілік-басқарушылық, ұйымдастырушылық-басқарушылық.
Кәсіби қызметінің түрлері:
бейінді бағыт бойынша түлектер құқық қорғау органдарында, сот органдарында, әділет органдарында, мемлекеттік органдарда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қызмет атқара алады;
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша білім беру саласында, ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыспен айналыса алады.
Магистратура бағдарламасының мақсаты: шетел тілді білімі бар, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын және отандық әрі әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Кәсіби қызметінің нысандары:
Магистратурада кадрлар ғылыми-педагогикалық бағытта даярланады. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін терең ғылыми-педагогикалық білімі бар кадрларды жоғары оқу орнынан кейін даярлайтын білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Аталмыш бағдарлама шеңберінде магистрант түбегейлі даярланады. Бұл ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ, жоғары мектепте сабақ жүргізу құқығын береді.
Кәсіби қызметінің түрлері:
-ғылыми-педагогикалық;
-ғылыми-зерттеу;
-білімдік-педагогикалық.
8D01110 – «Педагогика және психология» эссе тақырыптары
Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғауға дайындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
Академиялық аттестаудан өткізудің негізгі ережесі
Ғылыми тағылымдамадан өткізу ережесі
Магистрант пен докторанттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру ережесі
Ішкі байланыстар академиялық ұтқырлық бойынша магистранттар саны
№ | ЖОО атауы | 2016-2017 | 2017-2018 | 2018-2019 |
1 | Аймақтық әлеуметтік-инновацияық универсиеті | 9 | 8 | 3 |
2 | ҚазҰУ әл-Фараби атындағы университеті | 1 | ||
3 | Сырдария | 2 |
Сыртқы байланыстар академиялық ұтқырлық бойынша магистранттар саны
№ | ЖОО атауы | 2016-2017 | 2017-2018 | 2018-2019 |
1 | Тәжікстан педагогикалық институты | 7 |
МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ
Магистратура және докторантура құжаттар тапсыру мерзімі 3-25 шілде.
Магистратура және докторантураға түсуші үміткерлер 2 емтихан тапсырады, шетел тілінен және мамандық бойынша.
Түсу емтихандары:
– шетел тілінен емтихан тапсыру мерзімі 08-16 тамыз аралығында
– мамандық бойынша емтихан 17-25 тамыз аралығында
– оқуға қабылдау 28 тамыз
Ағылшын тіліндегі бағытталған магистратура және докторантураға түсушілер үшін кешенді тестілеу 08-16 тамыз аралығында өткізіледі.
Магистратураға түсуші үміткерлердің «Бакалавр» академиялық дәрежесі болуы міндетті.
Докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және “Магистр” дәрежесі бар адамдар қабылданады.
1 | ғылыми-педагогикалық (магистратура, докторантура) | барлығы 150 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 50 балл |
2 | бейіндік бағыттағы (магистратура, докторантура) | барлығы 130 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 30 балл |
- Шетел тілінен емтихан
Шетел тілінен емтихан ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының технологияларына сәйкес тест түрінде алынады.
Шетел тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары шетел тілінен тапсыратын емтиханынан босатылады.
- Мамандық бойынша тапсырылатын емтихан
Шетел тілінен жеткілікті балл жинаған үміткерлер екінші мамандық бойынша тапсыратын емтиханға жіберіледі.Магистратураға түсуші тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады: - ұйым басшысының атына өтініш;
- жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальды куәландырылған құжат қөшірмесі мен түпнұсқасы.
- кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосурет;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы (флюрография міндетті);
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
- Қосымша құжаттар (грамота, сертификаттар ж.е.т.б.);
- Бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
- тесттілеуге қатысу үшін төленген төлемақы квитанциясы (оригинал + көшірме, ХАЛЫҚ БАНКІНЕ төлеген 4200 теңге төлем);
- Мекен-жай анықтамасы
Докторантураға түсу үшін тапсыратын құжаттар тізімі:
1) ұйым басшысының атына шет тілі бойынша түсу емтиханын тапсыратын қала көрсетілген өтініші;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) жоғары оқу орнын бітірген дипломын және магистратура дипломының нотариальды куәландырылған құжат қөшірмесі мен түпнұсқасы.
4) осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін;
5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (3,3-форма);
6) 3×4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
7) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
8) кадрлар есебі бойынша жеке іс-парағы және жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын құжат;
9) құжаттар тізімдемесі;
10) 20 папка файл;
11) тесттілеуге қатысу үшін төленген төлемақы квитанциясы (оригинал копия, ХАЛЫҚ БАНКІНЕ төлеген 4200 тенге төлем)
12) Мекен-жай анықтамасы
13) “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” (БЖЗҚ) анықтамасы
Байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы,
Төле би №32.
Телефон: 8 (7252) 95-25-62
№ | Шетелдік ЖОО атауы | Мемлекет |
1. | Нидэ Омер Халисдемир атындағы университет | Турция |
2. | Жоғарғы Силезиялық экономикалық университеті | Польша |
3. | Рязандық мемлекеттік радиотехникалық университеті | Ресей |
4. | Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті | Ресей |
5. | Мирзо Улугбек ат. Өзбекістан Ұлттық университеті | Өзбекістан |
6. | Бишкек қаржы-экономикалық академиясы | Қырғызстан |
7. | Бишкек гуманитарлық университеті | Қырғызстан |
8. | Мәскеу қаржы-өнеркәсіп «Синергия» университеті | Ресей |
9. | АИРУЗ ботаникалық және зоологиялық институты | Өзбекістан |
10. | Сібір бизнес-ақпараттық технология институты | Ресей |
11. | Қырғызстан Халықаралық университеті | Қырғызстан |
12. | Ташкент химия-технологиялық институты | Өзбекістан |
13. | Педжикент қаласындағы Тәжікстан педагогикалық институты | Тәжікстан |
14. | Мәскеу ашық институты | Ресей |
№ | ЖОО атауы | Қаласы |
1. | М.Әуезов ат. ОҚМУ | Шымкент |
2. | Абылайхан ат. Қазақ әлем тілдер және халықаралық байланыс университеті | Алматы |
3. | Абай ат. Қазақ ұлттық университеті | Алматы |
4. | Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті | Алматы |
5. | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті | Алматы |
6. | Шәкәрім университеті | Семей |
7. | Қазақ-орыс халықаралық университеті | Ақтөбе |
8. | Мирас университеті | Шымкент |
9. | Silkway Халықаралық университеті | Шымкент |
10. | Қ.А. Яссауи ат. ХҚТУ | Түркістан |
11. | Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті | Шымкент |
12. | Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті | Семей |
13. | М.Сапарбаев ат. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты | Шымкент |