«Кәсіпкерлер ел экономикасы дамуының – қозғаушы күші» атты мәжіліс отырысы
ҚР Ұлттық валюта күніне орай «Экономика» кафедрасы өткізген апталық іс-шаралары
«IPR Smart» атты электронды кітапханасының өнімдерінің презентациялық семинары
Ташкент қаржы институтымен сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық
Экономика кафедрасы ұйымдастырған «Кітапхана саяхаты» жобасы
«Жаңа Қазақстанның білікті тіректері» атты іскерлік конференция
2022 жылғы 23 ақпанда 4 курс түлектері үшін “Оңтүстік экономикалық аймақта” жұмыс берушілердің – “Бал текстиль” ЖШС, “Назар текстиль” ЖШС, “Әлем БТ” ЖШС, “СП Lux Shoes” ЖШС, “Бал Декор”ЖШС сияқты ірі кәсіпорындардың өкілдерінің қатысуымен” Бос орындар жәрмеңкесі ” өткізілді, “Sagitex Group” ЖШС, “ТПК Alliance”ЖШС. “Бал текстиль” ЖШС, “Назар текстиль” ЖШС, “Әлем БТ” ЖШС, “СП Lux Shoes” ЖШС, “Бал Декор” ЖШС, “Sagitex Group” ЖШС, “ТПК Alliance” ЖШС, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар управления басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастырған.
Іс-шараның мақсаты-түлектерді нарықта сұранысқа ие кәсіптер туралы хабардар ету, қолайлы кәсіпті таңдауға көмек көрсету, жұмыс берушілерге өз кәсіпорны үшін кадрлар даярлау мәселесін перспективалық шешуге көмектесу, жұмыс берушілерді бос жұмыс орындарын ұсынуға кеңінен тарту, сондай-ақ кәсіпорындарға жоғары білікті мамандарды тарту.
“Кәсіпкерлік негіздері” бойынша ПОҚ-тың, магистранттар мен студенттердің біліктілігін арттыру курстары
Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамыту» шеңберінде “Экономика” кафедрасы 2023 жылдың 26 қаңтарында профессорлық-оқытушылар құрамына, және 6В04110 –«Экономика», 6В04130 –«Қаржы», 6В04110 –«Есеп және ауди», 6В04110 –«Маркетинг», 6В04110 –«Менеджмент», 7М04110 –«Экономика», 7М04110 –«Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының магистрантар мен студенттері үшін Астана қаласының “Dau Media” оқу орталығымен экономист, спикер, ірі кәсіпкерлерімен Д. Т. Мұқаев және Д. Ерсаинмен кездесу және «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша біліктілікті арттыру курсы, тақырыбы «Бизнеске бағыт: неден бастаймыз?, «Кәсіпкерлік дағдылар» ұйымдастырылды.
Курстың мақсаты – кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті нормативтік құжаттарды, заңдар мен заңға тәуелді актілерді, бизнес негіздерін, іскерлік қарым-қатынас, кәсіпкерлік этикасы мен этика, персоналмен жұмыс істеу дағдылары мен тәсілдерін зерделеу, нарық жағдайында өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметті ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті дағдылар мен дағдыларды дамыту.
ПОҚ, магистранттар мен студенттер тақырып бойынша қызықты сұрақтар қойды, әрі қарай кәсіпкер кәсіпкерлік сөзінің шығу тегі туралы атап өтті, экономист сонымен қатар ҚР-дағы кәсіпкерлік қызметтің фишкалары, бизнесті қалай жүргізу керектігі және Қазақстанның қолданыстағы Кәсіпкерлік Кодексі туралы сайттар арқылы бизнеспен қалай айналысу керектігі туралы айтып берді, сондай-ақ, табысты кәсіпкер болу, кәсіпкерлер деген сұраққа жауап берді олар өз бетінше жұмыс істеу арқылы тәуекелге баруға және пайда табуға мүмкіндік беретін ерекше ойлау стиліне ие. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Астана қаласындағы «Dau Media» оқу орталығына онлайн-курс өткізген үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
2022 жылдың 10 қазан күні сағат 15-00-де Болон процесі және академиялық ұтқырдлық орталығы мен Астана мемлекеттік қызмет хабының бірлесе ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту және даярлау», «Қазақстанның ЖОО-ғы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының бағалау және талдау» тақырыбында зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша онлайн форматта ZOOM платформасында семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинар қазақ және орыс тілінде өтті.
Семинарға Туркестан облысы, Шымкент қаласынан академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінен келесі ПОҚ қатысты:
– Сабенова Б.Н., э.ғ.к., аға оқытушы магистр,
– Абдурахманова З.А. – магистр, аға оқытушы
– Баданбаев К.А. – магистр, аға оқытушы
– Кененбаева Ж.Т. – магистр, аға оқытушы
«Қазақстанның ЖОО-ғы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының бағалау және талдау тақырыбындағы зерттеу жұмысының нәтижесін» талқылау бойынша семинарды Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитет торағасы Алихан Байменов мырза және Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Айдос Мұқатаев мырза алғыс сөзін алып семинарды ашты.
«Қазақстанның ЖОО-ғы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының бағалау және талдау» тақырыбындағы – жоғарғы білім және мемлекеттік басқару саласындағы сарапшы Шолпан Есімова ханым және «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәсілдері» тақырыбында – э.ғ.д., доцент және білім беруді басқару жөніндегі сарапшы Руслан Карабатанов мырза презентацияларын даярлап ұсынды.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Бірнеше сұрақтар қарастырылды – ол жоғарғы оқу орындарында Мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтары бойынша Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жаңарту, силлабус сапасынан оқыту сапасына дейін, білім беру бағдарламаларына зерттеу әдістері мен практикасы теориясын, білім беру бағдарламаларын әзірлеу жоғары білімнің жаһандық сын қатерлеріне жергілікті жауаптар білім беру бағдарламаларға оқытылатын пәндерді жаңарту, нарықтың сұранысқа байланысты мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтарына құқықтық пәндерін қосуын талап ететді мысалы (ақадемиялық хат) және тағыда құққытық пәндерді еңгізу. Ең соңында сұрақ-жауаптар және пікір алмасу болды. Жалпы семинар жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі және ЖОО-на үлкен ыкпал тигізеді.
2022 жылдың 13 мамыр күні Халықтар достығы университеті Академик Ә. Қуатбековтың 80 жылдығына арналған «Білім және ғылым: IV өнеркәсіпік революцияның сын-қатерлері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияcы ұймдастырылып өткізілді.
Конференцияға Ресейден, шетелден, түрлі республикалар мен қалалардан қонақтар келіп қатысты: Конференция «Rixos Khadisha Shymkent» отелінде өтті. «Экономика» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы өз үлесін қосып белсенді ат салысты, үлкен көрме ұйымдастырып бұкіл жетістіктерін көрсетті, олда бір үлкен аброй университетімізге.
Алматы қаласынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Түймебаев Жансеит Қансеитұлы, біздің Академик Ә. Қуатбековтың Халықтар достығы университетінің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызына құттықтауын жолдады, ол құтықтауды қонағымыз доцент, э. ғ. д., Спанкулова Ляззат Сейтқазықызы жеткізді және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, э. ғ. д., «Туризм және рекреациялық география” кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының докторы Спанкулова Ляззат Сейтқазықызы кұрметті қонағымыз бола отырып «Перетоки и распространение новых знаний в контексте цифровизации экономики и общества» деген тақырыбында баяндамасын секцияда жариялап сөз сөйледі, тақырып қызықты және өзекті болды, конференция қатысушыларын қызықтырды.
Конференция өте керемет және жоғары деңгейде өтті.
Біздің қонағымыз өз пікірін айтты: осындай керемет конференцияға келгеніме өте қуанышты болдым, өкінбеймін және болашақта бізбен ынтымақтасатындығын айтты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен әрі қарай ынтымақтастыққа үміттенеміз.
Білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша оқу үдерісін қамтамасыз ететін кафедра оқытушылары оқытылатын пән бейініне сәйкес білімі, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар, жүйелі түрде ғылыми және оқу-әдістемелік қызметпен айналысады. Ғылыми-зерттеу жұмысы саласында кафедра дамуының стратегиялық бағыты макро – және микро деңгейде іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізуді жандандыру, студенттердің өзекті қаржы-экономикалық мәселелерді зерттеуге қатысуын кеңейту, ғылыми пікірталастар мен семинарлар өткізу, аймақ пен елдің ғылыми іс-шараларына қатысу, ғылыми мақалалар мен монографияларды дайындау және басып шығару болып табылады.
Кафедраның міндеті ғылым мен жоғары білім саласындағы соңғы жетістіктерді тиімді пайдалану арқылы жоғары кәсіби мамандарды даярлау арқылы жүзеге асырылады.
Кафедрада жоғары сапалы және білікті мамандарды шығаруға қажетті жағдайлар жасалған. Материалдық-техникалық база, оқу зертханалары, оқу-әдістемелік қоры жеткілікті деңгейде.
“Экономика” кафедрасы 10 жыл бұрын қазақ-өзбек университетінің Ақсукент филиалының педагогика факультеті базасында нарықтық экономика талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында ашылған болатын. Кафедрада 44 – профессорлық оқытушылар құрымы жұмыс атқарады оның ішінде: штаттан тыс 8 – оқытушы, және 9 – практикалық оқытушылар, 4 – экономика ғылымдарының докторлары мен профессорлар, оның ішінде 1 – ВАК профессоры, 3 – PhD, 15 – экономика ғылымдарының кандидаттары, 3 – доцент, 11 – магистр жұмыс істейді. Кафедрада бакалавриат мамандықтары: 6В04110-“Экономика”, 6В04130-“Есеп және аудит» 6В04140- “Қаржы”, 6В04150 – “Мемлекеттік және жергілікті басқару”, 6В04160- «Маркетинг» және магистратура бойынша 2 мамандық: 7М04110 – «Есеп және аудит», 7М04130 – «Экономика» бойынша магистранттар мамандықтары оқиды. Студенттер қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілген. Кафедра оқу-әдістемелік басылымдар мен арнайы әдебиеттер базасын үнемі жаңартып отырады. Студенттер мен магистранттардың өндірістік және диплом алдындағы іс-тәжірибе практикадан өтуі туралы 50 шақты келісімдерге келесі базалар мен кәсіпорындар: “Электроаппарат Зауыты” ЖШС, “Банк Фридом Финанс Қазақстан”, “Azala Cotton” ЖШС,” First Heartland Jusan Bank “АҚ,” Asia Trade Kazakstan “ЖШС,” Бизнес серіктес Консалт “ЖШС,” Expert otsenka ” ЖШС,”Кай-Кост”,” Ernur Press “ЖШС,” Азия Сервис “ЖШС, ҚР АММ” ауыл-шар-ы дақ сұрыптары ұлы полен-і мем “Түркістан обл. филиалдары” Шымкент қаласы бойынша мемлкетттік киристер департаменті, “Эко-Фарм” Тассай шағын ауданы” ЖШС, ЖШС «Оңтүстік Сараптама», ТОО «Корпорация АҚ Ордасы», «Банк Фридом Финанс Қазақстан», Azala Cotton ТОО, «First Heartland Jusan Bank» АО, ТОО «Asia Trade Kazakstan», ТОО «Бизнес Партнер Консалт», ТОО «Expert otsenka», ТОО «Кай-Кост», ТОО «Ernur Press», «Азия Сервис» ЖШС, Шымкент қаласы бойынша мемлкеттік кірістер департаменті, ЖШС «Marai E7 Group» мкр-н Тассай», АО Каспий банк, «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» ММ ОТ, Шымкент қ, ішкі саясат жастар істері жөніндегі басқ. Ақпараттық-коммуникациялық орталығы мекемесі, «Шымкент қаласының Альфраби ауданы әкімінің аппараты», «Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты» және басқа да ірі кәсіпорындар Шымкент және Түркістан облысы. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы білім беру бағдарламаларын нығайту және дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарылуда.
Сабенова Б.Н 2019 жылы Бейжің Ақпараттық технологиялар колледжінде 21.10.2019-01.11.2019 ж. аралығында тағылымдамадан өтті.
Бейжің Ақпараттық технологиялар колледжінде сертификат тапсыру:
2023 жылдың сәуір айында Сабенова Б.Н Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласының қаржы институтында тағылымдамадан өтті:
Экономика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектерімен мен жетістіктері келесі: Купешева Айгуль Куанышқызы – э. ғ. к., доценті 2018жылы “Елеулі еңбегі үшін”, Жакешова А. П. – э. ғ. к., доцент – “Қазақстанның құрметті профессоры”, Туртаев М. Р. “Білім беру саласының үздігі”, Купешева А.К к. – э. ғ. к. доцент, Сабенова Балтаим Намазбайқызы – э. ғ. к. аға оқытушы – “ҚР Еңбек сіңірген қызметкері”, 2022, Абдурахманова Зулпаруза Амирбековна – магистр, аға оқытушы – “ТМД – ның үздік педагогы-2022”, “ҚР педагогтерінің үздік қызметкері” “білім беру саласының үздігі” – 2022, Шырынбек Мадина Қанатқызы 3 курс студенті ҚР жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, қөщбасшылық қабілетін кқрсете білгені үші «ҚР жастар саясатына қосқан үлесі үшін» және «ТМД-ныңү здік студенті» атақтарын алып дипломдары мен куәліктер мен төсбелілерімен марапатталды.
«Экономика» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамды бақылау нысаны ретінде өзара сабақтарына қатысуы
Оқу сабақтарына профессорлық-оқытушылар құрамының өзара сабаққа қатысу формасы ретінде: мақсаттары, мазмұны, әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілері белгіленеді. Жоғары білім беру сапасын арттыру, бақылау және арттыру мәселелеріне арналған бақылаудың маңызды құралдарының бірі бұл оқытушылардың өзара сабақтарына қатысуы.
Негізгі мақсаттар мен мазмұны көрсетілген оқу сабақтарына қатысу үшін көптеген жоғары оқу орындарына тән проблемалар, оқу сабақтарына өзара қатысуды ұйымдастыру, өткізу және талдау, сабақта әзірлеген тәсілді және оқу-әдістемелік негіздерін пайдалану.
Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) қызметкерлерінің оқу сабақтарына өзара қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады. Өзара қатысу сабағына бақылау арқылы сипатталады, сабаққа қатысатын оқытушының қызметімен (дәріс, практикалық сабақтар, зертханалық сабақтар және т. б.). Сабақтарға өзара қатысу және оларды талдау заңды түрде қабылданды ПОҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру нысандарының бірі болып табылады.
ПОҚ-ның қызметкерлерінің оқу сабақтарына қатысуының негізгі мақсаттарының қатарында ең алдымен мыналарды белгілеу керек:
- қазіргі заманғы талаптарға сәйкес оқу процесінің сапасын бақылау және жоғары оқу орындарында даму тенденциялары;
- оқытушыларды оқу, оқу-әдістемелік, оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және басқаларын жетілдіруге ынталандыру;
- оқытушылар арасында кәсіби мақсатта тәжірибе алмасу өсу, олардың педагогикалық шеберлігін арттыру;
- білім беруді ұйымдастырудың прогрессивті формаларын көрсету және тарату процесс;
- оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін сынақтан өткізу және енгізу;
- оқытушылардың сапаны өзін-өзі бағалауға сындарлы көзқарасын дамыту оқытудың жаңа формаларына көшу жағдайында қажетті оқыту және оқу процесін ұйымдастыру (оның ішінде жобалық модельдерді енгізу).
Осыған орыай бекітілген кесте бойынша «Экономика» кафедрасының ПОҚ өзара сабаққа қатысу есебін ұсынып отырмыз: Мамутова К. – э.ғ.к., аға оқытушы, Сабенова Б.Н. – э.ғ.к., аға оқытушы, Маширова Т.Н. – э.ғ.к., аға оқытушы,, Кенжебекова И.П. – магистр, аға оқытушы, Баданбаев К.А. – магистр, аға оқытушы, Токтибаева М.Ж. – магистр, аға оқытушы, Пирманова Ж.Ж. – магистр, аға оқытушы.
2022-2023 оқу жылындағы «Экономика» кафедрасының ашық сабақ өткізу барысындағы есеп
Ашық дәріс және семинар сабақтарын талдау қорытындылары арнайы журналға енгізіліп, кафедраларда хаттамалары толтырылды. Ашық дәріс сабақтарын ұйымдастыруда ПОҚ-ы көбіне, ақпараттық, проблемалық дәріс түрлерін, ал семинар сабақтары бойынша пікірталас, семинар-зерттеу, семинар-дөңгелек үстел, тақырып бойынша жобаларды әзірлеу, презентация сияқты түрлерін қолданды. Бұл сабақтарды өту барысында оқытушылар әртүрлі инновациялық оқыту әдістерін қолданды. Сонымен қатар дамыта оқыту технологиялары, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, ойын технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, ынтымақтастық технологиясы, іріктеп оқыту технологиясы сияқты технологиялар кеңінен қолданылып, олар мультимедиялық қондырғылармен, техникалық оқыту құралдарымен сүйемелденді. Ашық сабақтарды негізінен, тәжірибелі оқытушы-профессорлар өткізді. Кафедраның жас оқытушылары интерактивті түрде өткізілген шеберлік топтарына, яғни ашық сабақтарға қатысып, жаңа әдіс-тәсілдерді, қолдануды үйренді. Бұл сабақтарды өту барысында оқытушылар әртүрлі инновациялық оқыту әдістерін қолданды.
Кафедрамыздың 2022 жылдың 10 қазан айында:
Магистр аға оқытушы Мамутова К.К. «Салық есебі» пәнінен, «Салық есебінің ережелері және тіркелген активтердің шегерімдері» тақырыбында ашық лекция сабағын өтті. Лекция алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдары қолдану негізінде жүзеге асырылды. Лекцияның әрбір сұрағын ашуда лектор көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы студенттердің қызығушылығын арттыра білді. Стратегиялық құжаттар, ішкі нормативтік құжаттар, сыртқы нормативтік құжаттар, ұйымдастыру құжаттары, өкім беруші және ақпараттық құжаттары, Өнім құжаттары, жазбалар (есеп беру құжаттары).
Кафедрамыздың 2022 жылдың 1 қараша айында:
э.ғ.к., профессор Туртаев М.Р. «Халықаралық экономика» пәнінен: «Валюталық бағам және оны реттеу жөніндегі түсінік беру және олардың ерекшеліктерін ажрата білуге үйрету» тақырыбында ашық лекция сабағын өтті. Лекция алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдары қолдану негізінде жүзеге асырылды. Лекцияның әрбір сұрағын ашуда лектор көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы студенттердің қызығушылығын арттыра білді. Халықаралық валюталық – қаржылық қатынастардың мәні, халықаралық валюталық жүйе, халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы сұрақтар қарастырылды.
Кафедрамыздың 2022 жылдың 30 қараша айында:
э.ғ.к., аға оытушы Бердибекова Г.С. «Салықтық реттеу» пәнінен, «ҚР салықтық және кедендік реттеудің құқықтық негіздері» тақырыбында топтарына ашық лекция сабағын өтті. Лекция алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдары қолдану негізінде жүзеге асырылды. Лекцияның әрбір сұрағын ашуда лектор көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы студенттердің қызығушылығын арттыра білді. Лекция сұрақтары студенттердің алдын-ала дайындаған баяндамаларын оқып, лектордың оған талдау жасауы және басқа студенттердің сауалдар қоюы арқылы жүзеге асырылды. Лекция барысында оқытушы «проблемалық жағдай», «миға шабуыл», «кейс-стади» әдістерін пайдаланып, студенттердің өздері дұрыс шешімге келуін шебер ынталандыра білді.
Кафедрамыздың 2022 жылдың 26 қараша айында:
э.ғ.к., доцент Жакешова А.П. «Экономикалық теорилық негіздері» пәнінен, «Ұлттық экономикалық жүйелер» тақырыбында ашық лекция сабағын өтті. Лекция сұрақтарын ашуда студенттер алдын-ала мол дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Лекция алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдары қолдану негізінде жүзеге асырылды. Лекцияның әрбір сұрағын ашуда лектор көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы студенттердің қызығушылығын арттыра білді. Олар әрбір сұрақ бойынша материалдар дайындап, оларды дәлелдік негіз ретінде пайдалана білді. Сонымен қатар талқылау барысында оқытушының бақылауымен сауатты пікірталас, сұрақтар қою, пікірілерін дәйектеу жүзеге асырылды. Лекция соңында оның қорытындысы тұжырымдалып, оқытушы сабаққа қысқаша талдау жасады; студенттердің жауаптарын бағалады.
«Экономика» кафедрасының 2022-2023 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік семинарды өткізу туралы есеп:
2022 жылдың 26 қырқүйегінде сағат 15-00 де “Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты” мен бірлесіп 6В04150 – «Мемлекеттік жергілікті басқару» білім беру бағдарламасына семинар өткіздік: «Білім берудегі менеджмент» пәні бойынша, тақырыбы «Заманауи білім берудегі көшбасшылық мәдениеті мен менеджменті» семинарға қатысқандар “Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты” бас маманы Мырзашев Г.С., “Экономика” кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Туртаев М.Р. – э.ғ.к., профессор, Сабенова Б.Н. -э. ғ. к. аға оқытушысы, кафедраның магистрлер, аға оқытушылар: Баданбаев К. А.. Абдурахманова З. А., Дильдабекова А. С. және 1,2,3,4 курс студенттері:
2022 жылдың 26 қырқүйегінде сағат 11-00 де “ЭКОФАРМ” ЖШС мен бірлесіп 6В04110 – «Экономика» білім беру бағдарламасына семинар өткіздік: «Қызмет көрсету менеджменті” пәні бойынша, тақырыбы «Қызмет көрсету менеджментін кәсіпорындарда ұйымдастыру процесі» семинарға қатысқандар “ЭКОФАРМ” ЖШС директоры Таласов М.Ж., “Экономика” кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Мусабеков К. – э.ғ.к., профессор, Туртаев М.Р. – э.ғ.к., профессор, Сабенова Б.Н. -э. ғ. к. аға оқытушысы, кафедраның магистр, аға оқытушы, Баданбаев К. А.. және 1,2,3,4 курс студенттері.
2022 жылдың 23 қырқүйегінде сағат 15-00 де”Ернур-пресс” ЖШС кәсіпорнын мен бірлесіп 6В04110 – «Экономика» білім беру бағдарламасына семинар өткіздік: «Экономикалық саясат» пәні бойынша, тақырыбы «Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары» семинарға қатысқандар “Ернур-Пресс” ЖШС қаржы директоры Бектурганов Е.А., “Экономика” кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Туртаев М.Р. – э.ғ.к., профессор Сабенова Б.Н. -э. ғ. к. аға оқытушысы, кафедраның магистрлері, аға оқытушылар: Кенжебекова И.П., Алсеитова Р.С., Есенбекова С.С.., Дильдабекова А. С., Кененбаева Ж.Т. және 1,2,3,4 курс студенттері:
2022 жылдың 23 қырқұйегінде сағат 11-00 де”Azala Cotton” ЖШС кәсіпорнын мен бірлесіп 6В04130 – Есеп және аудит, 6В04140 – қаржы білім беру бағдарламасына семинар өткіздік: «Әлеуметтік сфераның экономикасы» пәні бойынша, тақырыбы «Инновациялық экономика жағдайында кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігі» семинарға қатысқандар “Azala Cotton” ЖШС қаржы директоры Байтилеуов С.С., “Экономика” кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Бердибекова Г.С., Сабенова Б.Н. -э. ғ. к. аға оқытушысы, кафедраның магистрлері, аға оқытушылар: Кенжебекова И.П., Баданбаев К., Тулебаева С.М., А.. Абдурахманова З. А., Дильдабекова А. С. және 1,2,3,4 курс студенттері.
Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Осыған орай 2022 жылдың 2 желтоқсанында сағат 11-00 де “Экофарм” ЖШС кәсіпорнын мен бірлесіп 6В04130 – «Есеп және аудит», 6В04140 – «Қаржы», 6В04140 – 6В04120 – «Менеджмент», 6В04130 – «Есеп және аудит», 6В04150 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04160- «Маркетинг», 7М04110 – «Есеп және аудит» 7М04130 – «Экономика» білім беру бағдарламасының бакалавриат және магистратура мамандықтарына Сабенова Б.Н., – кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. аға оқытушысы, «Жоғарғы оқыту орындарындағы қашықтықтан оқыту жүйесінің ерекшіліктері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға қатысқандар кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Маширова Т.Н. -э. ғ. к. аға оқытушысы, кафедраның магистрлері, аға оқытушылар: Кенжебекова И.П., Баданбаев К., Тулебаева С.М., А.. Абдурахманова З. А., Дильдабекова А. С. және 1,2,3,4 курс студенттері.
Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы – ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты – әффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру.
Президентіміздің ықпал етуі тарапынан Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни, бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін жасау қажет
«Қазақстанның ЖОО-ғы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының бағалау және талдау» тақырыбында семинар
2022 жылдың 10 қазан күні сағат 15-00-де Болон процесі және академиялық ұтқырдлық орталығы мен Астана мемлекеттік қызмет хабының бірлесе ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту және даярлау», «Қазақстанның ЖОО-ғы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының бағалау және талдау» тақырыбында зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша онлайн форматта ZOOM платформасында семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинар қазақ және орыс тілінде өтті.
Семинарға Туркестан облысы, Шымкент қаласынан академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінен келесі ПОҚ қатысты:
– Сабенова Б.Н., э.ғ.к., аға оқытушы магистр,
– Абдурахманова З.А. – магистр, аға оқытушы
– Баданбаев К.А. – магистр, аға оқытушы
– Кененбаева Ж.Т. – магистр, аға оқытушы
«Қазақстанның ЖОО-ғы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының бағалау және талдау тақырыбындағы зерттеу жұмысының нәтижесін» талқылау бойынша семинарды Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитет торағасы Алихан Байменов мырза және Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Айдос Мұқатаев мырза алғыс сөзін алып семинарды аштты.
«Қазақстанның ЖОО-ғы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының бағалау және талдау» тақырыбындағы – жоғарғы білім және мемлекеттік басқару саласындағы сарапшы Шолпан Есімова ханым және «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәсілдері» тақырыбында – э.ғ.д., доцент және білім беруді басқару жөніндегі сарапшы Руслан Карабатанов мырза презентацияларын даярлап ұсынды.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Бірнеше сұрақтар қарастырылды – ол жоғарғы оқу орындарында Мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтары бойынша Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жаңарту, силлабус сапасынан оқыту сапасына дейін, білім беру бағдарламаларына зерттеу әдістері мен практикасы теориясын, білім беру бағдарламаларын әзірлеу жоғары білімнің жаһандық сын қатерлеріне жергілікті жауаптар білім беру бағдарламаларға оқытылатын пәндерді жаңарту, нарықтың сұранысқа байланысты мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтарына құқықтық пәндерін қосуын талап ететді мысалы (ақадемиялық хат) және тағыда құққытық пәндерді еңгізу. Ең соңында сұрақ-жауаптар және пікір алмасу болды. Жалпы семинар жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі және ЖОО-на үлкен ыкпал тигізеді.
«Ғылыми зерттеулерге жаңа қадам»
Ағымдағы 2023 жылдың 08 желтоқсан күні
Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор т.ғ.д. профессор Т. Раимбердиевтің басшылығымен, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен біліктілікті арттыру бөлімдерінің меңгерушілері және ақпараттық білім орталығының маманының қатысуымен «Экономика» кафедрасында «Ғылыми зерттеулерге жаңа қадам» атты тақырыбында кең ауқымды семинар өтті.
Семинарда жас ғалымдарды 2023-2025ж.ж. арналған жобаға «Экономиканың индустриалды-инновациялық даму жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекеттің тиімділігін арттыру», сонымен қатар оқытушы профессор құрамы мен магистранттардың Scopus базаға тіркелуі, мақалалар жариялауы және білім беру бағдарламаларын жаңартудағы ғылыми-инновациялық ұсыныстарын беру, біліктілікті шетелден тағылымдамадан өту арқалы арттыру туралы өзекті ақпараттар айтылды.
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы универитетіндегі тәрбие жұмысы биылғы жылы мемлекеттік жастар саясатының негізгі стратегиялық бағыттарын іске асыруды көздеді.
Есеп беру кезеңінде кафедраның тәрбие жұмысының мақсаты: қазіргі қоғамның қажеттіліктері мен үміттеріне жауап беретін белсенді азаматтық ұстанымы бар студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін тәрбиенің гуманистік, жоғары адамгершілік ортасын құру.
Міндеттері-жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, адамгершілік және рухани дамыту, жас таланттарды қолдау, студенттерді мәдени, ғылыми және білім беру процестеріне тарту, жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, студенттердің білім деңгейін арттыру.
Есеп беру кезеңінде ҚББЖ-дағы тәрбие жұмысы келесі негізгі қағидаттарға негізделді:
– тәрбие жұмысының ғылыми, жүйелілігі, үздіксіздігі және жүйелілігі
– студент жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, жастар мәселелерін шешу жолында демократизм
– оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, қоғамдық даму қажеттіліктерімен байланыс
– жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және жасына қарамастан барлық студент жастарды түгел қамтитын қамту
– тәрбие жұмысының жеке, топтық формаларын үйлестіру
-оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігіне ықпал ететін қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру.
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:
Кәсіби-шығармашылық тәрбие, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту, жаңа формациядағы мамандарды даярлау;
Рухани-адамгершілік және интернационалдық тәрбие;
Эстетикалық тәрбие;
Азаматтық-патриоттық, мәдениетті тәрбие;
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс;
құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу, өз құқықтары мен міндеттерін білу;
Жатақханаларда тұратын студенттермен жұмыс жүргізу;
Экономика кафедрасы келесі 6 мамандық білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді дайындайды:
6В04150 –«Мемлекеттік және жергілікті басқару»
магистратураның 2 мамандығы бойынша мамандарды дайындайды:
Түлектер келесі жұмыс орындарында жұмыс істей алады:
Қаржы мамандығы:
Университетті бітірген студенттерге жоғары білім алғаны жөніндегі мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
6В04140 «Қаржы» мамандығының бакалаврлары Салық орындарында, Қазынада, Қаржы бақылау ұжымдарында, Қаржы және қаржыны жоспарлау бөлімдерін басқару, Фирма, Банк және түрлі саладағы басқа да Жекеменшік шаруашылық субъектілерінде, Кәсіпорындарда жұмыс істей алады.
Кафедра студенттері мен оқытушылары семинарларда, конференцияларда, халықаралық ұйымдар өткізетін жазғы университеттерде, институттарда, қорларда, ғылыми-зерттеу және ғылыми–тәжірибелік жұмыстарды, кәсіпорындағы қаржы менеджментін қалыптастыруға, ҚР қаржы жүйесінің және ҚР банк жүйесінің өркендеуіне белсене ат салысады.
Экономика мамандығы
«Экономика» мамандығы кез-келген фирмаға, коммерциялық банктерге, мемлекеттік кәсіпорындарға, сақтандыру компаниясы мен туристік фирмаларға қажетті мамандық болып табылады. 6В04110–«Экономика» мамандығы бойынша бітіруші түлек экономиканы тиімді басқаруды, өндірісті ұйымдастыруды және олардың салалық ерекшеліктерін ескере отырып барлық ұйымдық-құқықтық формадағы кәсіпорындардың өндірісі мен әлеуметтік дамуын экономикалық тұрғыдан тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ететін маман иесі болады. Түлектердің (қызмет ету бағыты) кәсіби қызметінің нысандары: халық шаруашылығы салаларының түрлі ұйымдық–құқықтық нысандардағы кәсіпорындар, олардың құрылымдық өндірістік және функционалды бөлімшелері; кәсіпорындардың инфрақұрылым объектілері; жобалау ұйымдары, ғылыми-зерттеу мекемелері; білім беру мекемелері; мемлекеттік басқару және жергілікті өзін – өзі басқару органдары. 6В04110–«Экономика» мамандығы институционалдық және арнайы аккредитациядан өткен, бұл осы бағыттағы студенттердің әртүрлі гранттарға қатысуына мүмкіндік береді.
Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы
Мемлекеттік және жергілікті басқару – ұлттық шаруашылықты, оның салалары мен аймақтарын нақты жүйемен басқаруды іске асыруға бағытталған мамандық. Бұл мамандықты бітірушілер басқару және заңнама, саясаттану мен экономика, психология, әлеуметтану және басқа ғылымдар бойынша білім алады.
Бұл мамандық бойынша бітірушілер төмендегідей жұмыстар істей алады:
- басқару қызметтерінде;
- орталық және жергілікті ұйымдарды басқару бойынша экономистер;
- мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, өндірістік компаниялар, холдингтер, қызмет көрсету кәсіпорындары және басқалардың менеджерлері;
- қаржы/несие секторын басқару құрылымдарының экономист- менеджері;
- әлеуметтік саладағы экономист мамандар
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық шеңберінде 2022 жылғы 5 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін ПОҚ, 6В04110- “Экономика”, 6В04130- “Қаржы”, 6В04110- “Есеп және аудит”, 6В04110- “Маркетинг”, 6В04110- “Менеджмент” және 7М04110- “Экономика” білім беру бағдарламаларының магистранттары мен студенттері үшін, 7М04110 – “Есеп және аудит” дәрістер оқыды.
Наманган инженерлік-технологиялық институтының профессор-оқытушылар құрамына келудің мақсаты академиялық ұтқырлық шеңберіндегі ғылыми-педагогикалық тағылымдама, әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары білім сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Академиялық ұтқырлық шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында білім алушылар мен оқытушылардың оқуы мен ғылыми қызметіне мүмкіндік береді, бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар-бұл ғылыми – білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алу, кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту, пайдалы тілдік практика алу, халықаралық мәдениетаралық топта оқыту және қарым-қатынас тәжірибесін алу.
Дәрістерді Наманган инженерлік-технологиялық институтының “Экономика”, “бухгалтерлік есеп және Қаржы” “Маркетинг және Менеджмент”, “Мемлекеттік және жергілікті басқару” кафедрасының ПОҚ өкілдері оқыды – Шерматов Абдулахад Абдухолисович – э.ғ.к., доцент, Махкамов Ибрайим – э.ғ.к., доцент, Убаева Султонпатша Сайдикарим кизи – ж.ғ.к., доцент, Ганиев Мұхаматжон Халилұлы-э.ғ.к., доцент, Адилова Гузал Абдазова-ф.ғ.д., э.ғ.д., доцент, Рахимов Бахромжон Иброхимович – э.ғ.к., доцент, Бустонов Мансуржон Мардонакулович-э.ғ.д., доцент, Мұхитдинов Шухрат Зиявитдинович – ф.д., э.ғ.д., доцент, Ибрагимов Исроил Усманұлы – меңгеруші.кафедралар, э.ғ.д., доцент, Убайдуллаев Лутфулла Хабибуллаұлы – э.ғ.к., доцент, Қазхаков Олим Сабирович – э. ғ. к., профессор, Салиева Гүлбахор Ахмаджанқызы-ф.д., э.ғ.д., доцент, Махмудов Тахиржон Олимжонович-ф.д., э.ғ.д., аға оқытушы Собиров Отабек Олимжонович.
Университет өкілдері ғылыми зерттеу әдіснамасы және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру технологиясы бойынша семинар-тренингтер, қазіргі заманғы білім берудің өзекті мәселелері, “Студенттерді сабақта оқытуда инновациялық әдістерді қолдану және қолдану”, “Аралас Сабақтың инновациялық әдістері мен әдістері”, экономиканың инновациялық дамуы: “Университеттік білім берудегі инновациялық экономика және инновациялық технологиялар” ұғымы, мәселелері мен шешу жолдары тақырыпта дәріс оқыды: “Халықаралық ынтымақтастыққа интеграциялаудың тағы бір қадамы”, “Жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың ауқымы кеңеюде” және т. б.