Тілдер мерекесі

Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасында қазақ тілін жандандырып, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырып, дамыту мақсатында, Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінде 22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған  «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі»  атты мерекелік   іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынымызға құрметті оқытушы – профессорлар және студент жастар қатысты.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

Тілдер мерекессіне арналған салтанатты жиынымызды университетіміздің бірінші проректоры Байболов Қ.С. ашып берді. Жиынымызға «Сырлы қалам» әдеби жастар ұйымының жас ақындарын шақырылды. Университетіміздің студент жастары өлең шумақтарын оқыды, әндер айтты және «Жібек» би тобы билерін биледі. Сондай-ақ Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатының маңыздылығына баса назар аударылды. Жалпы қай ұлт болмасын, оның ең асыл қазынасы – тіл. Тілдің құдіреті мен қоғамда атқаратын функцияларына шолу жасалды.

22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Мерекелік салтанатты жиынымыз қызықты, тартымды өтті.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top