«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СОТ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» атты халықаралық деңгейде дөнгелек үстел ұйымдастырылды

28 наурыз 2022 жылы академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Экономика және құқық» кафедрасының Академик Ә. Қуатбековтың 80 жылдығына орай «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СОТ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» атты халықаралық деңгейде дөнгелек үстел ұйымдастырылды. Модератор заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі  Нурымбетов Адилхан Абилкасымович жүргізді. Алғы сөзді  Түркия Республикасынан заң ғылымдарының докторы, Халықаралық Кипр университетінің профессоры Өмер Өзкан ашып берді. Баяндамашылар Алматы қаласынан «Ел бірлігі» одағының  президенті, заңгер Ризабекова Шолпан Бостанқызы, Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әмзеев Алмас Балтабайұлы, Алматы қаласынан Алматы қалалық заңгер палатасының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университетінің профессоры,  Беков Қайрат Әділханұлы, Алматы қаласы Алматы қалалық заңгер  палатасының мүшесі,  заң ғылымдарының магистрі, Кенжемолдаев Аркен Жакыпұлы, Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Темиралиев Самидин Уразбаевич, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық прокуратурасының бөлім бастығы, әділет кеңесшісі Халықов Даурен Асқарұлы, Шымкент қаласы Полиция департаментінің  Анықтау басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Куралбаев Исфандияр Толегенович, Шымкент қалалық Полиция Департаменті кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сейсебаев Бахыт Шәріпұлы,  Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы Оқу орталығының арнайы пәндер циклының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Тұрдалы Жақсылықұлы Қаратаев болды.

Аталған іс-шараға университет басшыларынан 1-проректор Қ.С.Байболов, проректор кеңесшісі М.Т. Арынбеков және кафедраның профессор – оқытушылар құрамы мен университет іс-тәжірибе бөлім бастығы А.Шалкеева қатысып өз пікірімен бөлісті.«Құқықтану» білім беру бағдарламасының білімалушылары белсене қатысып, өз ойларын ашық түрде талқылады.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың жолдауындағы  «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі  күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы» туралы өзекті мәселелерді  жан-жақты талқыл ай отырып, кең ауқымда ұсыныс –пікірлер қозғалды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top