М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғасырлар перзенті» атты дөңгелек үстел өтті
Қоғам және мәдениет «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ашық сабақ өткізген «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының магистр оқытушысы Сейсенбай Наргиза. Ашық сабақтың мақсаты: бәсекелестік қабілет, білімнің салтанат құруы, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығын сақтай отырып, студенттерге жан-жақты дамуына мәдениетті қалыптастыруға үйретеді.
Кемелбеков Қынатбек Бердалыұлы 1967 жылы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян селосында туылған.
1974-1984 жылдар аралығында Шаян селосындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті оқып тамандаған.
1985-1992 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының тарих факультетін «тарих және педагогика» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1986-1988 ж.ж. Кеңестік әскер қатарында борышын өтеді.
1992-1993 ж.ж. Шымкент қаласындағы №25 Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.
1993 жылы ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медициналық Академиясы философия және саясаттану кафедрасына ассистент ретінде жұмысқа қабылданды.
1996 жылы осы аталмыш кафедраның аға оқытушылық қызметіне өтті.
1996 -2000 жылы Алматы қаласындағы Қайнар университетінің «Заң» факультетін оқып, үздік дипломмен бітіріп шықты.
2002 жылы 30-желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық Университетіндегі К-14А.02.19. диссертациялық кеңестің мәжілісінде философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясын қорғады.
2003 жылы 20 маусымдағы ҚР Білім және Ғылым министрлігі Жоғарғы аттестациялық комитетінің шешімімен философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2005-2006 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Философия» кафедрасында доцент қызметін атқарды.
2000 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан Әкімшілігі жанында құрылған лекторлар тобының мүшесі.
Бірнеше рет (1999, 2003, 2004, 2006ж.ж.) Президенттік, Парламенттік, Мәслихат сайлау кезеңдерінде №110 сайлау учаскесінде төрағалық қызмет атқарды.
2007 жылдың қыркүйек айынан бастап Халықаралық гуманитарлы-техникалық университеті педагогикалық факультетінің деканы.
2008 жылы қыркүйек айынан 2009 жылдың наурыз айына дейін осы аталмыш оқу орнының тәрбие ісі жөніндегі проректоры.
2009 жылының наурыз айынан Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры.
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясында «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2011 жылы 31-ші наурыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.
2012 жылы 16 қарашада Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды.
2015 жылдың 30-шы маусымынан бастап әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі.
2016 жылы 16-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медальмен марапатталды.
2018 жылы 1 маусымнан «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессор міндетін атқарушы болып жұмыс жасады.
2022 жылы 21 сәуірден Шымкент Университетінің «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының доцент қызметін атқарды.
2022жылы 1 қыркүйек айынан бастап Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Философия пәні бойынша 1 оқу құралы, 1 дінтану пәнінен оқу құралы, 1 философия, 1 саясаттану пәнінен оқу құралы, 1- монография, 90-нан астам ғылыми мақалалардың авторы.
Жанұялы, екі ұл және екі қыз тәрбиелеп өсіруде.
“Тарих және география” кафедрасы 2001 жылы «Гуманитарлық – педагогикалық» факультет аясында ашылды. 2016 жылы кафедра атауы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедраны құрудағы негізгі мақсат – кафедра мамандықтары бойынша оқу үрдісінде оқытылатын пәндермен, оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету және қазіргі заманда сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды дайындау. 2000-2017 жылдар аралығына кафедра оқу-әдістемелік құралдарымен, жоғарғы санатты және материалдық-техникалық қорымен жеткілікті түрде қамсыздандырылды. Кафедра заманауи компьютерлік техникамен қамтылған. 2001 жылдан бастап 2017 жылдар аралығында кафедраның ғылыми дәрежесінің деңгейі 50% өсті. 2014-2015 оқу жылында 22 профессор оқытушылар құрамының 51 пайызын атағы бар ғылым докторлары мен кандидаттары қызмет атқарған. 2015 – 2016 оқу жылында кафедрада 18 профессор оқытушылар құрамының 56 пайызы ғылыми атағы бар ғылым докторлары мен кандидаттары қызмет атқарып келген. 2017 – 2018 оқу жылдарында кафедрада 60 пайыздан астам ғылыми атағы бар 2 ғылым докторы мен 9 ғылым кандиттары қызмет атқарып келеді. “Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер” кафедрасы 2018 жылдын ақпан айында «НААР» тәуелсіз аккредиттеу және рейтингтеу агенттігі бақылауымен аккредиттеуден жоғары деңгеймен өтті. Осы агенттіктін 2018 жылғы қортындылау рейтингінде кафедраға қарасты «Тарих» мамандығы алдыңғы қатарына кірді. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының миссиясы – Тарих және География мамандығынан заманауи жоғары білікті мамандардың сапалы даярлауын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, тарих, география саласында сапалы мамандарды дайындауда кафедраның профессор – оқытушыларының ықпалы зор. Білімге негізделген әлемдік қауымдастықта адам әлеуетін дамыту мақсатында жаңа іргелі және қолданбалы білімді пайдалану және тарату, қабілеттілігін арттыру, оқытушылардың, қызметкерлердің, студенттердің өзін-өзі шығармашылық дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, олардың өндірісте белсенді қатысуы кафедраның моделін жасауы үшін миссияның ажырамас бөлігіне айналады.
2017 жылы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының 6B02220 – Тарих мамандығы институционалды аккредиттеуден және 2018 жылы мамандырылған аккредиттеуден Тарих мамандығы 5 жылға аккредиттелді.
Кафедра доценті, т.ғ.к. Нартбаев Ш.Ж. «Ы Алтынсарин медалімен», «Тәуелсіздіктін 20 жылдығы», Кафедраның т.ғ.к., Жақаш Д.Б. Қазақстан Республикасының білім үздігі атты төс белгімен марапатталған. «Кафедра дайындайтын «Тарих» мамандығының студенттері Маханов Н.И., Өмірбек Ә., Бегман Ж.Е. Тұрғанбек С.М., Тағайбек Б.М., көптеген конференция және көрмелер мен конкурстарға қатысып сертификат және ІІ,ІІІ дәрежелері диплом иегері аталды.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің қарқынды даму жағдайына бейімделіп, тәрбие арқылы көшбасшылық және қалыптасқан ортада жұмыс істеу қабілеті бар жан-жақты дамыған тұлғаны даярлау
Қазіргі мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында ҚР тарихы пәнін оқытудың әдіснамалық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; Қазіргі ҚР және таяу шет елдердің тарихын, қазіргі заманғы тарихи-саяси жағдайды посткеңестік кеңістіктегі проблемаларды зерттеу және оқыту әдістемесі бойынша жүйелі ғылыми зерттеулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
- Тарих, археология және этнология шеңберінде іргелі ғылыми білімге ие, инновациялық ойлау мен белсенді өмірлік ұстанымы бар жоғары білікті педагог кадрларды және ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асыру;
- Оқу жоспарларында бекітілген кафедра пәндері бойынша күндізгі және дистанциялық оқу нысандарында оқу процесін іске асыру;
- Ғылыми-зерттеу қызметі мен білім беру процесін белсенді енгізуге жәрдемдесу;
- Саясатты іске асыру, университет басшылығының сапа саласындағы;
- Оқытудың инновациялық әдістері мен Болон процесінің параметрлерін жүзеге асыру мақсатында кафедрада оқытылатын пәндер бойынша «Тарих» мамандығы студенттерінің үлгерім сапасын 90%-ға арттыру
- Қаржыландырылатын инновациялық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуы
- Университет студенттері арасында көшбасшылық дағдысының деңгейін арттыру және патриоттық тәрбие беру бойынша іс-шараларды жүргізу
- 6B02220 «Тарих» мамандығы бойынша орыс тілі бөліміне талапкерлерді қабылдауды арттыру
- Тарихшы-студенттердің ағылшын тілін меңгеру дәрежесін жақсарту
- Студенттердің шетелдік журналдарда және халықаралық, республикалық конференцияларда оқытушылармен авторлық бірлестікте мақала жариялауды 85% -ға жеткізу
- Кафедра оқытушыларының импакт-факторы бар шетелдік басылымдарға мақала жариялауын арттыру
- Халықаралық аккредитациядан өту барысында сәйкессіздіктерді болдырмау
Кафедра оқытушыларының тізімі: | |||
6В01610, 7М01610 – «Тарих» мамандығы бойынша | |||
1 | Нартбаев Ш.Ж. | доцент | т.ғ.к. |
2 | Мухатова О.Х. | профессор | т.ғ.д. |
3 | Айкозов И.С. | аға оқытушы | т.ғ.д. |
4 | Жанысбеков А. | профессор | т.ғ.к. |
5 | Жақаш Д.Б. | аға оқытушы | т.ғ.к. |
6 | Жолдасов Б.С. | аға оқытушы | т.ғ.к. |
7 | Жунисбекова Ж.М. | аға оқытушы | т.ғ.к. |
8 | Абилова А. К. | аға оқытушы | магистр |
9 | Қуатбекова Р. А. | аға оқытушы | магистр |
10 | Нарымбет Г. | аға оқытушы | магистр |
11 | Садыкова А.М. | аға оқытушы | магистр |
12 | Сауран Э. | аға оқытушы | магистр |
13 | Байдалиева Э. | аға оқытушы | магистр |
14 | Қабыл А. | аға оқытушы | магистр |
Штаттан тыс профессор-оқытушылар құрамы | |||
1 | Сайлан Б.С. | профессор | т.ғ.д. |
2 | Курманбаев У.Т. | аға оқытушы | т.ғ.к. |
6В01560 – «География» мамандығы бойынша | |||
1 | Мамадияров М.Д. | доцент | г.ғ.к. |
2 | Қарабаева К. | доцент | а.ш.ғ.к. |
3 | Харжауов Ш. | аға оқытушы | магистр |
4 | Сартаева Г. | аға оқытушы | магистр |
Штаттан тыс профессор-оқытушылар құрамы | |||
1 | Уткелбаева Г. | аға оқытушы | магистр |
Оқу-қосалқы құрамы | |||
1 | Әнуарбек М.Қ. | лаборант |
«Туған елге саяхат» жобасы
Рухани жаңғыру болашаққа бағдар: аясында Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы және Тәрбие бөлімі мен ұйымдастырған университет студенттері және университет ұжымымен «Туған елге саяхат» жобасы ұйымдастырылды. Сапар барысында Ш.Ж. Нартбаев студенттер мен университет ұжымдарына рухани тәрбиелілігін аша отырып, қызығушылықтарын сыртқы әлемге арттыру, елдің тарихы мен сәулет ескерткіштеріне зерттеп патротизмге тәрбиелеу мақсатында жан – жақты түсіндіріп алып жүрді.
«Туған елге саяхат» жоба барысында Ордабасы тауындағы «Бірлік» монументіне, Отырар музейіне, Отырартөбе қалашығына және де Арыстанбаб кесенесіне кіріп құран бағыштады. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» қорық музейін аралады. Содан соң олар Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап «тарихи жәдігерлер мен бұрынғы өткен хандар мен билер жайлы» мол мағлұматтарға қанық болды. Жоба барысының негізгі мақсаты студенттерді рухани тарихын кеңінен біліп үйренуге, студенттердің рухани байлығын қайта оятып Қазақ елі туралы жан – жақты мағлұматтар беріп студенттердің отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алдағы уақыттарда Қазақстанның және Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқада тарихи жерлерге бару көзделіп отыр.
«Өз жеріңді танып біл»
Ағымдағы жылдың 13 қазаны күні Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында студенттер мен магистранттарға еліміздің тарихи орындарын насихаттап, жастар арасындағы патриоттық тәрбиенің ролін күшейту мақсатын Тараз қаласындағы М.Хайдар Дулати атындағы мұаражайынан бастап, Қазақ хандығы 550 жылдығы монументіне, Қарахан, Айша бибі кесенелеріне саяхат жасап келді.
Іс-тәжірибеден студенттерді өткізу үшін ҚР археологиялық ғылыми зерттеу институты, ОҚО тарихи-өлкетану мұражайы, Шымкент қ. № 38 ЖОМ, № 6 Ж.Баласағұн ат ЖОМ, Сайрам Өгем ұлттық саябағымен, №37 Фуркат атындағы ЖОМ, №19 Ө. Жәнібеков атындағы ЖОМ және т.б. мекемелермен келісім-шарттары түзілген.
Кафедра мамандықтары студенттері жыл сайынғы график бойынша кезекті мектептерге іс – тәжірибеге өз тәжірибелерін алмасуға жіберіледі.
Шымкент қалалық мемлекеттік архиві 2017 жылы 27 желтоқсанында атап өткен 25 – жылдық мерейтойында жоғару оқу орындарының студенттерінің арасында өткен «Архив – тарих қазынасы» байқау конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
Студенттер арасындағы байқауда екі студентіміз алғыс хатпен марапатталды.
- Ақбала Әбдіжәлел
- Бегман Жақсылық
Жетекшісі: ХДУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының магистр оқытушысы Бекбаев Олжас Ескендірұлы.
Жетекші және қатысушы студенттерді Шымкент қалалық архивінің басшысы А.Амангельдиева Алғыс хаттармен марапаттады.
«Рухани жаңғыру: қазіргі тарих ғылымы және Қазақ хандығы тарихи сабақтастығы»
19.01.2018 жылы университетіміздің 309-шы аудиториясында оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: қазіргі тарих ғылымы және Қазақ хандығы тарихи сабақтастығы» тақырыбында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті т.ғ.к., Ш.Ж.Нартбаевтің университет қызметкерлеріне ашық лекция оқыды.
Жиынды қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ. Ұлы Дала төсінде бабаларымыз құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. Әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын. Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын деп қорытындылады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжаты екендігін насихаттау бағытында семинар ұйымдастырылды.
«Болашаққа қадам» тақырыбында көрсетілген бейнероликті талқылап, еліміздегі рухани жаңғыру жолында атқарылған істер мен қол жеткен жетістіктер туралы жастар өз ойларымен бөлісті.
Заман талабына сай механизмдерді жолға қойып, болашаққа қадам басу туралы пікір алмасты.
Семинарға университеттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар қатысты.